Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асырылу деңгейі


Экологиялық бақылау және оның әдістері



бет4/7
Дата03.05.2020
өлшемі88,52 Kb.
#65637
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 ГеоЭк

3. Экологиялық бақылау және оның әдістері

Қолданыстағы заңға сәйкес экологиялық бақылау мыналарға бөлінеді:



  • мемлекеттік бақылау;

  • ведомстволық бақылау;

  • өндірістік бақылау;

  • қоғамдық бақылау;

Мемлекеттік бақылау арнайы уәкілетті органдардың қызметі болып табылады, ол қандай да бір ведомстволық мүдделерге тәуелді болмайды және белгілі бір заңдылыққа ие болады. Оны жүзеге асыру Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктеледі. Экологиялық бақылаудың объектілері ретінде мыналар қатысады: шаруашылық және өзге де қызметтің ықпалымен қоршаған ортаның және оның жекелеген объектілері өзгерулерінің жай-күйі мен деңгейі; экологиялық заңды сақтау; табиғат қорғау шараларын, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың нұсқамаларын орындау жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі; қоршаған ортаны қорғау, арнайы табиғат пайдалануға жасалған шарттарда (келісім - шарттарда), лицензияларда  көзделген  шарттарды орындау. Объектілерге байланысты экологиялық бақылаудың нысандарын ажыратады: барлық қоршаған ортаны қамтитын тығыз ұштасқан бақылау, объектілер тобы мен кешендерді қорғаумен байланысты кешенді бақылау, табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға бағытталған жіктеп саралап бақылау.

Сондай-ақ экологиялық бақылаудың заңда баянды етілген хабарламалық, алдын - ала ескерту, ағымдағы, жазалау нысандары болып ажыратылады. Хабарламалық бақылау алдын - ала ескерту не жазалау щараларын қабылдау мақсатында оны тиісті органдарға беру үшін қажетті экологиялық хабарламаны жинаудан және жинақтаудан көрінеді. Алдын - ала ескерту және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру кезінде ықтимал зиянды зардаптарды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылданады, олар экологиялық заңды бұзу, табиғат қорғау шараларын орындамау салдарынан туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға зиян келтіруге, экологиялық заңды бұзуға кінәлі адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану бақылаудың жазалау нысанының мазмұны немесе экологиялық бақылаудың дербес ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады.

Бақылаудың барлық аталған нысандары өзара тығыз байланысты болады және бірін-бірі өзара толықтырады. Хабарламалық және ағымдағы бақылаудан өзгеше бақылаудың жазалау нысанын тек  арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Экологиялық бақылау сипаттамасындағы елеулі элемент оның әдісі болып табылады.

Экологиялық бақылау әдістерінің үғымы заң әдебиетінде қабылданған қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдерінің анықтамасына сай келеді. Әдістердің көмегімен практикада тиісті бақылаушы инспекциялардың қызметін іске асыру жүзеге асырылады.

Экологиялық бақылаудың әдістеріне мыналарды жатқызу керек:

  • қоршаған ортаның және жекелеген табиғат объектілерінің сапалық жай-күйін байқау;

  • экологиялық және санитарлық органдардың нұсқамаларын орындауды тексеру;

  • экологиялық заңның нормалары мен талаптарын сақтауды тексеру;

  • экологиялық жағынан зиянды өндірістерді шектеу, тоқтата тұру, тоқтату;

  • кінәлі адамдарды жауапқа тарту.

Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің елеулі шарты болып табылады, сонымен бірге, сөз жоқ, бұл мәселе жеке зерделеудің нысаны болып табылады.

Қазіргі министрліктер, акционерлік қоғамдар, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар табиғи ресурстарды пайдалануды бақылауды өздерінің өкілеттіктері шегінде жүзеге асыруға міндетті.

Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылаудың нысандары мен әдістерінің ауқымы мемлекеттік ведомствоның үстінен жасалатын бақылауға қарағанда елеулі түрде тар. Ведомстволық және өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асырудың міндеттері мен мақсаттарын да мемлекет анықтайды.  Атап  айтқанда,  арнайы  уәкілетті  мемлекеттік   орган  ведомстволық  және өндірістік экологиялық бақылауды қандай өлшемдермен, қандай тәсілдермен және әдістермен жүзеге асыратын болады, ведомстволық және өндірістік қызметтердің есеп берулері нысаны қандай болуға тиіс.

Ведомстволық бақылаудың айрықша белгісі оның қолданылу саласы ведомствоға қарасты объектілерге ғана қолданылатындығында, нұсқаулары лауазымды адамдар мен уәкілетті объектілердің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті болатындығында деу керек. Өндірістік экологиялық бақылау жеке өндірістің немесе кәсіпорынның шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді өзінің міндеті етіп алға қояды. Бақылаудың бұл түрі, егер кәсіпорынның қызметі қоршаған ортаға және оның жекелеген компоненттеріне зиянды ықпал еткен жағдайда жүргізіледі. Қоғамдық бақылау жұртшылықтың табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану ісіне қатысуы нысандарының бірі болып табылады. Оның мақсаты - мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоршаған ортаға және оның жеке объектілеріне зиянды ықпалдарының алдын алу мен анықтауға жәрдемдесу.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезінде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін құру жолымен мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздейді.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары инспекциялар өткізумен немесе құқық қолдану іс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсіз және әділ шешімдер қабылдау үшін барлық өкілеттіктерге ие болуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту:



  • құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі сипаттамасын табуға мемлекеттік органдарға көмектесетін және ұзақ мерзімді перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргізуге ықпал ететін модельді құруға;

  • мемлекеттік органдарды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, үкіметтік емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;

  • экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды құралы ретінде өндірістік бақылауды міндетті жүзеге асыруға;

  • табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына қызметтің барлық деңгейіндегі жауапкершілікті нақты айқындауға;

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруге бағытталуы тиіс.

Әлемнің дамыған елдерінде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау негізінде кешенді жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бір құқықтық көрінісі әлемнің көптеген елдерінің экологиялық заңнамасына енгізілген қоршаған ортаға әсерді бағалау  тәртібі болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кіреді. Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдеріндегідей, қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалаумен қатар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметті алдын - ала экологиялық бақылаудың тетігі болып табылады. Қоршаған ортаны превентивтік қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидаты әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан.

Бұл орайда өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйін ескере  отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгілеу қамтамасыз етіледі. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиянды әсер етудің салдарларын барынша ескере отырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспарланатын қызметтің әлеуметтік-экономикалық салдары да ескеріледі. Сонымен қорыта келгенде, табиғи ресурстарды басқарудың тиімділігі мен сапасын сақтау мемлекеттің және оның атқарушы органдарының істейтін шараларына байланысты болады. Қазіргі таңда ешкім де табиғат қорларын пайдалануды тоқтатуды ойламайды да, онсыз адамзат тіршілігі мүмкін де емес. Бірақ мұның бәрі табиғатқа зиянсыз болудың шараларын ескеру қажет. Сондықтан, табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдалану мен басқару үшін мемлекет экономикалық жағдайды басқара отырып, өзіне қажетті қүқықтарды иеленеді.



Табиғи ресурстарды басқару органдары мемлекет атынан табиғи байлықтарды игеру үшін жоспарлау мен қаржыландыруды ұйымдастырады, олардың пайдалану қарқыны мен мерзімін анықтайды. Мемлекет даму болашағы жоқ, табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмайтын кен орындарына табиғат объектілерін пайдалануына тыйым сала алады. Еліміздің табиғи байлықтарын болашақ ұрпақтың еншісіне аман-есен жеткізу – бүгінгі біздің басты парызымыз. Сондықтан, адамзат табиғатқа оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеуі керек. Ал, ол үшін қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік бақылау функциясын күшейту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет