Реферат тақырыбы: Эйкозанойдтар, арахидон қышқылының туындылары Орындаған: Ғазиз Бекзат Тобы: 205а алматы, 2023



бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі45,75 Kb.
#191862
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
сроп биохим арх

Ағзадағы простагландиндердің биосинтезі,ең алдымен архидон қышқылы және т б. полиқанықпаған майлы қышқылдардың көмегімен іске асады.Өте аз мөлшерде простогландиндер адам және жануарлар ағзаларының барлық дерлік жасушаларында кездеседі,бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта (0.3г/г ) болады.

Простагланиндер(ПГ) - жоғарғы активті органикалық заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды 30 - жылдары ең алғаш швед ғалымы У.Эйлер тапты. Ол адам спермасында,бұлшық еттің жиырылуына жағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететін зат бар екенін анықтады, Простогланин деп аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің (простаттың) ұрықтық сұйық затынан бөліп алынды.

Қазір ПГ сүтқоректі жануарлардың эритроциттерінен басқа, барлық клеткаларынан табылды, бірқатар өсімдіктерден де алынды. ПГ затынын мүшелердегі, тканьдердегі мөлшері шағын, 103 г шамасындай. Осындай аз мөлшерінің өзі организмге өте күшті әсер етеді. Олар организмде жиналып калмайды, клетка аралығына үздіксіз шығып отырады. Гормондардан айырмасы ПГ өзі бөлініп шыққан жердің маңына әсер етеді және клеткалардан тыс жағдайда тез бұзылады(секундтың бірнеше бөлігінен 2 минут аралығында).


Химиялық табиғаты. Қазіргі кезде 20 шамасындай простагланиндер белгілі. Олардың бәрі - полиқанықпаған арахидон қышқылының туындысы, молекуласында 20 көміртегі атомдары және төрт қос байланыс бар(С204). ПГ латын алфавитінің бас әріптері - А,В,C,D,E,F, т.с.с. белгіленеді, молекуланың циклдық бөлігінен тыс орналасқан қос байланыс саны цифрмен көрсетіледі. Мысалы, ПГЕ 2 - Е простагландин молекуласында екі қос байланыс бар дегенді білдіреді. ПГ клетка мембранасында алғы заттан түзіледі, ол зат фосфолипаза көмегімен фосфолипидтерден бөлініп шығады Мұнда, ең алдымен, линоль қышқылы босап шығады, оның молекуласы көміртегінің екі атомына ұзарады және екі кос байланыс қалыптасады да, арахидон қышқылы пайда болады. Бұдан кейін циклопентандық немесе циклопентендік сақинаның арахидон қышқылы молекуласы тізбегінің ортасында тотығып түйісуі нәтижесінде ПГ түзіледі. Сонымен, ПГ дегеніміз- полиқанықпаған гидроксимай қышқыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет