Қозғалыс тәсілінің қиын элементтерін, қимыл – әрекеттерін іштей ойша қайталау. Адам сөз жүзінде айтылған хабардың 15%-ын, көзбен көрген нәрселерінің 25%-ын есте сақтайды екен. Егер осы екі хабарды беру тәсілі бірге орындалса, онда 65% хабар мазмұны есте сақталып қалады екен (Н.В. Краснов, 1977 жыл).
Жүйелілік қағидасы
Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде орындағанда ғана болады. Жүйелілік жаттығулар, сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сабақтар мен жаттығулар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты ағзаның шаршауы және қалпына келу үрдісі жүреді. Бұл жүйе 4 кезеңнен тұрады:
Жұмыс кезеңі.
Ағзаның қалпына келу кезеңі.
Жоғарғы өтем кезеңі.
Редукциялық кезең.
Жаттығушылардың жұмыс қабілеттілігінің бір жаттықтыру сабағы әсерімен өзгеру көрінісі (Л.П. Матвеевтің ұсынуы бойынша)
Реттілік қағидасы
Қимыл – әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар 3 дидактикалық ережеден тұрады:
Жеңілден – қиынға.
Бұрыннан меңгерілген қозғалыс шеберлігі мен дағдысының негізінде жаңа қозғалыстарды үйрете, қалыптастыра білу керек. Волейболдың негізгі дағдылары мен қозғалыстарын үйреткенде оларды рет-ретімен іріктеп, қарапайым жеңіл орындалатын қимыл-қозғалыстарды алдымен, содан соң күрделі жаттығуларды біртіндеп күрделендіре үйрету қажет. Дене тәрбиесі үрдісінің реттілік қағидасының ерекшелігі де осы жаттығулардың сабақтастық негізіне бағытталған. Оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуын ойластыру қажет.