Реферат тақырыбы: Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқытудың айырмашылығы. Орындаған: Асан Б. Е. Тобы: пмно-31


Қашықтықтан оқыту кімдер үшін қолайлы?



бет4/5
Дата07.03.2022
өлшемі29,58 Kb.
#134546
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат

2.3 Қашықтықтан оқыту кімдер үшін қолайлы?

Қашықтықтан оқыту:



  • мектеп, колледж түлектеріне;

  • екінші жоғары білімге мұқтаж жұмыс істейтін мамандарға;

  • жиі іссапарда немесе саяхатта жүргендерге;

  • бала күтіміне байланысты демалыста болған ата- аналарға;

  • арнайы білімге мұқтаж адамдарға;

  • ұзақ ем қабылдап жатқан адамдарға;

  • академиялық ұтқырлық бойынша оқып жүрген білім алушыларға және т.б . қолайлы;

Бұл оқыту жүйесімен кім оқи алады?


Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша төмендегілердің осы жүйемен оқуға құқы бар:



  1. Ерекше білімді қажет ететін тұлғалар (мүгедектер);

  2. Техникалық, кәсіптік және орта (колледж түлектері) және жоғары білімнен кейінгі базада қысқарған білім беру бағдарламаларымен оқитындар;

  3. Жоғары және/немесе ЖОО кейінгі білім бағдарламалары аясында шетелге білім алмасу мақсатында шыққандар ("Болашақ" иегерлері жатпайды);

  4. Шетелге ұзақ уақытқа (2 айдан көп) іссапарға кеткен ЖОО студенттері;

  5. Академиялық мобильділік (академиялық мобильділік – бұл білім алушыларды немесе зерттеуші оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге, яғни семестр немесе оқу жылына басқа ЖОО-ға оқуға немесе зерттеу жұмысын жүргізуге уақытша жіберу) бағдарламаларымен жоғары және/немесе ЖОО кейінгі білім беру аясында оқитындар;

  6. Қауіптілігі орташа түзеу мекемелерінде (мекемеде тиісті техникалық жағдайлары болса) жазасын өтеп жатқандар.

Қашықтықтан оқыту үшін қажет техникалық қамтамасыз ету:


Дербес компьютер, ноутбуктің болуы;
Компьютерлік мультимедиялық жабдықтың болуы: веб-камера, құлаққаптар /гарнитура;
Интернетке және веб-шолғыштарға қол жеткізу:
MS Office бағдарламалары және олардың аналогтары.

Қашықтықтан оқытудағы кері байланыс:


электрондық журналдар, интернет-платформалар;
электрондық пошта;
whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.;
ұялы және стационарлық телефон байланысы;
пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет