Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асырылу деңгейі



бет3/7
Дата03.05.2020
өлшемі88,52 Kb.
#65637
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 ГеоЭк
00075ad0-ef720cf9, Өсімдік селекциясы — Уикипедия
2. Проблемалары

Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Ауыр өндірістер жұмыс істеген кезде бөлініп шығатын жоғарғы токсикалық қоспалар, радиостанциялар мен телеорталықтарда қолданылатын электромагниттік өрістер, ортаны ластайтын жаңа биологиялық агенттер адамзаттың денсаулығына өте қауіпті, бұрын белгісіз болған жаңа факторларды туғыза бастады.

Химиялық өңдіріс орындары қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы 1950 жылы бүкіл әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион тонна болса, 1970 жылы 63 миллион тонна, ал 1985 жылы 250 миллион тоннаға жетті. Атмосфераның ластануына байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде рак аурулары, бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.

Осы аталған проблемаларды шешу үшін, мамандардың даярлануы қажет. Жоғарғы оқу орындарында мұнай газ, табиғатты үйлестіру, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау т.с.с. мамандықтар бойынша мамандар даярлануда. Физика пәнінен осы мамандықтардағы білімгерлерге дәріс берген кезде, оның бөлімдеріне сәйкес экологиялық проблемаларға көңіл бөлінуі қажет. Болашақ мамандар ауада, сауда топырақты өсетін тамақ азықтарында жиі кездесетін заттардың концентрацияларының нормативтерін жақсы білулері керек.

Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.

Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерге айналадағы орта туралы білімнің берері мол. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Экологиялық проблемалар және оларды болдырмаудың алдын - алудың жолдарын іздестірудің өзектілігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1992), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен. «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы» (2002), «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (2006) сияқты ресми құжаттар дәлел бола алады.

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет