2.синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон).
3.өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гүлі (қайнатпа, құрғақ сығындысы,фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол (түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума тамырының бояғыш заттары және т.б. бар), Холагогум капс. (құрамы: куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т.б.).
Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның дамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холециститте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары, циквалон – қабынуға қарсы; никодин – микробқа қарсы әсер көрсетеді. Холесекретиктерді жіті қабыну мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.
Өт бөлінуін жеңілдететін дәрілер (холекинетиктер) – өттің ағуын жеңілдетеді.
- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарылататын, одди сфинктерін босаңсытатын: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады. Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында, өт түтігінің дискинезияларында, созылмалы холециститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел
қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.
- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық еттерін босаңсытатын препараттар: М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), өсімдіктерден алынған препараттар (холагол, олиметин) қолданылады. Бұл препараттар өт-тас ауруларында, ауырсыну түйілуін басу үшін белгіленеді.
Холелитолитикалық дәрілер – өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенодиол, хенофальк), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) - 0,25 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 2 жылға дейін қабылдау қажет.
Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер. Тұзды іш жүргізетін дәрілер (ішектің осмостық қысымын жоғарлатады.): магний сульфаты, натрий сульфаты, табиғи карловар тұзы.
Әсер ету механизмі: бұл препараттар асқазан-ішек жолдарында нашр сіңіріліп, ішектің осмостық қысымын жоғарылататып, судың сіңірілуін төмендетеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн, әсері 2-4сағ. соң байқалады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады.
Жанам әсері: магний иондары резорбивті әсер көрсетуі мүкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ-нің және жүрек жұмысының тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілерді әрдайым қолдануға болмайды, себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |