Реферат Тақырыбы: Есептеу есептерін шығаруға үйретудің әдістемесі



Дата16.03.2023
өлшемі10,8 Kb.
#172726
түріРеферат
Байланысты:
Әбутәліп Диас ЕП-20-3К2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ және ПЕДАГОГИКАСЫ» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ«физика» КАФЕДРАСЫ

Реферат


Тақырыбы: Есептеу есептерін шығаруға үйретудің әдістемесі

Есеп шығару – оқыту үрдісінің маңызды элементы. Есептер қандай да бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материалдар береді. Сондықтан есептердің оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көруде үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімнің практикалық маңызы болмайды. Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді, оқушылардың қызығушылығыноятады, өзіндік жұмыс дағдыларын игеруге көмектеседі, әрі өзіндік ой қорытудың бірден-бір құралы болып табылады. Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді. Сондай-ақ, есептер шығару – қайталаудың, пысықтаудың, оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы. Есептің түрлері және оларды шығару тәсілдері әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен беріледі: «Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар».


Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің, бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.
Сандық есептер – бұл есептерде қойылған сұрақтардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық талдау да қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық талдаумен (анализмен) толықтырады. Сандық есептер қиындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есептеулерді қажет ететін, әдетте бір-екі амалмен шығарылатын есептер аталады. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.
Сандық есептерді шығару үшін: арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік тәсілдер қолданылады.
Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданыладыжәне есептеудешамамен арифметикадан есеп шығарғандай жүргізіледі. Есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі. Геометриялық тәсілде – геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады.
Мәтіндік есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік – техникалық мазмұнды есептер және тарихи мазмұнды есептер. Кейде мәтіндік есептер қатарына «қызықты есептер» (занимательные) де жатқызылады.
Есептердегі эксперимент түрліше қолданылады. Кейбір жағдайларда демонстрациялық столда жүргізілетін тәжірибеден немесе оқушылардың өздері орындаған тәжірибелерінен есептер шығаруға қажетті мәліметтерді алады. Бұл жағдайда есепті тәжірибесіз шығаруға болмайды. Екінші бір жағдайларда есептің шартында көрсетілген мәліметтерге сүйеніп, есепті тәжірибесіз де шығаруға болады. Мұндай жағдайларда тәжірибені есепте айтылған құбылыстар мен процестерді иллюстрациялау үшін пайдаланылады. Бірақ егер эксперимент тек қана есепті тексеру үшін қолданылса, ондай есепті эксперименттік деп атауға болмайды.
Эксперименттік есептерді шығару барысында оқушылардың бақылағыштығы дамумен қатар, аспаптармен жұмыс істеудегі дағдылары жетіледі. Мұнда оқушыларфизикалық құбылыстар мен заңдардың мәнін тереңірек танып біледі.
Графиктік есептерді шығару процесінде графиктер қолданылады.Есеп шығару . есептін шартын талдаған соң оны шығаруға ауысады. Есеп шығаруды қысқаша түсіндірулермен қатар жүргізу керек. Есептеуде ұтымды әдістермен, ал жазудың атауларын мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қабылданған белгілеулерін қолданып жүргізген дұрыс. Есептің жауабы айқын ерекшеленіп көрсетілуі керек. Жауабын тексеру және бағалау. Есептің шыққан жауабын тексеру қажет. Ең алдымен оқушылардың жауабының шындыққа сәйкес болуына назар аудару керек. Кейбір жағдайларда оқушылар есеп шығарғанда есептің шартына тіпті сәйкес келмейтін, ал кейде қисыны келмейтін нәтижелер (жауаптар) алады. Оның себебі – есептеу процесінде есептің нақты шартымен байланысты болмауында. Осыдан қате шыққан шалағайлығыоқушылар назарынан тыс қалады. Бұл кемшілікті болдырмау үшін оларды алдағы күтілетін нәтижені «болжауға» немесе алдын ала есептеуді пайдалануға, сондай-ақ шыққан жауаптың нақтылығы тұрғысынан сын-талдау жасауға үйрету пайдалы. Оқушылар есептің шешуінің дұрыстығын тексеру үшін оны басқа тәсілмен шығарып,нәтижелерді салыстырып,сондай-ақ физикалық шамалардың атау бірліктерімен амалдарды орындай отырып ж/е жауабын есептеп шығуға тиіс атауларымен салыстыра отырып тексереді. Оқушылардың есепті шешудің атау бірліктеріне амалдар жасау жолымен тексеру әдісін қолдану дағдыларына машықтануына тиісті көңіл бөлу керек.Сабақта оны бірнеше қайтара пайдаланған соң тексерулдің осы әдісінің алгоритмін беруге болады.Табылған шешудің жалпы түрде дұрыстығын тексеру үшін,шешуінің өрнектейтін формулаға әріпті белгілеулердің орнына физикалық шамалардың атау бірліктерін қойып, оларға шамалармен орындалатын амалдарды жасаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет