Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Электрлік өлшеулер, өлшеу қателіктері жөнінде түсінік.
Орындаған: Пернебай А.
Қабылдаған: Камалов Ю.
Тобы: ЕП-21-3к2
Жоспар І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.1.Электрлік өлшеу туралы негізгі түсініктер
1.2.Өлшеу қателіктері
1.3.Ток пен кернеуді өлшеу
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Қазіргі кезде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды өлшеу жұмыстарының көпшілігі электр тогын қолдануға негізделген. Ал электр тогын пайдалану үшін әртүрлі электрлік құрал-жабдықтар керек. Электрлік өлшеу құрал-жабдықтарына физикалық шамалардың өлшемдіктері, өлшеуіш аспаптар мен өлшеуіштік түрлендіргіштер кіреді.
Өлшемдік деп физикалық шаманың қабылданған мәнін сақтайтын, оны қайталайтын немесе оның орнына қолданылатын өлшеу құралын айтады. Мысалы, электрлік кедергінің өлшемдігі, электр сыйымдылығының өлшемдігі т.с.с. Өлшеу дәлдігіне және қолдану аймақтарына қарай өлшемдіктер эталондық, үлгілік және жұмыстық өлшемдіктерге бөлінеді.
Эталондық өлшемдік деп физикалық шаманың өлшем бірлігін сақтайтын және одан басқа өлшемдіктер үшін көшірме алуға арналған құралды айтады.
Үлгілік өлшемдіктер жұмыстық өлшемдіктер мен өлшеуіш аспаптарын өлшемдеуге және оларды тексеруге, ал жұмыстық өлшемдіктер өндіріс орындарында, ғылыми т.б. мекемелерде өлшеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Негізгі бөлім Электрлік өлшеуіш аспаптары деп физикалық шамалардың мәндерін адамның қабылдауына қолайлы түсінікті информация түрінде бере алатын өлшеуіш құралдарын айтады. Мысалы, вольтметр, амперметр, ваттметр, санауыш т.б.
Өлшеуіштік түрлендіргіштер негізінде электрлік немесе бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіріп, кейін оны электрлік өлшеуіш аспаптарымен цифрлық мәнге айналдыру үшін керек. Әдетте электрлік шамаларды электр сигналына түрлендіргіштер ретінде шунттар, кернеу бөлгіштер, өлшеуіштік трансформаторлар т.б. қолданылса, ал бейэлектрлік шамаларды электр сигналдарына түрлендіру үшін терморезисторлар, терможұптар, тензорезисторлар, сыйымдылықты және индуктивті түрлендіргіштер т.б. қолданылады.
Өлшеу тәсілдерін тікелей және жанама өлшеу деп бөледі. Егер электрлік шаманың мәні өлшеу аспаптары арқылы тікелей айықталатын болса, онда мундай өлшеуді тікелей өлшеу деп атайды.
Мысалы кернеуді вольтметрмен, куатты Ваттметрмен өлшеу. Жанамалап өлшеу тәсілінде керекті шаманың мәні басқа бір шаманың тікелей өлшенген мәні арқылы, осы екі шаманың арасындағы белгілі тәуелділікті пайдалана отырып анықталады. Мысалы, элементің кедергісін оның кернеуі мен тогының өлшенген мәндерін Ом занының өрнегіне қойып табу. Жанамалап өлшеуге керекті шаманың мәнін өлшемдікпен салыстырып табу да жатады. Мысалы, кедергінің мәнін көпірлі тізбектің қасиетін пайдаланып мәндері белгілі кедергілер арқылы табу.