Фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип.
Фонематикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан,өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздіңң әр түрлі формалары, мысалы, плода және плод формалары әр түрлі дыбысталғанмен плод формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады, біркелкі жазылады. Орфографияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формаларыны да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні,қыстыгүні,ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып,бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток,кот,сом,сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, қол, қорған,аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да,фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып,бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |