ІІІ. Қорытынды
Біздің елімізде жоғары сапалы ферменттер өндіру жылына бірнеше килограмм ғана. Мұндай ферменттер алу үшін продуценттер биомассасы көлемін ұлғайту керек. Жоғары сапалық қоректік орталарды шығару үшін
моно және олигоқант және терең гидролизатты белок өндіру керек. Ол үшін орта компоненттері дефицит емес. Органикалық азоттың көзі ретінде майсыздандырылған сүт, гидролизденген протосубтилинмен пайдаланады. Ал көмірсудың потенциалды көзі ретінде ферментгі крахмал гидролизаты (глюкоамилазамен өңделген) болу керек.
Органикалық азот көзі болып ферментті ашытқы гидролизаты да болады. Қоректік ашытқы гидролизаты казеин гидролизатын, триптон және пептон-ның орнын ауыстыра алады.
Фермент биосинтезінде ортаның қышқылдығы, өсіру жағдайы, темпера-тура маңызды роль атқарады. Саңырауқұлақтарда орта рН-ы төмендегенде амилолитикалық комплекстің қышқылға төзімділік компонеті биосинтезі жоғарылайды. рН өзгерсе пектолитикалық комплекс құрамы да өзгереді.
Барлық іс жүзінде биореакторлар (ферменттерлер) рН деңгейін мөлшерде бақылап отырады. Анаэробтарға жататын фермент прдуценттері қатаң оттексіз жағдайда культивацияланады. Ортаның оттекпен қанығуы биомассаның өсуіне әсер етеді. Нәтижесінде синтезделген фермент өседі. Бұл Saccharomyces cerevisiae ашытқысын зерттегенде жақсы байқалған. Ол көп-теген ферменттер алуда қолданылады. Осылайша, культивация жағдайында қоректік ортаны оптимизациялау, жоғарғы сапалы әрі ферменттердің мол өнімін алу үшін маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |