Реферат тақырыбы: фазалық ауысулар тобы: фек-205 орындағАН: молдарахмет ерасыл қабылдағАН: профессор баймолда досан



бет3/6
Дата23.05.2023
өлшемі361,14 Kb.
#177556
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Молдарахмет Ерасыл реферат фазалық вуысулар



Фазалық ауысудың теориясы

Фазалық ауысу процестерін зерттеудің практикаға, техникаға және теорияға маңызы зор. Қатты дененің физикасының дамуына байланысты сегнетоэлектриктерді, феромагнитиктерді, асқын өткізгіштік күйлерін фазалық ауысуларды зерттеу өте қажет. Содан кейін фазалық ауысуларға қандай факторлар әсер ететінін білу керек. Бұл зерттеуге сүйеніп, фазалық ауысуды белгілі бір бағытта жүргізуін байқаймыз, мысалы, темпертураны үлкен диапозонда өзгертуге болады.Фазалық ауысулардың территориясы қазіргі заманда екі бағытта зерттеледі. Ал, феноменологиялық теория термодинамикалық функцияларды пайдаланады және статистикалық теория фазалық ауысуларды зерттеу үшін заттың микроскопиялық құрлысын еске алады. Бұл теория қазіргі заманда толық құрылған жоқ. Сондықтан бірінші бағыт феноменологиялық теория қолданылады. Феноменологиялық теорияға академик Ландау теориясы жатады.


Клапейрон - Клаузиус теңдеуі– заттың бір фазадан басқа бір фазаға (булану, балқу, сублимация, т.б.) ауысу процесін сипаттайтын термодинамикалық теңдеу. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі бойынша тепе-тең күйде өтетін процестегі L фазалық ауысу жылуы (мысалы, булану жылуы, балқу жылуы) мына өрнек бойынша анықталады:
d�d�=���
, мұндағы T – ауысу температурасы (изотермиялық процесс), dp/dT – фазалық тепе-теңдік қисық сызығындағы қысымның температура бойынша алынған туындысы, ΔυΔ� – 1-фазадан 2-фазаға ауысу кезіндегі зат көлемінің өзгерісі. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі француз оқымыстысы Б.П. Э.Клапейрон (1799 – 1864) сұйықтық пен жылулық тепе-теңдікте тұрған конденсацияланған буға арналған Карно циклін талдау нәтижесінде алды (1834). 1850 ж. неміс физигі Р.Клаузиус (1822 – 1888) теңдеуді одан әрі жетілдіріп, оны басқа да фазалық ауысуларға арнап, қорытындылады. Бұл теңдеуді жылуды жұту немесе шығару арқылы өтетін кез келген фазалық ауысуларға қолдануға болады. Клапейрон - Клаузиус теңдеуін шешу үшін L, V1 және V2 шамаларының температура мен қысымға байланысты қалай өзгеретіндігін білу қажет. Мұның өзі күрделі мәселе. Әдетте, бұл тәуелділік тәжірибе жүзінде анықталып, Клапейрон - Клаузиус теңдеуінің сан мәні есептеледі. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі таза заттармен қатар ерітінділерге және олардың жеке құраушыларына да қолданылады. Соңғы жағдайда Клапейрон - Клаузиус теңдеуін берілген құраушыдағы будың парциал қысымын, оның парциал булану жылуымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет