Майсана майы ( касторовое масло) – үпілмәлік (клещевина) тұқымынан алынған препарат. Әсер ету механизмі: майсана майы ұлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітіркендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтетін, судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. Әсері – сағ. басталады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады.
Жанама әсері: жатыр бұлшық етінің рефлекторлы жиырылуында (жиі қолдануға болмайды, өйткені астың қорытылуын бұзады. Жүктілікте, майда еритін заттармен (бензол, фосфат және т.б.) улануда қолдануға болмайды, себебі майсана майы майлардың сіңірілуін жақсартады.
Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер.
Әсер ету механизмі: тоқ ішеке электролиттер мен сулардың сіңірілуін төмендетіп, ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ. соң байқалады. Көбінесе таңертең немесе түнге тағайындайды. Созылмалы іш қатуда қолданылады. Жанама әсері: үйреншікті тудырады, сондықтан препаратты кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда – гипокалиемия, антраценгликозидтер шырышты қабықшаның, тіпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
Өсімдік текті препараттар:
раушан тамырының препараттары, итшомыр, іш жүргізетін іш дәрі қара жемісінің препараты, “Сенадексин”, “Сенада”, “Глаксена”, антрасеннин, т.б. Синтетикалық препараттар: