Реферат тақырыбы: Ферментті технология ҚабылдағАН: Алашбаева Лилия Жанабаевна



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі49,3 Kb.
#110219
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ферментті технология


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Ферментті технология


ҚАБЫЛДАҒАН: Алашбаева Лилия Жанабаевна

ОРЫНДАҒАН: Мұхаметқали Аяжан Берікқызы

Тараз 2020
Ферментті технология

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Микроорганизмдер ферменттері.

2. Клетка ішілік ферменттердің өндірісі

3. Фермент продуцентін культивациялау

ІІІ. Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


І. Кіріспе
Ферменттер - адамзат өмірінде, әр алуан салаларда биологиялық катализатор ретінде кеңінен қолданылады. Ферменттердің негізгі көздері жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер болып табылады. Қазіргі кезде 2000-дай ферменттер анықталса, олардың бірнеше жүзі жеке зат ретінде бөлініп шығуда.

Микроорганизмдерде зат алмасу үдерісінде ферменттер жүйесінің жұмысының өте белсенді жүретін қасиеті, фермент өңдіруші ретінде пайдалануға қызығушылық тудырады.

- Микроорганизмдердің өте белсенді метаболизмі олар биомассасының өте жылдамдықта өсуімен байланыстығын айтуға болады.

- Микроорганизмдердің көбінің адамзат азық түлігіне ешбір пайдасыз арзан субстраттарды пайдаланып өсуі олардың негізгі қасиеті.

- Микроорганизмдер клеткасының өте көп бөлігін жеке ферменттер құрайды.

Олардың бір мысалы - фототрофты бактериялардың рибулезобифосфаткарбоксилазалар кейде белок ерітіндісінің 40-60% құрайды.

- Көптеген микроорганизмдер ферменттерін клетка сыртында қоректік ортаға бөліп шығарады.

- Микроорганизмдер клеткасымен бөлінген ферменттерді алу, жануарлар мен өсімдіктер ұлпаларынан бөліп алумен салыстырғанда өте оңай.

- Кейбір ферменттер тек микроорганизмдерде табылған. Ондай фермент-терге: танназа, керотиноза т.б. жатады.

Әртүрлі организмдерден алынған бір реакцияларды катализдейтін ферменттер әртүрлі қасиетте болатыны белгілі болып отыр. Мысалы глутаминді Аzоtоbасtеr аgіlіs - клеткасынан рН=6.0-7.0, Сlоstrіdіum wеlсһіі -5.0, Мусоbасtеrіum tисеrсиlоsіs-8.3-те алуға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет