Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп күрделенуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік қағидасы дейміз. Сабақ жүктемелерін демалыс,каникулден кейінгі кездерде жеңіл, аз көлемде, ақырын қарқында беріп бірте-бірте жоғарылатып отырған дұрыс. Жүктеменің біртіндеп өсуінің 3 түрі бар:
Түзу сызықты көтерілу түрі. (жүктеме біртіндеп артады, машықтану баяу, жаттықтыру сабақтары арасындағы демалу уақыты ұзақ болады.
Баспалдақты түрі. Көптеген жаттықтыру сабақтарында жүктеме тұрақты түрде тік жоғары көтеріліп отырады.
Толқынды түр. Бұл түр кезінде жүктеме жоғарылап қана емес төмендеп те тұрады. Машықтықты жоғарылату үшін келесі толқынды жоғары деңгейге көтеру керек. Соның арқасында жаттығу жүктемесін ең үлкен мөлшерде беруге болады. Жаттығушылардың функциональдық мүмкіншіліктері тұрақты өсіп отыруы оларға жоғары талаптар қоюды қажет етеді.
Бір жетілік циклде дене қуаты жүктемесінің көтерілу түрлері (Л.П. Матвеев ұсынысы бойынша)
Даралық қағидасы
Даралық қағидасы дене тәрбиесі үрдісінде жаттығушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Бұл қағида әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының ерекшеліктеріне, психикалық ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты. Даралық қағидасы дене тәрбиесі үрдісінде мынандай түрлерде қолданылады:
Топтық жұмыс арқылы. Бұл жағдайда жаттығушылар сыртқы бейне сипаттары бойынша бөлінеді: жыныс, жас ерекшеліктері, дене қуаты дайындығы.
Жекелей жұмыс істеу арқылы. Спорттық шеберлігі артуына байланысты жұмыстың топтық түрі жекелей жұмыс істеу түріне ауысады.
Дене тәрбиесі тәжірибесінде қағидалар әрекеті бір бірімен байланысты біріге қолданылып отырады. Осындай жағдай педагогтарды әдістемелік қағидаларды кешенді пайдалануға үндейді. Дене тәрбиесі сабақтары мен жаттығуларын жүргізу кезінде педагогикалық қағидалар сақталып, оқушылардың түйсіктілігі және жеке ерекшеліктері ескерілсе дене қуаты жүкте – месін үзбей жоғары деңгейде ұстауда оқытушының алдында көптеген мүмкіншіліктер ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |