ШЖҚ «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғарғы медициналық колледжі» МКК
Реферат
Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылық
Орындаған: Хасанова Балғын 105-топ
Тексерген: Дильмухамедова Айман
2019-2020ж
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Отын-энергетика өнеркәсібі
3.Мұнай өнеркәсібі
4. Көмір өнеркәсібі
5.Машина жасау өнеркәсібі
6.Жеңіл өнеркәсіп
7.Ауыл шаруашылығы
Кіріспе
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі- дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді.Соңғы 100 жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің ¾ 20 ғасырдың 2-жартысына келеді.Ол 1900 жыл 1 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
Отын-энергетика өнеркәсібі
Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1- жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым боды. Одан кейін мұнай газ кезеңі келді. Бұл – қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. Бұл уақыт ішінде , негізінен , сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн ,жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Мұнай өнеркәсібі
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнайды өнеркәсібінің орны ерекше.Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан дүние жүзінде 18 орында , ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2- жартысында айтарлықьай дамыды.90-жылдардың ортасынды дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде , сондай – ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған . Ірі газ өндіретін елдер: Ресей , АҚШ, Канада , Нидерланд , Ұлыбритания. Қазақстан газ қорының көлемі жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде , ал газ өндіруден 40-45 орындарда.
Көмір өнеркәсібі
Көмір өнеркәсібінің дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады , бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі,негізінен , сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүзілік рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықтар сауда жасау , негізінен , теңіз жолдарымен іске асырылды. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын – энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі – электр энергеткасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер: Қытай, Ресей , АҚШ, Канада, Австралия , Украина , Бразилия , Үндістан, Қазақстан.
Болат қорытудан: Жапония , Ресей ,АҚШ , Қытай , Украина , Германия . Қазақстан жылына орта есеппен 5 млн.т болат қорытылады.
Машина жасау өнеркәсібі
Машина жасау өнеркәсібі осдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп певолюциясы кезінде пайда болған .Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік кәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік Экономика картадан , жалпы алғанда , машина жасайтын 4 аймақты бөліп көрсетуге болады .Олар – Солтүстік Америка , Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері.Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау – халықтар маманданудың басты саласы болып табылады . Дамушы елдер Дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді
Жеңіл өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші саласы – тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың 90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2 шамасында мата өндірілді.Егер қолөнер есепке алса, бұл сала қолөнер өндірісін есепке алса,бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ қалыптасқан. Олар Шығыс Азия , Оңтүстік Азия , ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан бастап Экономикасы дамыған батыс елдерінің дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі үлесі барған сайын кеміп келеді.Бұрын мата өндіруден диние жүзінде 1- орын алатын Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала , әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен арзан жұмыс күшіне бағдарланған.Мұнда өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа шығарылады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиар адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Бидай – дәнді дақылдарының ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы.Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ басым бөлігі: АҚШ, Канада, Австралия, Ресей ,Қазақстан , Украина , Қытай , Үндістан елдерінің үлесіне тиеді. Күріш адамзат баласының бидайдан кейінгі тағамы . 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның «күрішті» елдері береді.
Достарыңызбен бөлісу: |