Қорытынды.
Әлемде болып жатқан індет білім жүйесіне жаңа өзгерістер алып келді. Біздің мемлекетіміз де осы өзгерістерді алғашқылардың бірі болып бастан өткерді. Қашықтықтан білім беру жүйесіне бірнеше аптаның ішінде ауысып үлгерді. Қашықтықтан білім беру дәстүрлі оқыту түрін алмастыра алады ма деген сұрақ ата-анадан бастап мұғалімдерге дейін ойландырып қойды. Онлайн оқыту қашықтықтан білім берудің жаңа түрі. Алғашында бұл оқыту түрі тек қосымша сабақтар үшін қолданылатын. Дегенмен соңғы айларда бұл сабақ түріне сұраныс артты. Сәйкесінше онлайн оқытуда қолданылатын құрал-жабдықтар, бағдарламалар, қосымшалар, онлайн тақталардың түрлері де өсті. Әрқайсысының өз артықшылықтары бар. Оны таңдау әркімнің өз еркінде.
Қашықтан оқуға еш дайындықсыз кірсе де ұстаздарымыз халық, ұрпақ алдындағы міндеттерін лайықты атқаруда. Алдағы уақытта да қашықтан оқытудың тәсілдерін меңгеріп, ғаламтордың шексіз мүмкіндіктерін игеріп, сабақты балаға қызықты етіп беруге тиіспіз. Бүгінгі педагогтің шығармашылығы оның виртуалды аудиторияда оқытуды ұйымдастыру шеберлігінен көрінетін болады. Бұл жұмыстар мұғалімдердің ақпараттық сауаттылық бойынша таным көкжиегін кеңейтеді. Ақпараттық сауаттылық пен тәжірибе – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс. Дәл бүгінгідей цифрлы төңкеріс заманында оның мүмкіндіктері шексіз. «Үйренгені бардың үйретері бар» демекші, мұғалімдеріміз қашықтан оқыту бойынша біліктілік курстарынан өтіп, оны практикада қолданатын болады.
Әдеттегідей таңғы уақытта үйлерінен шығып, мектепке ағылатын оқушылар қашықтықтан білім алды. Жаңа қарым-қатынас қашанда жас жеткіншектердің қызығушылығын тудыратыны рас. Жаңа топтар құрылып, жаңа чаттар ашылды. Күнде көріп жүрген ұстаз ағай-апайлардың бейнесін телефон мен ноутбуктан көріп, дауысын құлаққаптан еститін болды.
Қашықтан оқытуға байланысты сабақ барысында біраз өзгерістер болды. Мысалы, мұғалім дыбыстық хабарламалар жіберіп, бейнеролик жүктеп, слайдтардың көмегімен тақырыпты әрбір білім алушыға сапалы жеткізуі керек болды. Ал оқушылар кері байланыс ретінде тапсырманы орындап, оның нәтижесін ғаламтордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып фотосурет, дыбыстық хабарлама, тағы да басқа байланыс құралдары арқылы жіберіп отырды.
Оқытудың екі түрі де артықшылықтарға ие. Соған қарамастан қазір онлайн оқытуға деген сұраныс жоғары боп тұр. Әсіресе, онлайн оқыту қарапайым, ыңғайлы болғандықтан, жұрттың да таңдауы осыған түсіп тұрған сыңайлы. Қазақстан халқы онлайн оқытуға дайын әрі алдағы уақытта ғаламтор курстарына деген сұраныс артпаса, кемімесі анық.
Оффлайн курстарды, сабақтарды онлаймен толық ауыстыру мүмкін емес. Алайда бәсекелестікке келген кезде, оффлайнды жақтаушылар мен оны таңдаушылар көп.
- Оффлайнның басты қасиеті де сол – адамдармен жанды байланыс орнатуда. Мұны, өкінішке қарай, әзірше ешқандай онлайн платформа алмастыра алмайды.
Қашықтықтан оқу үшін студенттің өзіндік тәртібі мен өзін-өзі бақылау қабілеті жоғары болуы тиіс. Әйтпесе оқудың оң нәтижесі болмайды.
Қорытындылай келе, білім алу жолында дәстүрлі оқу мен онлайн оқу да өміршең екендігіне көзіміз жетті. Шәкірттеріміздің заман талабына сай білімді, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына дәстүрлі оқытумен қатар онлайн білім алудың да көмегі мол дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ақпарат дереккөзі:
https://massaget.kz/blogs/26645/
Egemen Qazaqstan
https://egemen.kz
https://bugin.kz
Достарыңызбен бөлісу: |