помощник деген сөз шіркеулік славяндық помощь дегеннен емес, орыс тілінің помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғары да көрсетілген түрде жазылады.
Орфографияда дәстүрлік-тарихи принципке сүйену сөздердің жазылуы мен айтылуының арасындағы үлкен алшақтыққа әкеп соқтырады. Тілдің уақыт озған сайын өзгеріске түсіп, дамып отыратыны белгілі. Тілдің даму барысында дыбыстау жағынан өзгеріске түскен сөздердің айтылуы мен жазылуының арасындағы алшақтық орфографиясы дәстүрлік – тарихи принципке көбірек сүйенген тілдерде жиі ұшырасады. Мысалы, ағылшын тілі мен француз тілінің орфографиясының негізгі принципі дәстүрлік-тарихи принцип болғандықтан, ол тілдерде сөздердің айтылуы мен мен жазылуының арасындағы үлкен алшақтық жиі кездеседі. Ежелгі дәстүр бойынша жазу тілдің жазба түрін оның ауызша түрінен және мазмұнынан алшақтата береді. Орфографиядағы реформа әдетте көне дағды боынша жазуға қарсы бағытталады да, оны өзгертуді көздейді.
Морфологиялцық принцип пен иероглиф принципі. Морфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуын емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген тілдерде сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырады. Морфологиялық принцип дыбысталудағы бұл ерекшеліктерді ескермей, сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы: басшы (башшы емес),т.б.
Орыс тілінде айтылуда