Реферат Тақырыбы: «Дене шынықтыру сабағында қойылатын талаптар»


Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі)



бет4/4
Дата01.06.2023
өлшемі73 Kb.
#178127
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ðåôåðàò Òà?ûðûáû «Äåíå øûíû?òûðó ñàáà?ûíäà ?îéûëàòûí òàëàïòàð»

Салауатты өмір салты. (П.Иванов жүйесі).

5. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
• өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
• шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• арақ ішпе, темекі тартпа;
• аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
• денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
• ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады

Қорытынды.
Сонымен қорыта айтқанда дене шынықтырудың атқаратын рөлі ерекше. Оқушылар үнемі спорпен шұғылданып, жетілу үстінде болады. Осы кезде біз олардың дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал ете білуіміз қажет деп ойлаймын. Бала – біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тұғырын ұстап тұратын келешегіміз. Дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз десек ең алдымен ұлт саулығына , бала денсаулығына баса назар аударуымыз керек.
Елбасы Н.Ә: Назарбаев та жыл сайынғы халыққа жолдауында денсаулық мәселелерін басты назарда ұстап отырады. «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру.» делінген Қазақстан 2030 бағдарламасында.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3. К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет