Эйкозанондтар (гректің cikosi жиырма деген) молекулаында 20 көміртек атомы бар актиті органикалық қосылыстар.Осылардың алғы заты арахидон қышқылы С20:4- Эйкозаноидтар клетка ішіндегі химиялық реакцияларды реттеуші белгілі биологиялық заттардың ішіндегі ең күрделі және активтілері. Олар әрбір клеткада түіледі және сол клетка ішінде циклды АМФ немесе циклды ГМФ арқылы өздерінің рөлін орындайды. Олардың әсері бірнеше минутте іске асады, одан кейін ыдырайды, қаиетін жоғалғады. Сондықтан қалыпты денсаулық үшін полиқанықпаған май қышқылдары күнделікті тағамда болуы керек.
Химиялық табиғаты. Катехоламиндер тромбин және бақада биологиялық активті заттар клетка ішінде Са2 мөлшерін көбейту арқылы A2 фосфолипазаны активтейді.Бұл фермент мембренадағы фофолипидтерден арахидон қышқылының бөліні шығуын жылдамдатады.Циклооксигеназа Эйкозаноидтар ферментінің әсерінен эйкозаноидтар синтезі басталады. Арахидон қышқылы линол қышқылынан түзіледі.
Простагландиндер - дәрі-дәрмектілік белсенді касиеті бар простан қышқылынын туындысы. Простагландиндер антиген әсерінен болатын лимфоциттердің әртүрге ажыратылуы мен бөлінуіне және Т, В- торшаларының бір- бірімен байланысын реттеуге қатысады; антигенге сезімталдығы күшейтілген торшалардың реакциясына ұқсас жауап береді және I, III және IV түрдегі аллергиялық реакциялар кезінде туатын әртүрлі медиаторлардың бөлініп шығуын реттейді. лейкоциттердің сезімталдығын өзгертеді.
Простагландиндер өте аз мөлшерде адам және жануарлар ағзаларының барлық жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта болады.Простагландиндерді зерттеу 1933ж. бұлшық етті ынталандыру және қан қысымын төмендететін биогенді тұзды физиологиялық белсенді зат анықталған соң кеңнен өріс тапты.Кейіннен ол простогландин (ПГ) деп аталды,себебі ол қуық түбі безінде түзіледі деп болжамданды (glandula prostata ). Бұл простогландиннің құрылысы 1962 ж анықталды,ал 1968 ж оны алғаш рет алу мүмкіндігі туды. Қазіргі кезде бірнеше ондаған простогландиндер белгілі.Олардың бірнеше карбоксил тобы бар және молекуласы 20 көміртек атомдарынан тұрады,яғни бұл заттарды эйкозан қышқылының туындылары ретінде қарауға болады.