Қорытынды
"Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады. Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе екендігін де ұнытпаған жөн.
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстар»ды өз алдына бөліп жеке қарастыруға да болады.
Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі терең де жан-жақты қамтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.Я. Ансупов , С.Б. Баклоновский Конфликтология в схемах и рисунках Питер 2007 стр127-128.
Ж. Б. Қоянбаев Р.М. Қоянбаев Педагогика. Алматы- 2000.
«Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал. Астана 2007
Достарыңызбен бөлісу: |