Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асырылу деңгейі


Қоршаған ортаны қорғау туралы жалпы түсінік



бет2/7
Дата03.05.2020
өлшемі88,52 Kb.
#65637
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 ГеоЭк

1. Қоршаған ортаны қорғау туралы жалпы түсінік

Қоршаған ортаны қорғау – жердi cақтау және оның пайдалы қазбаларын, cу реcурcтарын, өciмдiктер мен жануарларын қолдану, ауа мен cудың тазалығын қамcыздандыру, пайдалы қазбаларды қайта өндiру, қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынаcын қамcыздандыруға бағытталған ғылыми-техникалық, өндiрicтiк-шаруашылықтық, әкiмшiлiктiк-құқықтық ic-шаралар кешенi.

Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» делінген. Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде белгіленген. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының әрбір азаматына табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау міндет.Барлық құқықтар сақталған.

Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады.



Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екені рас. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын адамның шексіз пайдалануы жанартаулардың атқылауы, дауылдар, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, қазіргі заманда тіпті, одан асып түсетіндей жағдайға жетті. Өнеркәсіптің дамуы қазба байлықтарды игеруді арттырды. Соның кесірінен ауа, су көздері, топырақ ластанды. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі зиян шекті. Сонымен қатар, жер бетіндегі демографиялық жағдайдың күрт өзгерістерге ұшырауы, яғни халық санының тез өсуі табиғатқа деген тұтынысты одан әрі күшейтті. Бұның барлығы табиғатқа үлкен зиян тигізеді. Аталған зияндардарды алдын алудың бірден-бір жолы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың қажетті элементі - экологиялық бақылауды күшейту болып табылады. Басқарудың бұл қызметі бұдан көп уақыт бұрын қалыптасқан болатын. Заң әдебиетінде экологиялық бақылауды ұйымдастыру, жүргізу шарттары мен тәртібі жеткілікті толық жазылды, бірақ ол бұрын болған экономикалық жүйеге сәйкес келген еді.

Сонымен бірге, жаңа нарықтық қатынастары экологиялық бақылаудың мәні үғымына елеулі өзгерістер енгізді, сондықтан аталған еңбектерді талдау мүмкін болып отыр. Мысалы, В.В.Петровтың пікірі бойынша, экологиялық бақылау дегеніміз тұтастай алғанда "кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғау және қоғамның да экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі экологиялық талаптарды сақтауын тексеру". Профессор Н.Б.Мұхитдиновтың пікірін талдай келіп, біз мемлекеттің қоғамдағы ықпалының шектелуі туралы ойға тап боламыз. "Мемлекет — деп есептейді ол — табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мұның қалыптасқан материалдық жағдайларда бұл байлықтарды ұтымды, кешенді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, өзіне соншалықты құқықтарды алуына болады".

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан халқының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті. Себебі, экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыты – зиянды заттардың мөлшерін азайту, жаңа тазалағыш құрылғылар құрастыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіру, судың тұздалмауын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарынан тұратын газдарды тазалау, зиянсыздандыру.

Алайды, осы заң принциптері өкінішке қарай, біркелкі сақталмай келеді. Оған дәлел сотқа келіп түсетін талаптардан байқалады. Экономикалық соттың қарауына негізінен экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциясы тарапынан заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге байланысты берілген нұсқамаларды орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыздар легі басым. Мұндай нұсқамалардың белгілеген мерзімінде орындалмауын мемлекеттік мекемелер негізінен бюджеттік қаржының бөлінбеуімен түсіндірсе, кейбір заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қаржы тапшылығымен байланыстырып жатады. Барлық құқықтар сақталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет