Атау септігі.Атау септігі мне тәуелдік жалғау
Соңғы зерттеулердің нәтижесінде түркі тілдерінде атау септігінің ежелгі грамматикалық формалары бар екендігі анықталып отыр. Олар кейінгі дәуірлерде әртүрлі себептермен жойылып кеткен. Алайда олардың сарқыншақтары қазірге дейін бар. Солардың бірі – тәуелдік жалғаулары. Автор атау септігінің ежелгі грамматикалық формаларының тәуелдік жалғауларына қалай айналғанын ғылыми жолмен талдап, түсіндіреді.
Әуелде (негіз тілде) тәуелдік жалғауының ІІІ жағының формасы –ы (-і) болған ба, әлде –ын(-ін) болған ба? Қазіргі қазақ тілінде тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жекеше түрінің формасы – -ы(-і). Бірақ мұның -сы(-сі) варианты бар. Дауыссызға аяқталған түбірге -ы(-і) түрінде, дауыстыға аяқталған түбірге -сы(-сі) түрінде жалғанады. Бұл форма азын-аулақ фонетикалық ауытқуларды есептемегенде, бүкіл түркі тілдерінің бәріне ортақ:
және ІІІ жағы да -ын(-ін) болған. Басқаша айтқанда, тәуелдік жалғауында ешқандай жақтық көрсеткіш болмаған. Жақтық көрсеткіштерді ол мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен жиі тіркеуінің нәтижесінде бірте-бірте жамап алған. Тәуелдік жалғауының соңғы дыбысы н үшінші жақта үнемдеу заңының әсерінен түсіріліп айтылып, -ы(-і) түрінде қалыптасқан. Енді осы айтылғандарды нақты тілдік фактілермен дәлелдеп көрелік.
–ы –у
–сы
–су –зы
–зу – ы – о
Негіз тілде тәуелдік жалғауының үшінші
–і //
–және
–сі ,
–с //–зи,
–з // – і , –
жағының көне формасы –ы(-і) емес, -ын(-ін)Көне түркі жазбаларында да негізінен осы формалар қолданылған.
Ежелгі дәуірде тәуелдік жалғауының І, ІІ болғандығының бірінші дәлелі. Табыс септігінің жалғаулары – -ны, -ні, -ты, -ті, -ды, -ді. Бірақ тәуелдік жалғаулы сөз ІІІ жақ бойынша септелгенде бұлардан өзгеше -н форманты пайда болады. Мысалы:
А. кітаб+ы
І. кітаб+ы+ның Б. кітаб+ы+на Т. кітаб+ы+н Ж. кітаб+ы+нда Ш. кітаб+ы+нан К. кітаб+ы+мен
Бір қарағанда тәуелдік жалғауының ІІІ жағы мен табыс септігінің ешқандай қатысы жоқ сияқты көрінеді. Шындығында, бір-біріне жуықтаспайтын осы екі грамматикалық категорияның фонетикалық таянышы бір. Бұған төменіректе талданған фактілерді ой таразысына салса, әркімнің-ақ көзі жетеді.
Екіншіден, тәуелдік жалғаулы сөздің үшінші жағының үстіне септік жалғаулары қосылғанда кенеттен н элементі түзіледі: «...во всех косвенных падежах этот аффикс фактический выступает с «дополнительным» -н, т.е. в виде – ын и т.д., -сын и т.д.» [1, 32]. Мысалы, қазақ тілінде жатыс септігі кітаб+ын+да, Ахмед Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» (ХІІғ.) ескерткішінде барыс септігі ич+ин+га (ішіне), шығыс септігі тил+ин+дин (тілінен). Ілгері заманда біртұтас -ын, -сын екіге жарылып, дауысты -ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағының қызметін атқарса, екінші бөлегі дауыссыз н септік жалғауларына жылысқан. Жатыс септігінде жай ғана жылыса салса, кітабы+нда, барыс, шығыс септіктерінде г, д дауыссыздарын ығыстырып барып жылысқан: іші+не, тілі+нен.
Бұл құбылыс В.В.Радловтан бастап түркологтардың бірнеше буынының назарын аударып келеді. Сонор н кездейсоқ пайда болған қыстырма дыбыс па, әлде тәуелдік жалғауы үшінші жағының бір кездегі толық формасын түзетін элемент пе? Пікір таласы қазірге дейін, негізінен, осы сұрақтардың төңірегінде болып келді.
Ғалымдардың бір тобы тәуелдік жалғауының үшінші жағы әуелде -ын, -сын болған, кейінірек н дыбысы элизияға ұшырап, түсіп қалған деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, септік жалғаулары жалғанғанда н қалпына келеді, немесе септік жалғаулары соңғы дыбыстың түсірілмей айтылуына жағдай жасайды (Рамстедт, 1957, 69; Дмитриев, 1948, 65; Насилов, 1960, 25-26; Кондратьев, 1970, 12;
Негіз тілде тәуелдік жалғауының үшінші жағының көне формасы -ы(-і) емес, -ын(-ін) болғандығының екінші дәлелі. Қазіргі түркі тілдерінің қай-қайсысында да тәуелдік жалғауы үшінші жағы жекеше түрінің толық формасы -ын/-ін және -сын/сін атау септігінде қолданылмайды. Сондай-ақ изафетті тіркестерде де н дыбысы түсіріліп айтылады: мысалға атау септігінде «таудың басын» демейді,«таудың басы» дейді. Осы көне жалғау (басқаша айтқанда, архаизмге айналған форма) тарихи жазба мұраларда (көлемдік септіктерге ғана емес, грамматикалық септіктерге де жүйелі түрде жалғанып), әдепкі тұтастығын сақтап қалған.
«Мен» сөзіндегі м дыбысы ілік жалғауына әсер етіп қоймаған, үнемі тіркесіп, қатар жұмсалатын -ын тәуелдік жалғауына да ықпал жасалған. Соның салдарынан қолым маным тіркесі өмірге келген. Тарихи даму барысында түркі тілдерінде анықтауыштар анықталатын сөздердің алдына көшкенде қалыптасқан формалар сол күйінде қалып қойған: басқаша айтқанда, -маным қолым. ІІ жақта ілік жалғауының соңғы дыбысының ықпалы болды: қолың саның болып үндесті. Өйткені дыбыстар бір-біріне жақыннан ғана емес, алыстан да ықпал жасай береді. Мұның айқын мысалы – маным. н-нің ң болып өзгеруінде етістіктің шартты райы жіктелу үлгісінің де қосқан үлесі бар сияқты. Ол әуелі ауызекі тілде барса мен > барсам, барса сен > барсаң болып қалыптасады. Соңғы мысалда сөз арасында екі «са» бунағы айтылуға қиындық келтіргеннен кейін, гаплология заңына орай, біреуі қысқарғанға ұқсайды. Осылайша ң екінші жақтың көрсеткіші есебінде тілде бекіген-ді. Тәуелдіктің І, ІІ жақ жалғаулары мен шартты райдың І,ІІ жақта жіктелу үлгісінің ұқсас болуында қалайда байқала бермейтін бір сыр бар. Тілде тәуелдік жалғауларына қарағанда жіктік жалғауларының көбірек қолданыста болатынын ескерсек, шартты райдың жіктелуінің бұрынырақ қалыптасуы және өзге категорияларға ықпал жасауы заңды. Сөйтіп, әуелде өз алдына тәуелсіз өмір сүрген грамматикалық тәуелдік мағына мен жіктеу есімдіктеріндегі грамматикалық жақтық мағына бір-біріне ажырамастай болып сіңіскеннен кейін арнаулы тәуелдік жалғауларын берді.
Тәуелдік жалғауының көне формасы бір кездегі атау септігінің көрсеткіші болатын. Жоғарыда тәуелдік жалғауының ең көне формасы *-ун (варианттары -ын, -үн, -ін) екендігін дәлелдедік. Дәл осы форма бағзы заманда атау септігінің көрсеткіші ретінде қызмет еткен. Мұны біз көне түркі жазба ескерткіштерінің материалдары арқылы дәлелдей аламыз. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі қой,
төр, бар, аш, тоқ, қос т.б. – ескі, ежелгі нұсқаларда – қойун, төрүн, барын, ашын, тоқын, қосын.
Арнайы шұғылданған зерттеушінің мұндай сөздердің елеулі тобын тарихи дереккөздер арқылы анықтай алатынына күман жоқ. Өз заманында *-ун есім көрсеткіші болған. Атау септігінде жұмсалуының мәні осында.
Ерте дәуірлерде енген кірме сөздер де атау септігінің формасы *-ун (варианттары *-ын, -үн, -ін) болғандығына куәлік береді. Мысалға орыс тіліндегі самовар сөзі қазақ тіліне самауыр формасында енген. Дәл осы сөз Батыс Қазақстан облысында самаурын түрінде де айтылады. Араб тілінде Зул-Карнай «қос мүйізді» деген ұғым береді. Қазақ тілінде бұл сөз – Зұлқарнайын. Бұған атау септігінің көне формасы XVI-XVII ғасырларға дейін сақталған деген қорытынды шығаруға болады.
Егер атау септігінің ежелгі формасы *-ун (варианттары -ын, -ін, -үн) болса, біздің заманымызда ол форма қалай жойылып кеткен деген сұрақ пайда болады. Атау септігінің нақты формасы тілдің сөздік қоры аз, жұтаң кезінде өмір сүрген. Сөздік қордың баюы, қоғамдық өмірдің күрделенуіне байланысты сөздік құрамға топ-тобымен жаңа сөздердің қосылуы жағдайды өзгерткен. Атау септігінің формасы ыдырай бастаған. Ол құлын, жұлын, таутаурын, мойын, қытын, ауырын, табын, жақын сияқты толып жатқан сөздердің түбіріне сіңісіп кеткен болса, енді бір алуан сөздер үнемдеу заңының әсеріне ұшыраған. Сөйтіп, *-ун есім көрсеткіші болудан қалған. Ал изафеттік тіркестердегі *-ун формасы ілік септігінің формасы мен тәуелдік жалғауының ІІІ жақ формасына айналған. Атау септігі формасының өзге септік формаларының қалыптасуына қалай әсер еткені жөнінде келесі мақаламызда баяндағалы отырмыз.
Ілік септігі.
Ілік септік белгілі затты меншіктеуді, тәуелдеуді білдіреді. Оның формалық көрсеткіші -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, -нікі, -дікі, -тікі. Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді Жалпы алғанда, жанды, жансыз заттар арасындағы қарым-қатынас, байланыс түрлері көп. Ескерткіштерде олардың барлығы бірдей қамтыла бермейтіндігі түсінікті. Қазіргі қазақ тілінде ілік септіктің грамматикалық мағыналары тілдік, стильдік ерекшеліктерге байланысты ескерткіштер тіліне қарағанда әлдеқайда дамып кеткен.
«Кодекс куманикус» ескерткіші тілінде ілік септігі жалғауының формалары -нуң/-нүң, -ның/-нің, -ың/-ің түрінде көрініс тапқан. «Китаб ат- тухфа аз-закийа фил-луға ат-туркийа» ескерткішінде – -нын/-нин. Қазіргі қазақ тілінде – -ның/-нің, -тың/-тің, -дың/-дің. Ілік септігінің жалғаулары азын-аулақ ерекшеліктерін ескермегенде қыпшақ тілдерінде бірдей. Айырмашылық құмық тілінде – -ны/-ни, -ну/-нү. Еріндік дауыстыларды пайдаланбағаны болмаса, қарашай-балқар тілінде де ілік септігі құмық тілімен бірдей – -ны/-ни. Қырым татарлары сирек болса да -ны/-ни тұлғаларын қолданады. Орхон ескерткіштерінде ілік жалғауларының
«Кодекс куманикустен» айырмашылығы жоқ. Түрік, азербайжан, гагауз, қырым татарлары тілінде -ын/-ін.
Тарихи жазба ескерткіштер тіліндегі және қазіргі түркі тілдеріндегі ілік септігінің бүкіл жалғауларын өзара салыстырғанда мынадай сұрақтар пайда болады. 1) Ілік септігі жалғауларының құрамында бірде еріндік дауыстылар,
бірде езулік дауыстылар пайдаланылған. Қайсысы түпкітек болып есептеледі? 2) Ілік септік жалғауларының соңғы дыбысы бірде н, бірде ң. Осы екеуінің қайсысы алғашқы, қайсысы соңғы? 3) -ның/-нің тұлғасы бірде толық қалпында, бірде алғашқы н соноры түсіріліп, -ың/-ің түрінде жұмсалады. Сонда ілік септігі жалғауының алғашқы формасы -ның ба, әлде
–ың ба? 4) Бірқатар тарихи жазба ескерткіштер тілінде, сондай-ақ қазіргі түркі тілдерінің кейбіреуінде ілік септігі жалғауы ретінде -ну/-нү, -ны/-ні тұлғалары пайдаланылады. Бұл ерекшелікті қалай түсіндіруге болады?
Осы ескерткіштердің арасында -ның/-нің тұлғасының бірде толық қалпында, бірде алғашқы н соноры түсіріліп, -ың/-ің түрінде жұмсалатындығы түркологтардың ерекше назарын аударды. Ілік септігі жалғауының -ның/-нің формасы алғашқы ма, әлде -ың/-ің формасы алғашқы ма деген сұраққа мамандар екі түрлі жауап қайтарады. К.Гренбек, Ж.Дени, Н.А.Баскаков «зат, нәрсе» мағынасын беретін нәң атауынан шықты деп есептейді. Сонда ілік жалғауының бастапқы н дауыссызы элизияға ұшырап, түсіріліп айтылуынан -ың/-ің формасы келіп шығады. Түркологтардың басым көпшілігі -ың/-ің формасын алғашқы деп таниды. Бірақ оның алдында н соноры қандай жолмен қалай пайда болды деген мәселеге әр ғалым әрқалай пікір білдіреді. О.Бетлинг өте ежелгі дәуірлерде түркі тілдерінде н-мен аяқталатын есім түбірлері қазіргі тілдерге қарағанда өте көп болған. н соноры түбірден ыдыраған кезде дауыстылардан басталатын жалғауларға ығысқан деп жорамалдайды (9. 31-б.). Тілдік фактілер тарихқа белгісіз ілгері дәуірлерде есім түбірлерінің барлығы дерлік н-ге аяқталғандығын растайды. Демек, бұл пікірдің жаны бар.
В.В.Радлов, В.Банг, П.М.Мелиоранский, В.А.Богородицкий т.б. түркі тілдерінде ежелгі замандарда есімдіктердің және есімдердің екі түрлі септелу жүйесі болғандығын, келе-келе есімдіктердің септелу жүйесі есімдердің септелу жүйесіне ықпал жасағандығын тұспалдайды. Дәлірек айтқанда, жіктеу есімдіктерінің құрамындағы н ыдырау нәтижесінде ілік септігінің құрамына ауысқан. Яғни ан+ың, бұн+ың > а+ның, бұ+ның. Бұл форма ұқсату заңы негізінде есімдердің септелу жүйесіне де көшкен.
Бұл болжамның ғылыми негізі жоқ. Себебі, мен, сен, ол жіктеу есімдіктеріне ілік жалғаулары жалғанғанда мен+ің, сен+ің, он+ың. Ол жіктеу есімдігі тарихи ескерткіштерде -ан формасында. Соңғы жіктеу есімдігінде жылысу құбылысы болғанымен (о+ның), өзге жіктеу есімдіктерінде мұндай жағдай байқалмайды. Егер ме+нің, се+нің десек, түбірлері ме, се ешқандай мағына бермес еді.
Барыс септік
. Барыс септік. Көне түркі жазбаларында барыс септік жалғауы бірнеше түрлі болып келеді: -ғару, (-геру, -қару, -керу), -ру (ру), — қа (-ке, -ға, -ге), -йа, (-йе), -а (-е). Барыс жалғауының осы түрлері көпшілігінде бір-бірімен жарыса қолданылған да, кейбір түрлерінің өзіне тән қолданылу мәні, сипаты болған. Өзіндік мәні бар жалғаулар сөздердің белгілі бір тобына ғана жалғанған. Орхон жазбаларында істің бағытын, мекенін білдіруге барыс септіктің –ғару, -геру (кейде -нару) тұлғасы қолданылады: ілгерү (шығысқа), біргерү (оңға), күн ортусынару (түстікке), йырғару (алға) т.б. –ғару аффиксі кісіні, халықты білдіретін сөздерге де жалғанып, ол сөздер істің бағытын білдіретін болады: Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс (Т). «Апа тарқанға ішке қарай хабар жіберді». Кейінгі дәуір ескерткіштерінің тілінде бұл тұлға нақ осы сыпатында ұшыраспайды. –ғару аффиксінің түбірімен ұласып, бірігу процесі сол дәуірдің өзінде-ақ басталса керек. Қазіргі қазақ тіліндегі сыртқары, ішкері, шеткері, жоғары, тысқары сөздер ісондай процестің нәтижесі.
Көне түркі жазбаларында жиі қолданылатын барыс септік жалғауы –қа, -ке, -ға, -ге тәуелдік жалғаулы сөздерге –а , -е түрінде жалғанған. Бұл аффикс Орхон-Енесей жазбаларында барыс жалғауының басқа варианттарымен қатар және жиі қолданылған. Бір ғана сөздің өзі бірде –ғару аффиксімен, бірде –ға аффиксіменберілген. Қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша есебінде бірді –ғару (сыртқары), бірде –ру (бері, кері) сақталып қалған.
Табыс септік
Табыс септігі қимыл объектісін толық қамтып, нұсқап көрсетеді, етістік сөзбен байланысты. Мысалы: кітап+ты оку, шығарма+ны жазу. Кімді? нені? деген сұрақтарға жауап береді. Формалық көрсеткіші -ты, -mi, -ны, -ні, -ды, -ді тәуелденген сөзге -н болып жалғанады.
Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды. «Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді. Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады. Айтжанды ұрысты — Айтжанға ұрысты. Не айтуды білмеді — не айтуға білмеді. Қолын ұстады — қолынан ұстады; етегін басты — етегінен басты. Тура объектілік қатынасқа түсетін сөздің табыс, шығыс септік формаларында меңгеріліп, етістікпен тіркесуі мына жағдайға байланысты. Объект қамтылу мөлшері жағынан бейтарап аталса, ол сөз табыс септік формасында тіркеседі: қолын ұстады. Объект түгел қамтылмай, мөлшермен қамтылғанын атау қажет болғанда, ол сөз шығыс септік тұлғасында меңгерілді: қолынан ұстады, нанынан берді т. т. Ұрысты сөзі тура объектіні табыс, барыс септікте бірдей меңгереді. Екі түрлі меңгерілу ұрысты сөзінің табиғатына байланысты. Сабақты етістік ретінде ол объектілік қатынастағы сөздің табыс септікте тіркесуін талап етеді. Екінші жағынан, семантикалық жүйені қуғанда ол кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер тобына жатады: күлді, ренжіді, сүйсінді, қуанды т. т. Бұлардың көбі салт етістіктер. Бұларға қатысты объект жанама толықтауыш ретінде байланысады: күлді балаға ренжіді сүйсінді Осы топқа қатыстылығының арқасында, солардың грамматикалық сипатына жуықтау аркылы ұрысты объекті сөзді екі түрлі меңгеруге ие болып тұр: балага ұрысты— баланы ұрысты. Осы сияқты мін, ас сөздері де объект ретіндегі компонентті екі тұлғада меңгереді: атқа мінді, атты мінді; таудан асты, тауды асты. Мінді сөзі көпшілік объект ретіңдегі сөзді тек барыс септік формасында меңгереді: поезға мінді, самолетке мінді. Ат, өгіз, бие, тай сияқты сөздердің табыс септік формасында меңгерілуі—ерекшелік. Бұл тіркестіру ерекшелігі аталған заттардың тура объект ретінде қамти алынады деген ұғымға байланысты қалыптасқан болу керек. Осы сияқты таудан асты, тауды асты деген варианттардың негізгісі — таудан асты. Осы мағыналас өтті де объектілік қатынастағы сөзді шығыс септік формасында ғана меңгереді: көпірден өтті, өткелден өтті.
Табыс септіктегі сөзді менгеріп тіркес кұрайтын — сабақты етістіктер: үйді жуды, терезені ашты. Салт етістіктер өзгелік етіс формасына ауысқанда, олар да табыс септік сөзді меңгере алатын болады: ойна — баланы ойнатты, толды — шелекті толтырды, қанды — сусынын қандырды.
«Табыс септіктегі зат есім — етістік» болып құралған сөз тіркестері объектілік катынасты білдіреді, яғни бағыныңқы сөз қимылдың, іс-әрекеттің объектісі болған затты атайды. Сонымен, аталған сөз тіркесі объект — затпен қимылдың арақатынасын білдіреді.
Объектілік қатынасты білдіруге зат есім сөздің табыс септік формасы бейімделген. Бұл қызмет — осы форманың үлесі. Дегенмен санаулы етістік сөздердің тіркесінде объектілік қатынас барыс, шығыс септік тұлғалары арқылы да немесе шылау арқылы да білдіріле алады.
Айтжанды ұрысты — Айтжанға ұрысты. Не айтуды білмеді — не айтуға білмеді.
Қолын ұстады — қолынан ұстады; етегін басты — етегінен басты.
Тура объектілік қатынасқа түсетін сөздің табыс, шығыс септік формаларында меңгеріліп, етістікпен тіркесуі мына жағдайға байланысты. Объект қамтылу мөлшері жағынан бейтарап аталса, ол сөз табыс септік формасында тіркеседі: қолын ұстады. Объект түгел қамтылмай, мөлшермен қамтылғанын атау қажет болғанда, ол сөз шығыс септік тұлғасында меңгерілді: қолынан ұстады, нанынан берді т. т.
Ұрысты сөзі тура объектіні табыс, барыс септікте бірдей меңгереді. Екі түрлі меңгерілу ұрысты сөзінің табиғатына байланысты. Сабақты етістік ретінде ол объектілік қатынастағы сөздің табыс септікте тіркесуін талап етеді. Екінші жағынан, семантикалық жүйені қуғанда ол кісінің психикалық күйін білдіретін етістіктер тобына жатады: күлді, ренжіді, сүйсінді, қуанды т. т. Бұлардың көбі салт етістіктер. Бұларға қатысты объект жанама толықтауыш ретінде байланысады:
күлді
балаға
ренжіді
сүйсінді
Осы топқа қатыстылығының арқасында, солардың грамматикалық сипатына жуықтау аркылы ұрысты объекті сөзді екі түрлі меңгеруге ие болып тұр: балага ұрысты— баланы ұрысты.
Осы сияқты мін, ас сөздері де объект ретіндегі компонентті екі тұлғада меңгереді: атқа мінді, атты мінді; таудан асты, тауды асты.
Мінді сөзі көпшілік объект ретіңдегі сөзді тек барыс септік формасында меңгереді: поезға мінді, самолетке мінді. Ат, өгіз, бие, тай сияқты сөздердің табыс септік формасында меңгерілуі—ерекшелік. Бұл тіркестіру ерекшелігі аталған заттардың тура объект ретінде қамти алынады деген ұғымға байланысты қалыптасқан болу керек.
Осы сияқты таудан асты, тауды асты деген варианттардың негізгісі — таудан асты. Осы мағыналас өтті де объектілік қатынастағы сөзді шығыс септік формасында ғана меңгереді: көпірден өтті, өткелден өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |