Реферат тақырыбы: Қазақ ағартушыларының философиясы Оқытушы: : Балабекұлы Д. Студент: : Рақымберді Д. Е


Алаш қайраткерлерінің саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары



бет2/8
Дата22.04.2024
өлшемі75,18 Kb.
#201137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фил13

Алаш қайраткерлерінің саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Ә. Бөкейханның әлеуметтік-философиялық идеялары
Алаш қозғалысы ХХ ғасырдың басы қазақ халқының Ресей Империясының құрамында бүтіндей басыбайлы түрде өмір сүрген шақтарында өріс алған еді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабайұлы тұсындағы қазақ философиясы мен саяси-әлеуметтік ойы шектеулі еркіндікте дамыды. Өйткені олар дербес ұлттық мемлекеттілік жайлы мәселелерді үкіметтің қатаң бақылауы астында жүріп жүзеге асыруға талпынды. Әлихан Бөкейханның шығармашылығы – ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы әлемдік деңгейде өтіп жатқан тарихи үдерістерге саяси-философиялық тұрғыдағы талдаулар болып табылады. Осы еңбектері арқылы ол дүниетанымдық, философиялық, мәдени-рухани негіздерді де қозғаған болатын. Алаш көшбасшысының ұлттың әлеуметтік-мәдени және рухани өркендеуі жайлы көзқарастары мен ұстанымдары қазіргі кезеңдегі ұлттық өркендеумен үндес болып отыр. Қазақ қоғамының осындай мүшкіл халге душар болған жағдайында ұлт зиялыларының басты мақсат-мүддесі қайткен күнде де халықтың тұтастығын сақтап қалу және ілгері кеткен жұрттардың қатарына қосу еді. Бұл жерде ең бастысы философиялық дүниетанымдар мен көзқарастардың ортақ мәселесі қазақ қоғамын жетілдіру мен ұлт тәуелсіздігі болды. Жалпыұлттық мақсатқа жету үшін ұлтты ұйыстырудың тетіктерін, яғни ұлтжандылықты, ауызбірлікті, ынтымақтастықты орнықтыруды алдыңғы орынға шығарды. Алаш Көшбасшысы осы қағиданы өз іс-әрекеттерінің, мақсаттарының, жан-дүниесінің үнемі бағыттаушы күші ретінде ұстанды да. Сөзден іске көшуді жөн көрген Алаш көшбасшысы мәселені философиялық түйінін шешеуге талпынады. Патша үкіметі құлағаннан кейін бостандық, теңдік орнады, енді осы еркіндікті қалай пайдаланамыз деген мәселеде, Әлихан былай дейді: «Сабасына қарай піспегі болады. Жұртқа бостандық, теңдік, туысқандық болған соң, жұрт бостандықты бұлданып, өз тізгінін өзі алып, қағушы, соғушы, күзетуші енді өлді деп күшейуі керек еді. Жұрт теңдікті бұлданып, ер-әйел, бай-кедей, мырза-бұқара, төреқара, ақсақал-жас деп бөлмей бәрін тең ұстау керек еді. Жұрт бостандықты бұлданып, бір туған ағайын, құда тамыр, қарындас, көрші демей барша адам баласымен ағайындық, туысқандық жолына тарту еді» [2, 395]. Әлихан бүкіл адамзатқа бауырмашылық, ағайынгершілік көзқарастағы Лев Толстойдың дүниетанымдық негіздемелерін басты бағдар етіп ұстанды. Сондықтан да екі ойшылдың жалпыадамзаттық құндылықтар, бақыт пен махаббат жайлы ой-толғамдары бір арнада түйіскен. Ізгілік пен зұлымдық, өмір сүрудің мәні туралы орыс ойшылының көзқарастары нағыз гуманиске тән еді. Адамшылық қарым-қатынас орнатудағы мейірімділікті руханилықтың негізі ретіндегі маңызын алға шығарады. Күш көрсету дегеніміз ұлы орыс ойшылының философиялық түйіндеулерінде зұлымдыққа пара-пар. Ол адамдар арасындағы махаббатты басқаларға зорлық-зомбылық көрсетпеу деген болатын. Лев Толстой түсінігіндегі махаббат адамның әлеммен, айналасындағы адамдармен адамгершілікті тұрғыдан қарым-қатынаста болуының негізі. Осындай адам болмысының мәні жайындағы Толстойдың гуманистік философиялық ойларын Әлихан Нұрмұхамедұлы өзінің әлеуметтік-философиялық еңбектерінде әрі қарай өрбітті. Өз заманындағы әлемде болып жатқан қан төгіс соғыстардың себебі неде деген сұраққа, адамдық кейіптен шығу деп қорытынды жасайды. Өйткені Толстой заманы құндылықтық сана дағдарысқа ұшырап, адамшылық өлшемі құлдыраған кезеңдер болатын. Бөкейханов өзінің «Ұят-ай» атты мақаласында «Дарвин, Уэлс, Спенсерлерден бері ғылым жолы адамзат барша «туатын, өлетін» затпен бір тұқымдас» дейді [2, 120 б.]. Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді ұятты болып өзге қалған хайуаннан айрылады» [2, 120 б.] – деп жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет