Фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер (толықтырғыштыр), (ішек рецепторларын механикалық тітіркендіреді).
Бұл заттар сіңірілмейді, суды сіңіріп, ісініп, механикалық әлсіздендіретін әсер көрсетеді: ламинария, ламинарид, агар (гемицеллюлоза), кебектер, жолжелкен (подорожник) препараттары: натур – кер, натурилакс, мукофальк.
Нәжісті жұмсартатын дәрілер. Оларға: вазелин майы, бадам майы, глицерин (суппозиторий) жатады.
Прокинетиктер – гипотонияда және ішек атониясында қолданылатын, ішектің тонусын және толқи жиырылу қызметін қалпына келтіретін дәрілер: М-холиномиметиктер (ацеклидин), антихолинэстеразды дәрілер (прозерин), метоклопрамид (церукал) және оныі 2-буының аналогтары: мотилиум (домперидон) және цизаприд.
Гепатопротекторлық дәрілер
Бұл топтың дәрілері зақымдаушы ықпалдарға бауырдың төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келуіне ықпал етеді, оның уытсыздандырғыш мүмкіндігін күшейтеді.
Гепатопротекторлық әсер гепатоциттердегі метаболиттік үрдістердің қалпына келуімен, микросомалды ферменттердің белсенділігінің жоғарлауымен, жасуша мембранасы қызметінің қалпына келуімен көрінеді. Гепатопротекторларды жедел және созылмалы гепатитте, бауырдың нәрсізденуі мен берішінде, бауырдың уытты зақымдануында, соның ішінде маскүнемдікке байланысты қолданады.
Легалон шұбарала тікен өсімдігінің жемісінен алынады. Бұл өсімдіктің құрамына гепатопротекторлық әсері бар бірқатар флавоноидтар-силибинин, силидианин және силикристин кіреді. Силибининнің белсенділігі аса жоғары. Тәжірибеде гепатоуытты әсері бар бірқатар дәрілермен бауыр уланғанда силибининнің бауырды қорғайтыны көрсетілген.
Легалон флавоноидтар қоспасынан және сол көрсетілген өсімдіктер жемісінің сығындысынан тұратын қосынды дәрі болып табылады. Драже, капсула және ішке қабылдауға арналған эмульсия түрінде шығарылады. Биосіңімділігі 20-50% құрайды. Дәрі асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі.
Липой қышқылының да гепатопротекторлық белсенділігі бар. Ол бауырдың уытсыздандырғыш қызметін күшейтеді, антиоксиданттық әсер көрсетеді, липидтер және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады. Бауыр ауруларында (Боткин ауруы, созылмалы гепатит, бауыр беріші) уыттануларда, тәждік атеросклерозды кешенді емдеуге, диабеттік полиневропатияда қолданады.
Жанама әсерінен диспепсиялық бұзылыстар, теріде бөртпелер байқалуы мүмкі.
Кешенді дәрі эссенциалдық гепатопротекторлық әсері анықталған. Оның құрамына жасуша мембранасын қалыптастыратын фосфолипидтер, көп қанықпаған май қышқылдары және бірқатар витаминдер кіреді. Дәріні ішке және көк тамырға енгізеді.
Диареяға қарсы дәрілер (іш өтуге қарсы) : лоперамид (имодиум) – ішектің апиынды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарлатады, сұйықтықтардың сіңірілуін күшейтеді. Жұқпалы диареяда міндетті түрде химиотерапевтикалық дәрілермен қиыстырып белгіленеді. Ішектің қабыну ауруларында бырыстырғыш дәрілер (емен қабығының қайнатпасы (кора дуба), мойыл жемісі (черемуха) және т.б.) тағайындалады. Сіңіргіш дәрілерде (белсендірілген көмір, смекта, аттапульгит-реабан) диареяға қарсы әсер көрсетеді. Ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін микроб қоспалары (Бифидум бактерин, Колибактерин, Лактобактерин, Бификол, Бактисубтил, Линекс, хилак-форте) тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |