Аударма теориясының пәні. Аударма ұғымының анықтамасы.
Аударма дегеніміз – кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі,көп қырлы құбылысы.Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық,әдебиеттік,этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді.Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. «Аударма теориясы» термині «Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады».
Аударма теориясы жалпы аударма теориясы,жеке аударма теориясы,және арнайы аударма теориясы болып бөлінеді.Жалпы аударма теориясы аударманың жалпы лингвистикалық заңдылықтарын зерттейтін бөлім.Жеке аударма теориясы нақты екі тілдің арнайы ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Арнайы аударма теориясы аударма процесі кезінде әртүрлі типтегі және жанрдағы текстердің ерекшеліктерін ашады.Жалпы аударма теориясы теориялық негізде түсіндіріледі және жеке.арнайы аудармалар теориясының негізгі түсініктерін анықтайды.
Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:
Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу.Яғни аударма процессінің негізінде тілдік жүйелердің қандай ерекшеліктері мен заңдылықтары жатқанын көрсету,аударма процесінің мүмкіндігінің шегін анықтау;
Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау,оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;
Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;
Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым – қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;
Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау,
Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау;
Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу;
«Аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау;
Аударма лингвистикасы теориялық бөлімдерден басқа бірнеше іс жүзінде қолданылатын аспектілеріатап айтқанды аудармаға үйрету методикасымен байланысты әртүрлі анықтамалар мен сөздіктерді,құрап,қолданумен аударманы редакциялаудың методикасы мен бағалау,сонымен бірге аудармашы қызметінің табысты болуын қамтамасыз етуді шешетін әртүрлі практикалық сұрақтармен байланысты аспектілерден тұрады.
Лингвистикалық аударма теориясы ең бірінші кезекте аударма процесіне қатысатын тілдер қызметінің ережелерімен құрлысының ерекшеліктері негізінде жатқан аударма процесінің объективті заңдылықтарын анықтап,сипаттаумен айналысатын сипаттамалы теориялық пән болып табылады.Лингвистикалық аударманы зерттеудің маңызды тәсілі болып,аударманың салғастырмалы талдауы қызмет етеді,яғни аударма мәтінінің формасы мен мазмұнын оригиналдық формасы мен мазмұнын салғастырып талдау.Аударма процесі кезінде әртүрлі тілдегі екі мәтіннің арасында белгілі бір қатынас орнайды.Осындай текстерді салғастыра отырып,аударманың ішкі механизмін ашуға,эквивалеттілік бірліктерді анықтауға,оригиналдағы бірліктерді аударма мәтініндегі эквиваленттермен ауыстыру кезінде болатын мазмұны мен формалардың өзгеруін анықтауға болады.
Салғастырмалы талдау жасау аударма кезінде әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерге байланысты кездесетін кейбір қиыншылықтарды қалай жеңуге болатындығын,оригиналдық қандай элементтері,аудармаға берілмей қалатындығын анықтауға мүмкіндік береді.