Реферат Тақырыбы: Ферменттер Орындаған: Жақия Мирас Тобы: 21-01 Қабылдаған: Мақсұтбекова Гүлжанат Тілеубаевна



Дата10.11.2022
өлшемі32,03 Kb.
#157527
түріРеферат
Байланысты:
Гормондар реферат


С .С ейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Реферат
Тақырыбы: Ферменттер
Орындаған: Жақия Мирас
Тобы: 21-01
Қабылдаған: Мақсұтбекова Гүлжанат Тілеубаевна

Фермент - барлық тірі организмдер құрамына кіретін, биокатализатор қызметін атқаратын күрделі ақуыздар. «Фермент» мен «энзим» терминдерінің мағынасы бір, синонимдер, әр түрлі елдердегі қолданысына қарай екі атаумен аталды.


Ферменттердің ерекше маңызды қасиеттері - өте жоғары белсенділігі және таңдамалы спецификалық әсері - әр фермент белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Осы қасиеттеріне байланысты ферменттерді ерте кезден бастап адамның тұрмыс – тіршілігінде кеңінен қолданылып келеді (шарап, сыра, сірке су алу, тері, ет өндеуінде).
Қазіргі кезде 3000-ға жуық ферменттер белгілі, сонын ішінде, 150 түрі – кристалды түрде бөлініп алынған, 300 – көпмасштабты өндіріс жолға қойылған.
Қазіргі кезде, ферменттерді кеңінен қолданушы және өндірушы елдер: Жапония, АҚШ, Англия, Голландия, Германия, Қытай.
Жапонияда - 55-60мың тонна/жылына ферменттер шығарылады, оның ішінде 38% ауыл шаруашылықта, 26% тағам өндірісінде және т.б. пайдаланылады. АҚШ-та - 30-35мың тонна/жылына ферменттік препараттарды өндіреді. Өндірістік масштабына байланысты ферменттер - үшінші орында, антибиотиктер мен аминқышқылдардан кейін.

Негізгі бөлім


1. Ферменттер туралы жалпы түсінік


Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі болса да, оның табиғаты қасиеті соңғы жылдары ғана анықтала бастайды.


Әдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализаторлар деп атайды. Ал ферменттер − өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат. Мұның қатысуынсыз заттардың ағзада сіңуі мүмкін емес. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей ат салысады. Фермент (латыншада fermentum − ашу деген маңына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде − enaum − ішкі, zyme − ашытқы деген мағына береді.) деген сөз де қолданылады.
Ферменттер − ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген және мыңдаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда жекелеген қосындылардың синтезі мен мыдырауын, зат алмасу процестерін және тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.
Биохимиялық даму тарихында үңілсек, бұл едәуір дәрежедегі ферменттерді зерттеу тарихы деп білуіміз тиіс. Ферменттер туралы ілімнің дамуы көне заманға барып тіреледі. Мыңдаған жалдыр бойы адам баласы шарап ашыту, ірімшік жасау, нан пісіру, тері илеу, сыра қайнатушылық кәсіппен шұғылданғаны белгілі. Бірақ бұл процестерге ферменттердің тікелей қатысының барлығын адамдар білмеген еді. Себебі сол кезде ғылым онша дамымаған.
Ферменттер қатысатын процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу XVII ғасырдың орта кезінен басталады.
Ең алғаш таза ферментті 1926 ж. жас биохимик Дж.Самнер кристалл түрінде алды.

Ферменттердің құрылысы. Тірі организмде жүретін барлық процестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы организмге тән макромолекулалар түзіледі.


Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Мысалы, мальтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменті басқа қанттарға эсер етпейді.
Ферменттер әрекетінің негізіңде үш түрлі әсер жатады

  1. жинақтау (концентрациялау әсері);

  2. бағдарлау (ориентациялау) әсері;

  3. көп бағытты катализ.

Ферменттер алдымен ерітіндіден қоректі заттар субстратының әр түрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды, қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзтерістерін тездетеді.
Белоктар, майлар, көмірсулар молекулаларының құрамындағы ком-поненттер көбінесе ангидридтік байланыстар арқылы полимерлер түзеді. Бұл байланыстар ферменттердің әрекетімен су қосу арқылы (гидролиз) үзіледі. Соидықтан бұл процесті гидролиздік ыдырау, ал оны қамтамасыз ететін ферменттерді гидролазалар деп атаңды.
Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты жылылық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Өсімдік тектес азық құрамында организмде қиын қорытылатын және ас қорыту сөлдерінде ерімейтін заттарға бай клетчатка көп мөлшерде болады.Ферменттердің бұл әрекетін жинақтау (концентрациялау) әсері деп атайды. Қоректік заттардың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін фермент беткейіне жинақталған субстраттар молекулаларының белгілі аудандары бірбірімен жанасуы керек, демек олар бірінебірі бағдарлануы керек. Ферменітердің осындай бағдарлау әрекетінің әсерінен қоректік заттардың ыдырау процесі мыңдаған есеге шапшандайды.



  1. Барлық ферменттер глобулярлы нәруыздар болып келеді.

  2. Ферменттер туралы ақпарат басқа нәруыздар сияқты ДНҚ-да кодталған.

  3. Ферменттер катализатордың қызметін атқарады.

  4. Ферменттердің болуы реакцияның соңғы өнімінің табиғатына әсер етпейді.

