Реферат тақырыбы: Электротехника негіздері Бір фазалы айнымалы ток тізбегі мәні. Орындаған: Дилдахан Дана


Айнымалы токтың генераторлары туралы ұғым



бет3/4
Дата14.04.2022
өлшемі0,53 Mb.
#139216
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Дилдахан Дана
Дилдахан Дана Еп-20-3к6 , Эл есеп, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org, Жания ЖДТ 1, 251499.pptx, Тоқжан Аягөз Бөж неврология, 242
Айнымалы токтың генераторлары туралы ұғым

Өндірістік жиіліктегі айнымалы токтың энергия көзі ретінде электр машиналы генаратор пайдаланады, оған айнымалы қозғалыс беретін бірінші қозғалыстар бу машиналары гидравликалық турбиналар және т.б. қозғалтқыштар.


1-сурет. Айнымалы ток генераторы

Электр машиналы құрылысы-суретте көрсетілген генератордың қозғалмайтын бөлігі статордан және айналатын /қозғалмалы/ бөлігі ротордан тұрады.
Көпшілік жағдайда роторда электр магнит орналасады. Ротор орамдарын оның қоздырушы орамасы дейді. Ол щеткалар мен сақиналар арқылы тұрақты көзінен қоректенеді. Жұқа электротехникалық болат қаңылтырдан құрастырылған статордың орамаларының өткізгіштері орналасады. Ротор тоғы тудырған тұрақты магнит ағыны ротордың өн бойы арқылы статор мен ротор арасында ауа саңылауы және статор орталығы арқылы өтеді. Ротор айналған кезде осы магнит ағыны статордың өткізгіштерін (орамдарын) қиып өтеді, яғни оларда ЭҚК –і пайда болады.
Ауа саңылауында магнит ағыны осы өткізгіштерге перпендикуляр болғандықтан, онда пайда болтын ЭҚК-і мынаған тең болады

e= BLU;
мұндағы:
- B-магнит индукциясы
- L-ұзындығы.
- U–магнит өрісі жылдамдығы
Генератор жұмыс істеген кезде жылдамдық u тұрақты болады. Сондықтан уақыт бойынша ЭҚК –інің өзгеруі ротор шеңберіндегі магнит индукциясының өзгеруіне ғана байланысты. Генератор құрылысын ойластырғанда ротор шеңберіндегі магнит индукциясының таралуы синусоидалы немесе соған жуық түрде болуы керек екендігі ескерілген. Сондықтан статордың орамында синусоидалық ЭҚК-і пайда болады.
Ротор бір айналған кезде, ЭҚК-інің толық Р-циклдік өзгерісі болады (мұнда Р-қос полюс саны.) Егер ротордың айналу жиілігі п-айн./мин тең болса, онда минутына Р п период болады. Сондықтан ЭҚК –інің жиілігі мынаған тең
f = Pn/60

Жиілік f=50 Гц –ке тең болған кезде бір қос полюсі бар генератордың айналу жиілігі 3000 айн/мин болуы керек.
n=50х60/1 айн/мин, ал 2 қос полюс болғанда n=50х60/2 айн/мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет