Реферат Тақырыбы: Қазақ тілі орфографиясының негізгі ерекшеліктері. Жазған: Жақсылық Сәнімгүл Сәкенқызы


вадавоз, атрез, одзыв, хаждение, паставить



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі22,62 Kb.
#91089
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ тілінің орфографиялық ережелері

вадавоз, атрез, одзыв, хаждение, паставить түріндегі дыбысталатын сөздер жазуда морфологиялық принципті таяныш етудің негізінде водовоз, отрез, отзыв, хождение, поставить түрінде жазылады.
Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип. Морфологиялық принцип күллі түркі тілдері үшін қолайлы принцип болып саналады. Бұлай дейтініміз түркі тілдерінің табиғаты, атап айтқанда, ондағы сөздердің морфологиялық құрылысы және олардың түбір тұлғасының сақталу ерекшелігі – осылардың бәрі жазуда морфологиялық принципті басты ең жанасымды, ең қолайлы принцип деуіміз де осыдан.
Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді, яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде (музыкалы би кеші) деген мағынаны білдіретін бал деген сөз бен (оқушылардың білім дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға) деген мағынаны білдіретін балл сөзі жазуда біреуінде жалғыз л әрпі, екіншісінде қосарлы лл әрпі қолданылу арқылы ажыратылады. Орыс тілінде науқан деген мағынаны білдіретін кампания деген сөзден бірлестік, серіктік дегенді білдіретін компания деген сөз жазуда иероглиф принципі бойынша ажыратылып жазылады. Қазақ тілінде (жай,күй,жағдай) деген мағынаны білдіретін хал сөзі мен (денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі) деген мағынаны білдіретін қал сөзінің осылайша жазылуы иероглиф принципіне мысал болады.Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен ажыратушы принцип деп те аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет