ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: «Өсімдік қорғау және карантин»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бунақденелілердің және басқа да зиянды организмдердің саңырауқұлақ аурулары
Қабылдаған: Искендирова Р.А.
Орындаған: Бекмұрат Г.Д.
Алматы 2020
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІ.І Зиянды организимдердің саңырауқұлақ аурулары
ІІ.ІІ Энтомопатогенді саңырауқұлақтар, олардың жіктелуі және жеке өкілдерінің сипаттамасы
ІІ.ІІІ Энтомопатогенді саңырауқұлақтар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
І КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына көптеген зиянкес жатады. Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Өсімдікті қоғаудың қазіргі танда бірнеше тәсілдер кенінен қолданылады. Олар химиялық қорғау, биологиялық, қорғау, механикалық қорғау және т.б. Қазір көбінесе әсері мықты деп химиялық қорғау жұмыстарын егіс алқаптарын да жүргізуде. Бірақ та ол жерге, өсімдікке, табиғатқа зияны мол. Дамыған елдерде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлеуде. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Көптеген елдер экологиялық таза күресу шараларына өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдіктерді қорғау тек қана пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан. Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтердің қолдану бағытын артуы, қоршаған ортаның ластануына, пестицидтерге төзімді зиянды организмдердің пайда болуына, және улы химикаттар табиғи экожүйенің жойылуына әсерін тигізеді.
Химиялық тәсіл көбіне улы болғандықтан , биологиялық тәсіл жақсы сонымен қатар зиянсыз, экологияға зияны жоқ болып келеді. Сол себепті де біз зиян келтірмей қорғау жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Соның ең бастысы биологиялық қорғау жұмыстары. Өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғаудың мақсаты мен міндетіне келетін болсақ:
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар, гербифагтар, маңызды зиянкестер патогендері мен антогонистерінің, арамшөптер мен ауру қоздырғыштарының жүйеленуін; биология мен экология негіздерін ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының табиғи жауларының тиімділік дәрежелерін, саңырауқұлақ, вирустық және бактериялық препараттарды алу және сақтау технологиясын, энтомофагтар, акарифагтар мен гербифагтарды жаппай көбейту, сақтау және қолдану әдістерін, биофабрикалар мен биозертхана машиналарын білу керек;
зиянкестер, аурулар және арамшөптермен күресу үшін керекті биологиялық құралдардың қажетті мөлшерін есептеу тәсілдерін;
оларды қолданудың биологиялық, экологиялық және арамшөптермен күресуге өсімдік өсуін реттеушілер тізімі мен қорғау жүйесін қорғауға керекті ақпараттарды іріктей біліп, аймақтағы энтомофагтарды қорғау.
Биологиялық әдісті Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс – мақта, көкөніс, картоп, жеміс-жүзім, жылыжай шаруашылықтары дамыған өңірлерінде өркендету қажет. Болашақта жылыжай көлемі жүздеген гектарға жететін болады. Экологиялық таза, нақты әдісті және зиянды организмдермен күресу технологиясын жетілдіру, соның ішінде пайдалы бунақденелілер биоагенттерді және биопрепараттарды зиянкестерге қарсы қолдану ғылымның ең негізгі бағыты болып отыр.
Бұл ғылыми зерттеулердің нәтижесінде зиянкестерден болатын шығынның төмендеуіне және ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын пестицидтердің көлемінің қысқаратынына, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және Қазақстан Республикасының азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған ғылыми үлес болмақ.
Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау олардан алынатын жалпы өнімді арттырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрлі зиянкестеріне қарсы қолданылатын шаралардың маңызы барған сайын артып келеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерімен күресудің биологиялық әдісі оларға қарсы пайдалы бунақденелер – кенелер, өрмекшілер және микроорганизмдер, құстар т.с.с тірі организмдерді қолдануға негізделген.
Бұл тәсілдердің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға пайдалы жануарлар мен бунақденелерге кері әсер етпейді және зиянкестерге қарсы күресудегі басқа тәсілдермен салыстырғанда арзанға түседі.
Биологиялық әдіспен күресу үшін пайдаланылатын бунақденелер зиянды организмдердің жаппай көбейіп және таралып кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдікті сақтау заңына да пайдалы әсер тигізеді.
Өсімдікті кешенді қорғауға көшу кәсіптік мамандар дайындауға талапты күшейтеді. Қазіргі кезде өсімдік қорғау мамандары зиянкестерді жақсы ажырата білумен қатар, оның табиғи жауларын да анықтаумен олардың агробиоценоздағы экологиялық өзгермелі жағдайға тиімділігін бағалап, қай тәсілді пайдалану керек екендігін шеше білу керек.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.І Бунақденелілердің және басқа зиянды организмдердің саңырауқұлақты аурулары
Бунақденелілер, кенелер және басқа ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен саңырауқұлақтардың көптеген түрлеріне байланысты, тек энтомопатогенді саңырауқұлақтар санының өзі ғана 530 түрден асады. Тоғышарлық саңырауқұлақтардың көптеген түрлерінің негізгі ерекшелігі – олар зиянкестер дене қуысына өздері бөлетін ферменттер қатысуымен жабын арқылы енеді (мысалы, хитиназа ферменті) немесе кутикула бетінде түйреуіш тәрізді жуандаған өсінді (құрылым аппрессорийлер құрайды. Аппрессорийлер – саңырауқұлақ споралары өніп келе жатқанда қысқа өскін түтік ұшының жуандауы. Осы жуандаған түтікше арқылы жіпшумақ өсімдіктері дене қуысына енеді. Осыған байланысты саңырауқұлақ бунақденелілердің қуыршақ және имаго фазаларын залалдауы мүмкін, әдетте бұлар басқа организмдермен мұндай жолмен залалданбайды. Атақты ғалым И.И.Мечников 1879 жылы тұңғыш рет астық қоңызының жасыл мюскардина деген ауруының қоздырғышын ашып, оны осы зиянкеске қарсы күрес үшін пайдалануы және И.Красилщиковтың соңғы ауру қоздырғышты жаппай көбейту тәжірибелері саңырауқұлақты өсімдік зиянкестеріне қарсы биологиялық әдісте пайдалануға жол ашты.
ІІ.ІІ Энтомопатогенді саңырауқұлақтар, олардың жіктелуі және жеке өкілдерінің сипаттамасы
Энтомопатогенді организмдер өкілдері саңырауқұлақтардың жеті класының төртеуінде кездеседі. Өсімдікті биологиялық қорғауда іс жүзінде маңызды түр саны барлар зигомицет және жетілмеген саңырауқұлақтар класына жатады, бұлар төменде кеңінен қаралады. Қалталы немесе аскомицет класының қатарын құрайтын лабульбенді саңырауқұлақтар тобын осы жерде сипаттай кету керек.
Лабульбенді саңырауқұлақтар тобына үш тұқымдастардың 150 туысына жататын 1500 түрлері енеді. Бұлар әлемде кең таралған, бірақ бұлар негізінен тропика және субтропика жағдайларында кездеседі. ТМД елдерінде Латвияда Львов обылысында (Украина) және Кавказда табылған. Бұлар өте жоғары бунақденелілер мен кенелердің көптеген түрлерінің өте жоғары маманданған беткі облигатты тоғышарлары, сонымен қатар иелері өлгеннен кейін көп ұзамай өздері де өледі. Саңырауқұлақтар тірі бунақденелілер денесінде ұсақ қылшықтар немесе биіктігі 1 мм-дей шоқ қышқылдар құрайды. Бұлар дененің әр жерінен кутикуладан барқыт тәрізді өңез түрінде көрінеді.
Лабульбенділердің көпшілік өкілдері қатты қанаттылар өкілдерімен байланысты. Бұл саңырауқұлақтар тағыда тарақандар, түзу қанаттылар, термиттер, тор қанаттылар, жарғақ қанаттылар, қос қанатты бунақденелілер және кенелерді тоғышарлайды.
Зигомициттер класы- Zygomycetes. Класс жақсы клеткасыз дамыған немесе жетілген кезінде клеткалары жіпшумақ арқылы бөлінген саңырауқұлақтарды біріктіреді. Жыныссыз көбеюі қозғалмайтын жіпшесі жоқ спорангиоспораларымен немесе канидияларымен атқарылады. Жыныс процесі – зигогамия – клетка гаметталарына дифференцияланбаған екі клетканың қосылуынан тұрады.
Класс құрамына төрт қатар енеді, бұлардың біреуі – энтомофторлылар- өздеріне тек бір энтомофторлы тұқымдас саңырауқұлақтары жатады, бұлардың барлық өкілдері тегістей бунақденелілер тоғышарлары болып есептеледі.
Энтомофторлылар тұқымдасы (Entomophthoraceae). Энтомофторлы саңырауқұлақтар қоректенетін субстрат ішінде көптеген майлы тамшылары бар бір клеткалы нашар тарамдалған жіпшумақ- мицелий құрайды. Залалданған бунақденелілерде мицелий бұрыс пішінді және әр түрлі көлемді гифалды денеге – элементтерге ажырайды. Бұл элементтер ие денесіне гемолимфа арқылы таралып, бұзылған ұлпалардың орнын басып, дене ішін біртіндеп толтырады. Барлық ішкі мүшелері мен ұлпалар бұзылып біткенше саңырауқұлақ өсуі жүре береді.
Конидиялардың өнгенінен бунақденелілердің өлгенге дейінгі кезең ірі бунақденелілерде (шегіртке) 5-8 күнге, ұсақ бунақденелерде 2-3 (бітелер) күнге созылады. Гемолимфаның айналымының бұзылуы және саңырауқұлақтың бөлетін токсиндері мен ферменттерінің әсері өлімге ұшыратады. Залалданған бунақденелінің құрсағы ісінеді және айрылған жабыннан гифалды денелі сұйықтық ағады бұдан кейін бұлар өніп, өлген бунақдененің сыртына шығатын барқыт тәрізді өңезді мицелийге айналады (сурет 1).
Сурет 1. Entomophthora muscae.
Конидиялар бір клеткалы, қабырғалары жұқа, плазмалары түйіршікті және майлы тамшылары қабырғасы тегіс, түп жағы азды көпті емізік тәрізді.
Өлген бунақденелілердің құрсағының бауыр жағында энтомофтора туысының кейбір түрлерінде, яғни тарамдалған конидия тасушылары бар тамыр тәрізді құрылым – ризоидтар түзеді. Олар өлген бунақденені субстратқа бекітеді. Осындай қалыпта бунақдененілер көктемге дейін сақталуы мүмкін.
Энтомофторлы саңырауқұлақтардың ерекшелігі – пісіп жетілген конидияларды әжептеуір күшпен, олардың көлемінен мың еседен артық қашықтыққа лақтыруға болады. Конидия тасушының үзілуі кезінде құрылған перде астына плазма қысымы әсерінен лақтыру күші пайда болады.
Конидиялар тіршілік қабілетін 72 сағатқа сақтай алады. Суға түсісімен олар бірден өсе бастайды. Егер конидиялар сезімтал иелеріне кезікпесе, ол екінші, үшінші қатарлы (сатылы) конидияға айналып, бұлар тағыда атқыланады, яғни бұл олардың өмірін иесімен кездескенше ұзартады.
Энтомофторлы саңырауқұлақтар конидиядан басқа тыныштықта болатын спораларда түзеді, бұлар қысқы немесе құрғақшылық мегзілдері, яғни дамуы қолайсыз кезеңдерді өткізуге бейімделген. Споралар залалданған бунақденелілер денесіне түсіп, көктемде өнеді, иесі болмаған жағдайда олар өсу түтікшесін түзеді де, конидия тасушылар сияқты қызмет атқарады және конидиялардың бірінші, екінші, үшінші қатарларын лақтырады.
Тыныштық күйіндегі споралар саңырауқұлақ жіпшелерінен жынысты және жыныссыз жолдармен құрылады. Жыныссыз жолмен түзілгенде споралар гифалды дененің ортасында немесе ұшында құрылады.
Оған ішіндегі құйылады да, спора перде арқылы бөлінеді, ал саңырауқұлақ жіпшесінің босаған учаскесі өледі. Жыныссыз жолмен көбейген спораларды азигоспоралар деп атайды.
Жыныс процесі кезінде аталық және аналық гаметалар ағып қосылады. Бұлардың қызметін саңырауқұлақ жіпшелерінің әртүрлі көлемді учаскелері атқарады. Саңырауқұлақ жіпшесінің қосылған жерінде немесе оған жақын жерде тыныштық спорасына айналатын ісік пайда болады, ол бұл жағдайда зигоспора деп аталады.
Тыныштық күйдегі споралар ұзақ уақыт тіршілік қабілетін сақтайды және өлген бунақденелілермен бірге топырақ бетінде, мұнымен қатар ағаштардың сызаттарында, жарықтарында, өсімдік қалдықтарында қалады. Көктемде споралар бунақденелілер ауруының ошақ көздері болады.
Тұқымдас құрамына үш туыс енеді: энтомофтора (Entomophthora), массоспора (Massospora) және тарихиум (Tarichium). Ең кең тараған түрлері энтомофтора туысы – бұған 60-тан астам түр енеді. Бұл туыстар өкілдері бунақденелілердің 12 отрядына жататын бірнеше түрлерін залалдайды, бұлармен қатар кенелердің, өрмекшілердің, көпбаяқтылардың жәнеи жылы қанды жануардың кейбір түрлерін залалдайды.
Саңырауқұлақтардың қоректік мамандануы әр түрлі болады. Энтомофтора E.coronota Cost. Туыс өкілдері бунақденелілерді (термидтер, бітелер) ғана емес, мұнымен қатар жылқы, қашар және адамды да залалдайды. Бұл энтомофторлы саңырауқұлақтардың ішіндегі жылы қанды жануарлардың микоз ауруын қоздыратын жалғыз түр.
E. Sphaerosperma бунақденелілердің аз дегенеде төрт отряд өкілдерін залалдайды: бітелердің бірнеше түрлері, алма бүрге шіркейін, бітелерді, шыртылдақ қоңыздарды және олардың дернәсілдерін, қырыққабат ақ көбелегі мен күйе көбелегін залалдайды. Бунақденелілерге айтарлықтай жақсы маманданған түрі E. erupta Dust., соқыр қандалаларды залалдайды, E. Grylli Fres., шілделіктерді, шегірткелерді және E.aphidis Hofim. және E. thaxteriana Petch., бітелерді залалдайды.
Жәндіктердің бірінші реттік зақымдалуы топырақтағы немесе өсімдік қалдықтарындаға споралар арқылы жүреді. Бұл саңырауқұлақтар табиғатта кеңінен таралған. Саңырауқұлақ колород қоңызының тікелей зиян келтіретін ауруы болып табылады. Ауру жүйелі дамып отырып қоңыздың барлық денесінде жіпшумақтары тарамды (сурет 2).
Сурет 2. Колорад қоңызының саңырауқұлақпен залалдануы
Саңырауқұлақтардың массоспора туысы цикадкаларды залалдайды және де өздері аса маманданған болады. Мысалы, Massospora cicadina. Peck. Тек қана америкалық әнші цикадканы залалдайды. Көп уақытқа дейін энтомофторлы саңырауқұлақтар иесінен сырт ортада дамып жетілмейді деп есептелінген. Бірақ кейінірек бірнеше бунақденелілерден саңырауқұлақтың бірнеше түрін ажыратып алуға мүмкіндік болды және оларды қырықтан-астам ортада өсірілетін болды.
Культураның ең жақсы өсуі белок пен майға бай ортада байқалады, мысалы ірі қара малдың етінде шошқа етінде, тауық жұмыртқасының сары уызында байқалады. Ортада өсіруге жарамайтын түрлерді бунақденелілердің денесінде көбейтіледі.
Латвия ғылым академиясының биология институтында Е. thaxteriana Petch. Саңырауқұлағын көбейтуге сыра ашытқысы мен агардан жасалған қатты ортаны пайдаланады.
Жылы жайда өсімдіктерді 10-күндік саңырауқұлақ культурасынан жаңадан дайындалған суспензиясымен біріккенде бітелердің өлгендері 24 және 48 сағатта, айтылғанға сәйкес 42,6-81,1 және 66,2 -86,3%, кептірілген культурадан – 40,5-76,1 және 54,3-83% болған (Егина және басқалар, 1976). Жылыжайларда бітелер мен кенелерге қарсы күресу үшін энтомофторин препаратын дайындауға талпыныстар жасалуда (Егина және басқалар 1983). Бітелердің бұршақта және басқа дақылдарда эпизоотиясын болжау әдістемесі жасалған (Воронина, 1977).
Сурет 3. Entomophaga grylli. E.
Достарыңызбен бөлісу: |