5. Жер қорының сапалық жағдайы.
Жер қорының санаттары.
Жер қорының бірлік принципі басты заң – Конституция негізінде өзінің көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының жер қорының және оның құрам бөліктерінің аудандары (-), (га) есептелінеді.
Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5млн.га құрайды. ТМД елдерінің арасында оның территориясы Ресей Федерациясынан кейін 2-ші, ал дүние жүзінде 9-шы орын алады. Қазақстан Республикасының аумағы Еуразия матиригінің ортасында орналасқан, батысында – Волганың төменгі жағынан, шығысында Алтайға дейін және оңтүстігінде – солтүстіктен Тянь-Шаньнің Іле Алатауы жотасының, солтүстігінде – Батыс Сібір ойпатына дейін созылып жатыр. Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақта орналасқан. Арнайы жер қорына кіретін жердің көлемі реформаның басында республика бойынша 7млн.га астам болды және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп отырды.
Қазіргі уақытта республиканың аумағы 272490,2мың га құрайды. Қазақстан Республикасының жер қоры 14облыспен республикалық мәндегі екі қала – Астана мен Алматының аралықтарында үлестірілген. Әкімшілік құрылым жүйесіне 160ауылдық әкімшілік аудан, 303 облыстық, аудандық мәндегі қалалар мен поселкелер, 7202 ауылдық елді мекендер кіреді.
Қарағанды (42798,2мың га), Ақтөбе (30062,9мың га), Шығыс Қазақстан (28322,6мың га), Батыс Қазақстан (15133,9мың га), Оңтүстік Қазақстан (11724,9мың га), Солтүстік Қазақстан (9799,3мың га) сияқты облыстардың аумағы көлемі жағынан Еуропаның көптеген дамыған елдерінен бірнеше есе үлкен. Себебі Республиканың аумағы 10 табиғи-шаруашылық аймақта орналасқан, жер қорының құрамы мен құрылымы облыстар бойынша айрықшалынады.
Көптеген егістік алқаптарының Қостанай (5605,01мың га), Солтүстік Қазақстан (4060,7 мың га), Оңтүстік Қазақстан (786,3мың га), Батыс Қазақстан (437,1мың га), Шығыс Қазақстан (860,9мың га) сияқты облыстар, орманды, далалы аймақтарда орналасқан, егістігі аз суарылатын жерлерді Алматы, Жамбыл, Оңтүстік сияқты Оңтүстік облыстар иеленеді.
Мақсаты және шаруашылық тұрғыда пайдалануға сәйкес бүкіл жер қоры 2001жылғы «Жер туралы» заңға сай 7категорияға бөлінеді. Категориялар бойынша жерлерді үлестіру және олардың 1990-2000ж кезеңіндегі динамикасы 3-кестеде келтірілген.
1990-2000ж кезеңіндегі өнеркәсіптегі, көліктегі, байланыстағы, қорғаныстағы және басқа ауыл шаруашылығынан тыс пайдаланатын жер категориясының құрамы мен динамикасы келтірілген. Бұл категориядағы барлық жер алқаптары 199772,6-11131,4мың га дейін азайды.
Достарыңызбен бөлісу: |