Қытайдағы қазіргі 12 жылдық білім беру жүйесіне шолу
Қытайдағы білім беру жүйесі үш негізгі кезеңді қамтитын кешенді және стратегиялық ұйымдастырылған құрылым: бастауыш, негізгі және жоғары білім. Білім алудың алғашқы жылдарынан бастап студенттер білім, білік және құндылықтарды жүйелі түрде меңгеруге ұшырайды, бұл олардың тұлғалық және кәсіби дамуы үшін берік негіз жасайды.
Негізгі принциптер мен міндеттер
1. Сапалы білім:
- гуманитарлық, ғылым және технологияны қамтитын сапалы және жан-жақты білім беру.
2. Жаһандық сын-қатерлерге дайындық:
- Жаһандану әлеміне сәтті бейімделу үшін сыни ойлауды, шығармашылық дағдыларды және мәдениетаралық дайындықты дамытуға баса назар аудару.
3. Оқытудың инновациялық әдістері:
- Студенттерді заманауи әлеуметтік-экономикалық ортаның талаптарына тиімді дайындау үшін заманауи технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін енгізу.
4. Әлеуметтік жауапкершілік және азаматтық бірегейлік:
- Әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік нормаларды құрметтеу құндылықтарын үйрету арқылы азаматтық жауапкершілік пен тұлғаны қалыптастыру.
5. Жеке тұлғаның дамуын қолдау:
- Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жеке шығармашылығы мен кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Бұл принциптер заманауи әлемнің сын-қатерлеріне сәтті төтеп бере алатын білімді, құзыретті және әлеуметтік жауапты азаматтарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жүйеде біріктірілген.
Білім беру жүйесінің құрылымдары
Таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін білім беретін халықаралық мектепте оқу үшін ата-ана жылына әр балаға 30-32 мың юань (168-175 мың теңге) аралығында ақы төлеу керек. Мектеп басшысы Huang Bo мырзаның айтуынша, балалар 400 пәнді оқып, осындағы жатақханада қалады.
Каллиграфия сабағы. Қазір балалар қалам ұстауға ерінеді. Компьютермен жазған тез деп отырады. Ал қытайлар мыңжылдық тарихы бар өнерін дәріптеумен қатар, баланың қол моторикасын дамытып жатыр. Қылқалам ұстағанда сия ағып кетпес үшін тік отыр. Өзіндік техникасы бар. Осылайша, оның денесінің дұрыс жетілуін қамтып отыр.
«Мектепке мұғалім қабылдағанда арнайы «емтиханнан» өтеді екен. Бізде көбіне педагокалық мамандықты ҰБТ-дан төмен балл алған балалар таңдайды. Ал бұларда мұғалім болу қиын. Бірінші қай университетті бітіргеніне қарайды, кейін білімін анықтау үшін тест тапсырады, соңында әңгімелесуден өтеді. Жұмысқа қабылданған мұғалім 700 мың теңгеге жуық жалақы алады. Ата-аналар мектепке жиі келмейді. Себебі олар баласына мұғалімді тыңдау, айтқанын екі етпеу, тәртіп бұзбау дегенді түсіндіріп жібереді. Олар баланы сеніп тапсырады. Сондықтан балалар өте тәртіпті және ата-аналарын жиі шақырмаймыз. Тек тоқсанына бір рет жиналысқа келеді. Баланы мектепке қабылдаудың да талабы қатаң. 2000 баладан 200 бала қабылдануы мүмкін. Яғни, мектепте тек дарынды бала оқиды. Ешқандай жеңілдік жоқ. Сабақты қанша жақсы оқыса да, жеңілдік жоқ. Тек еңбегімен білімін жалғастыра алады»
Достарыңызбен бөлісу: |