Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Қақтығыс-әлеуметтік-қоғамдық
құбылыс.
Қабылдаған:Исатаева Г
Орындаған:Бахитқызы М
Тобы:130-28
Шымкент 2020
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Қақтығыс-әлеуметтік-қоғамдық құбылыс.
2.2 Қақтығыс және оның түрлері.
2.3 Қақтығыстың шығу себептері,факторлары.
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
"Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады. Дағдарыс саяси қатынас субъектілерін белсендіре түсіп, олардың текетірестеріне әкеліп соқтырып, қақтығысты тудырды. Сондықтан да қақтығыстың өткірлігі дағдарыстың дамуына, оның пісіп-жетілу дәрежесімен тікелей байланысты.
Дағдарыстар тәрізді қақтығыстарды да көріну сфералары бойынша жіктеуге болады: экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникааралық және т.б. Дегенмен осылардың барлығы әлеуметтік қақтығыстардың әрқилы формалары болып табылады, өйткені қақтығыстарда әрекет етуші, қақтығысушы субъектілер өздерінің экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникалық және басқа да мүдделерін түсінетін және олардың үстемдігі мен жүзеге асуына ұмтылатын адамдар. Қақтығыстар саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттері нәтижесінде шешіледі.
Осы ретте қақтығысқа қатысушы күштердің іс-қызметтерінің шынайы түрткілерін айқындау аса маңызды саясаттанулық проблема. Өйткені шынайы түрткілерде қақтығыстың себептері, өзіндік "құпиясы" бар. Саясаттану ғылымы оны қақтығысушы субъектілердің мүдделерінің иерархиялық принципінен шыға отырып анықтайды. Мүдделердің иерархиялық жүйесінде материалдық, экономикалық мүдделер негізгі мәнге ие. Алайда олар саяси қатынастарда таза күйінде көрінбейді, себебі олар қажетті идеологиялық тартымдыққа ие емес. Осы мүдделер қоғамдық өмірдің әрқилы сфераларында белгілі бір өзгерістерге ұшырайды және осының нәтижесінде саяси қызметтің мотивациясы жеткілікті тұрғыда күрделі мазмұнға ие болады.
Демек, саясаттану әдістемелік тұрғыда саяси акциялардың терең де ақиқат негіздерін, "құпияларын" ашуға тиіс болса да, ол қақтығыстан шығуды көздейтін ғылым ретінде сыртқы түрткілерге яғни өзекті, шынайы өмірде әрекет ететін саяси қызметтің негіздеріне баса назар аударады және осы негізде мүдделердің түйісуін қамтамасыз етуге және келісім мен ынтымақтастық платформасын жасақтауға ұмтылады.
Саяси қақтығыс әрекет үшін қажетті саяси қатынастардың шиеленісін қамтамасыз ететін түрткілерді өзінде ұстайды. Саяси конфронтацияны жасайтын осы түрткілерде әртүрлі шынайы әлеуметтік қағидалар (меншікке, саяси жүйелерге, идеологиялық принциптерге, этникалық, өнегелік, діни-конфессионалдық құндылықтарға және т.б. қатынас болуы мүмкін. Бұл қағидалар саяси құмарлықты оятады,
қоздырады, өйткені олар өздерінің әлеуметтік мәні бойынша шынымен фундаменталды және ұзақ жылдар бойы адамдардың тіршілік әрекеттеріне ықпал етеді, себебі олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани ортаны анықтайды. Тұтастай алғанда, қақтығысты саяси жағдайлар үшін тән:
- біріншіден, оларға айырмашылық, қарама-қайшылық, кей жағдайларда олардың антагонизміне алып келетін мүдделердің қайшылығы тән қақтығысушы тараптардың, қақтығыс субъектілерінің болуы. Бірақ мүдделер әрқилы болғанымен, олар әлеуметтік тұтастықтың ішінде қызмет етеді, яғни ортақ базалық негізге ие, мәселен саяси конфронтацияға дейін таптық күрес дамитындығы жалпыға мәлім, бірақ осы жағдайда барлық күресуші таптар қол жеткізілген материалдық және рухани мәдениетті, қоғамның өркениеттік деңгейін, тұтастығын сақтауға мүдделі болады;
- екіншіден, қоғамдағы өмір сүріп отырған және қақтығысушы тараптардың арасындағы саяси қатынастардың шиеленісу деңгейін көрсететін қақтығыстың өткірлік дәрежесі. Қақтығыстық жағдайдың өткірлігі, шиеленістің жоғары деңгейі қақтығыс субъектілерінен қарастырылып отырған жағдайдан шығу үшін саяси құралдардың барлық арсеналын жұмылдыруды талап етеді;
- үшіншіден, қоғам өмірінде пайда болған қақтығысты саяси жағдайдың өзінің даму логикасы бар. Сондықтан, қақтығыстың пайда болуының бастапқы кезеңін анықтап, оның дамуына жол бермеу өте маңызды. Өйткені қақтығыс ұзақ уақыт өмір сүру нәтижесінде жеке әлеуметтік мазмұнға ие бола бастайды, шынайы өмірге еніп, адамдардың дүниені қабылдауының дағдылы элементіне айналып кетеді, қақтығысты саяси мәдениетті қалыптастырады. Бұл кезде қақтығысты жағдайдан шығу өте қиын болады;
- төртіншіден, қақтығысты саяси жағдайдың саяси қатынастар субъектілеріне ықпалы маңызды әлеуметтік проблема болып есептелінеді. Қақтығысқа қатысушы субъект өзінің санасында қақтығысты саяси жағдай талап ететін әрекеттердің барлығын бейнелеуге мәжбүр болады. Осы ретте оқиғаларды тым біржақты түсіну үйреншікті сипат алады, субъект басқалардың да жеке позициялары мен өтіп жатқан оқиғаларға бағасының бар екендігін ескеруден қалады және адамдарды достар, жақтастар және дұшпандар деп бөледі. Қақтығысты саяси жағдайлар адамдарды саяси бүліншілік ахуалына дейін алып келуі мүмкін. Осы жағдайда саяси проблемалар тым өткірленіп, олар өз кезегінде қарулы кақтығыстар, азаматтық соғыс, лаңкестік әрекеттер және т.б. осы тәрізді антигуманды әрекеттерді қолдануға арандатады.
Достарыңызбен бөлісу: |