  5. Ферменттер эффективті жұмыс жасайды, аз мөлшері субстраттың көп мөлшерін өнімге айналдырады. Мысалы, бір каталаза ферментінің молекуласы қалыпты дене температурасында бір секунд аралығында 600 мың сутегінің асқын тотығының молекуласын су мен оттекке ыдыратады. Орташа алғанда ферменттер бір секунд ішінде 1000 жуық реакцияларды катализдейді. Катализаторларсыз реакциялар миллион есе баяу жүретін еді.

  6. Ферменттер жоғары және арнайы маманданған, бір фермент тек бір субстратты катализдейді.

  7. Ферментпен катализдейтін реакция қайтымды болып келеді.

2. Ферменттердің аталуы және жіктелуі


Ферменттердің казіргі кезде қолданылып жүрген атауларын Халықаралық биохимиялық одактын, комиссиясы 1961 жылы бекіткен болатын.


Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік (рационалды) атау және тривиалдык (жұмысшы, іскерлік атау). Ферменттердің жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірак ол реакцияға кірісетін субстрат және фермент катализдейтін химиялық реакция женінде толык мәлімет береді.
Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде колданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол торт саннан түрады және бұл сандардыц арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз катарындағы рет санын көрсетеді. Ферменттердің шифрындағы әрбір сан бір-бірінен нүктемен бөлінеді.
Ферменттердің тривиальдык атаулары кыска да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, бір ферменттің жүйелік атауы: АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиальдык атауы глюкокиназа (гексокиназа). Біз бұл кітапта ферменттердің тривиальдык атауын колданамыз. Тривиальдык атаулар негізінен екі жолмен пайда болады:
1) фермент эсер ететін субстрат атауына «аза» жүрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глкжозаның екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады;
2) фермент катализдейтін реакция атауына «аза» қосып алуды катализдейтін фермент гидролаза деп аталады, субстраттың сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогеназа деп, химиялық топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп атайды. Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар.
Мысалы: пепсин, трипсин, папаин, эластаза т.б. Өздері катализдейтін реакциялар түріне байланысты ферменттер 6 класқа бөлінеді.

  1. Оксидоредуктазалар

  2. Трансферазалар

  3. Гидролазалар

  4. Лиазалар

  5. Изомеразалар

  6. Лигазалар (синтетазалар)

  7. Оксидоредуктазалар

3. Ферменттердің негізгі қасиеттері


Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:


S + E → S·E → EP → E + P
Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады:

  1. Барлық ферменттер глобулярлы нәруыз болып табылады.

  2. Ферменттер жайында ақпарат, басқа да нәруыздар секілді ДНҚ-да сақталған.

  3. Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. Реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады.

  4. Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді.

  5. Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.

  6. Ферменттің активтілігі pH ортаға, температураға және субстрактың концентрациясына байланысты өзгереді.

  7. Ферменттер катализдік реакция энергиясының белсенділігін түсіреді.

Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді:



  1. Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын катализдеді.

  2. Трансферазалар – реакцияларда атомдар мен атомдар топтарын тасымалдайды.

  3. Гидролазалар – судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзеді

  4. Лиазалар – субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакцияларды катализдейді.

  5. Изомеразалар – бір изомердің екінші изомерге ауысуын тездетеді.

  6. Лигазазалар - АФТ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С−N , С−S байланысын құрады

Фермент молекуласының ферменттік қасиетін анықтайтын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы р амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.
Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілетті топтары бар мынадай амин кышқылдары кездеседі.

  • Цистеин, оның кұрамында сульфгидрильдік топ - SН бар;

  • Серин, оның құрамында гидроксильдік топ - ОН бар;

  • Гистидин, oның құрамында имидазол сақинасы бар;

  • Аспарагин қышқылы мен глутамин қышқылы, ол екеуінің құрамында екінші карбоксильдік топ - СООН бар;

  • Триптофан, құрамында индол сақинасы бар;

  • Гидрофобты амин қышқылдары, ондай амин қышқылдары құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын (туыс) гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.

Қорытынды

Ферменттер биологиялық катализатор ретінде әрі гомогендік, әрі гетерогендік катализатордың белгілерімен сипатталады. Ферменттредің аса тұрақсысдығына байланысты әсері де көптеген факторларға тәуелді келеді. Катализдік әсерін су ерітінділеріне көрсетеді. Ферменттердің гомогендік және гетерогендік катализаторларының жалпы белгілерімен қатар, ерекше қасиеттері де болады. ферменттердің негізгі ерекшелігі, жоғары катализдік активтігі мен өте жоғары талғампаздығында. Себебі: ферменттердің құырылыс ерекшелігі мен әсер ету мезханизмінде. Ферменттер катализаторлар сияқты активация энергиясына әсер етіп, оны төмендетеді.


Ферменттік катализдің өзіне тән белгісі, оның мультпеттігі, яғни бір мезгілде бірнеше реакцияға көптеген активті орталық пен сәйкес субстраттарды қатыстыруында.
Ферменттердің «өмір кілті» деп атағанда, олардың әсер ететін ортасының ерекшелігі бірсыпыра жағдайда негізге алынған. әрбір фермент белгілі бір заттарға ғана әсер етеді. Фермент заттың молекуласында кілттің құлыпқа дәл тура келуі керек. Э.Фишердің айтуы бойынша.
Ферменттер − тірі оганизмдерде өте көп тараған. Ферментер клетканың тек белгілі бір аудандарында ғана шоғырланған.
Қорытынды ретінде айтатын болсақ, ферменттер біздің өмірізде, адам организмі үшін ең қажетті зат болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет