Реферат тақырыбы: «Қазақстан Республикасында жер ресурстарын басқару жүйесі»


Жер реформасының дамуының объективтік заңдылығы



бет3/7
Дата04.11.2023
өлшемі110,04 Kb.
#189483
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жер басқару жүйесі

Жер реформасының дамуының объективтік заңдылығы.
Рефориа жағдайында аудандар мен қалалардың арнайы жер қорындағы жерлерді мақсатты ,ұтымды пайдалануға үлкен мән беріледі.Ол «Жер реформасы туралы» заңға сійкес , реформаланған ауылшаруашылық кәсіпорындарының алаңының 10%-ын құрайды .Бұл қорға шаруа қожалықтарын ұйымдастыру, жеке көмекші шаруашылығын дамыту және басқа мақсаттар үшін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілетінін немесе қайта үйлестірілетінін алдымен пайдаланылмаған немесе аз пайдаланылған шаруашылық жерлері кіреді . Арнайы жер қоры да солай резервтегі ауыл шаруашылығы жерлерінің сол сияқты , райдаланылмаған не болмаса жер заңнамасын бұзып пайдаланылған және иеленушілер жер үлестері мен жерді пайдаланудан бас тартқан жерлерден құралады.
Жер реформасының жалпы аграрлық реформасымен өзара байланысты. Экономикалық салаларда орын алған қиыншылықтар елдің жер қоры балансына да едәуір теріс ықпал жасады. Материалдық және ақшалай қаражаттың тапшылығына себепті , бұрын колхоздар мен совхоздардың қарамағына берілген ,көбінесе , егістік жерлер сұраныссыз қалды. Екінші тарауда келтірілген мәліметтерге қарағанда , бүкіл жер қорының жартысынан астамы босалқы арнайы жер қоры құрамына ауысыпты, ал өңдеудегі жыртылған жердің көлемі екі еседей қысқарған екен .Тыңаймаған аударылған жер үлестері арам шөптермен басылып кеткен.
Экономикада әсіресе оның аграрлық саласында, орын алған дағдарыс елеулі түрде ғылымының дамуына да айтарлықтай теріс әсер етті.
Сол кездегі бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемелік жцне құқықтық негізі ретінде,ҚКСР-сыныңЖоғары Кеңесі 1990ж 17-бабында қабылдаған Жер Кодексі қолданылды.Өкінішке орай ,жерге орналастыру ғылымының жеткілікті қаржыландырылмағаны себепті, ол тәжірибелік жұмыстардың жүзеге асырылуына тиесілі ықпал жасай алмады.Жерге орналастыру іс-қимылдары тек межелерді жүргізу жөніндегі қарпайым техникалық әрекеттер мен ана шектеліп оыр. Жобаларды жасау және соған қажетті материалдарды жағарту толық тоқталды деуге болады.
90-жылдары ауылда орын алған кері процестер ,уақыт өте бара ,экономикада пайда болған жағымды өзгерістермен алмаса бастады. Ауышаруашылық өндіріс қолдау жөніндегі Президент пен Үкіметтің іс-әрекеттері белсене түсіп аграрлық саясатта ауыл тауар өндірушілерін жан-жақты дамыту бағыты басшылыққа алынды.Ауыл тұрғындарының жеке меншік қосалқы шаруашылықтар мен қала тұрғындарының саяжайлық және бағбандық учаскілерінде ауылшаруашылық өнім өндіру ісі жоғары қарқынмен дами бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет