Ер-тоқым. Ер атқа ерттелетін ердің соқа басына қаратылған. Оның астына кепілдік ретінде қажетті іштік, ішпек, тоқым өз алдына бөлек-бөлек дайындалады. Іштік көбінде жұмсақ иленген қарақұйрықтың лағының терісінен немесе қойдың көктемгі жабағы жүнінен дайындалады. Ал ішпектер жұмсақ киізден дайындалады. Оның екі жақ шетін балбарқыт немесе ши барқытпен көмкеріп өңдеп, әсемдейді. Ер-тоқымды жасау – тек халык ішінен шыққан шеберлердің қолынан келетін іс. Іскерлік өнерге қарай шеберлердің біреулері – ердің соқа басын жасайтын болса, екіншілері –ағаштан ер қосып, былғарыдан, киізден тоқым тігіп, қолдан үзеңгі құйып, темірге күміс, алтын жалатып және сүйекпен нақыштап, асыл тастан көздер орнатып, ер-тоқымды түгелдей жасаған. Ер-тоқым жасау мен оны күнделікті өмірде пайдалану қазақ халқының әлеуметтік, қарым-қатынас жағдайымен тығыз байланысты.
Жылқыға арналған мәдени шығармалар:
“Кербескер”
“Қара жорға”
“Бестай”
“Бозжорға”
“Тепеңкөк”
“Құлагер”
“Маңмаңгері”
“Құлагердің желісі”
“Телқоңыр”
“Бурылтай”
“Керкекіл”
Зерттеулер
Белгілі этнограф Ахмет Тоқтабай бүгінде дүниежүзінде 65 миллион жылқы және 300-ден астам жылқы тұқымы барын айтады. Осылардың ішінде 17 тұқым қазақ жерінде өсіріледі.
Қазақстанда 2 миллион 500 мыңнан астам жылқы бар. Соның 65%-і өнімді бағытта, қалғаны ұлттық спорт секілді салаларда қолданылады.
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |