Реферат Тақырыбы: Ғылым философиясының негізгі қызметі Орындаған: Советханов Ә. М. Топ: мфз-001 Тексерген: Мұқатаева А. А



Дата07.02.2022
өлшемі23,12 Kb.
#89736
түріРеферат
Байланысты:
Ғылым философиясының негізгі қызметі
1-4 жылдық, 1-4 жылдық, 8 ҚМЖ Ш.С.Толеуханова, 8 ҚМЖ Ш.С.Толеуханова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану математика факультеті
Реферат
Тақырыбы: Ғылым философиясының негізгі қызметі

Орындаған:Советханов Ә.М.


Топ: МФЗ-001
Тексерген: Мұқатаева А.А.

Семей, 2020


Жоспар

Кіріспе

1. Ғылым философиясының зерттеу пәні мен , ғылым тарихымен байланысы.


2. Позитивизм.
3. Екінші позитивизм.
4. Неопозитивизм.
5. Ғылым философиясының негізгі қызметі .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Философия ғылыми білімнің кіріккен түрі, оның ішінде қоғам, мәдениет, адамзат тарихы білімінде де (Платон, Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т.б.). Ғылымға дейін, ғылыми емес, парағылыми, жалған ғылым және ғылымға қарсы формалар ғылымнан тыс және қоғам, мәдениет, адамзат тарихы туралы ғылымнан тыс білім. Әлеуметтік-гуманитарлық цикл ғылыми пәндерін қалыптастыру: эмпирикалық мәлімет және тарихи-логикалық реконструкция. Әлеуметтік мәдениет шарттылығы ғылыми білімнің пәнаралық құрылымында: әлеуметтану, экономика, саясаттану, мәдениет туралы ғылым қоғамның кейбір сфераларында өзіндік қатысты танымды көрсетеді. ТМД-ң әлеуметтік контекске тәуелділігі: классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес ғылым. ТМД феномені және оның өркениетті мәні. Ресейдегі әлеуметтік ғылымдар және басқа батыстық емес елдер әлеуметтік білімді қолданудағы Ресейлік контекс және оның парадигмасының ауысымы. Посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік ғылымдар және еуропалық және әлемдік ғылыми қоғамдар. Қазақстандағы әлеуметтік әдіснаманың және әлеуметтік мәннің жаңа парадигмасы.


1.Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысын қамтиды. Пəні: ғылым философиясы келесі сұрақтарға жауап беруге бағытталған: ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері қандай? Ғылым қандай əдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым еместің айырмашылығы неде? Философия, діндік сана, жалпы əлеуметтік-мəдени тұрғыда ғылыммен қандай өзара байланыс түрлері қалыптасады? Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған. Ғылым философиясының қалыптасу себептері:
1. Институционалдық революция - профессияландыру (қызметтендіру). Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Билік табиғаттану ғылымдарында болған соң.
2. Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар ғылыми пəндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, əлеуметтану, тарих, жантану. Əдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды. Ғылым философиясы ХІХ ғ. – ХХ ғ. Бірінші позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды философия курсы» атты шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң.
Оны Конт келесі түрде анықтайды: «Біздің əр идеямыз, білімнің əр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық немесе фиктивті (жалған), метафизикалық немесе абстракциялық, ғылыми немесе жағымды». Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияга айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның рөлі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі - нақты ғылымдардың күрделі нəтижелерін синтездеу; екіншісі - ғылыми танымның əдістерін дамыту.
2. Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пəн ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, «Логика жүйесі» атты əдіс мəселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :
- табиғаттанудағы индуктивті əдістер;
- əлеуметтік (моральдық) ғылымдардағы (əсіресе саяси экономия) гипотетикалық-дедуктивтік əдістер;
- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
- методологиялық монизм, немесе ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми əдістердің ортақтығы туралы идея;
- нақты табиғаттану ғылымдары, əсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі (сциентизм);
- метафизика
- ескірген ойлау типі болған соң, одан «жағымды ғылымды» тазарту қажет;
- ғылыми түсініктемелер
- ол нақты дара фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
ХІХ ғ. аяғында позитивизмнің екінші түрі пайда болды, оны махизм немесе эмпириокритицизм деп атайды (Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре) конвенциализмнің қалаушысы. Оның негізгі себебі - физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа əкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бет бұрды.
«Екінші позитивизм» махизм мен эмпириокритицизмді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизмді салған - швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғандықтан оларды махизм немесе эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализмін жақтайды. Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип - «ойлау экономиясы» деп аталады. Осындай қағиданы Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы екі қағидалардың мағынасы - «экономды», «үнемдеп күш жұмсау» ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жəй сипаттау. Сөйтіп, махизм үшін субъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин «Материализм жəне эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сынға келтірді.
3. Неопозитивизм - ол позитивизмнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада ХХ ғ. 20-шы ж. қалыптасты. Неопозитивизмде позитивизмнің алғашқы принциптерін қолдайды (философияны терістеу). Неопозитивизм өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм - оның тарихи алғашқы түрі (басқа түрлері осының модификациясы). Логикалық позитивизмнің негіздері екі танымал философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің «Логикалық-философиялық трактаты» (1921 ж.). Неопозитивизмнің келесі кезеңі логиктерден, математиктерден, əлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының (1923 ж.) қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик (австриялық философ, физик), өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пəні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл - ол білімді жеткізу түрі, тəсілі. Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мəні» деп Рассел жазған. Карнап «Философия - ол логика» дейді. Адамдармен айтылатын пікірлерді логикалық позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі:
1. мағыналы пікірлер, яғни, логикалық жетілген тілмен көрсетіледі;
2. мағынасыз пікірлер, яғни, логика заңдарын бұзған.
Дəстүрлі түрде метафизикалық, философиялық пікірлерді логикалық позитивистер мағынасыз түрге жатқызады. Мағыналы пікірлерді олар екі түрге бөледі:
1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама жарияламайды (логика мен математиканың пікірлері);
2. синтетикалық, тəжірибе ғылымдардың нəтижесін қамтиды. Осы пікірлердің ақиқат деңгейі екі тəсіл арқылы шешілуі мүмкін:
1. фактілерге бет бұрмай, тілдік түрін логикалық талдау (анализ) арқылы;
2. тікелей əлде айналмалы түрде сезім тəжірибемен салыстыра отырып. Верификация процедурасы арқылы тек синтетикалық пікірлердің ақиқатқа лайықтығы шешілуі қажет. Пікірдің верификациясы (оның шындық, ақиқат екендігін тексеру) дегеніміз, ол бақылаудың нəтижесінде пайда болған пікірлерді (хаттамалық ұсыныстарды) сараптап, соңғы пікірді шығару. Сөйтіп, тəжірибе ғылымдардың мағыналы ережелерін синтетикалық пікірлер класына айналдыру үшін екі рұқсат еңгізу қажет:
1. білімнің негізгі деңгейі бар - көптүрлі хаттамалық сөйлемдер;
2. ғылыми анықтамалар арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.
Неопозитивистермен бүкіл ғылыми ережелерді синтетикалық пікірлер класына айналдыру жолы - түбінде О. Конттың заңының анықтамасы болады «елесті бақылауға бағындыру» заңы. Бірақ, Конт осы формуланы əлі дұрыс анықтай алмаған соң, неопозитивстер келесі пікірді ұсынды, дүние туралы жағымды білім - пікір арқылы жарияланған, мағынасы хаттамалық бақылауға сай білім. Неопозитивистердің айтуынша, философия - ол: 1. нақты теория; 2. қызмет түрі. ХХ ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады.
4.Осы философияның пəні - мағыналарын анықтауға арналған нақты ғылымдардың ережелерін талдау қызметі. Философтың мақсаты - нақты логикалық техника арқылы нақты ғылымдардың ережелерінен сезім ұсыныстармен салыстырылатын сөйлемдерге көшу. Позитивті философиясының əдісі - формалды логика. Логикалық позитивизімнің пікірінше білім мен таным аспектілерін біріктірудің ғылыми маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет, ал позитивті философия нақты ғылымдардың анықтамалары мен сөйлемдерін, таным нəтижелерін талдайды.
Бірақ, содан кейін, неопозитивистер ғылыми білімнің басқа моделін ұсынады: 1. ғылыми тұжырымдар түбінде болжаулар болған соң, оларды ұсыну - психологиялық үрдіс; 2. теория тандау, қабылдау процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол. Редукционистік модельдің орынына неопозитивистер гипотетикодедуктивтік модельді ұсынған болады. Ол постпозитистермен өздерінің ғылыми таным тұжырымдамасында қолданылған.
50-60-шы жж. философаналитиктің мақсатын ғылымға логикалық талдау беру емес, табиғи нақты сөйлеу тілді талдау деп түсінген. Басқаша бұл ағым қарапайым тіл философиясы деп аталған, себебі, оның талдау пəні қазіргі күнделікті тіл болады. Логикалық позитивизм ғылым философиясы деп аталады, философияда сциентизм жолын қалыптастырады. Ал, лингвистикалық позитивистер ғылыми білімнің үстемділігіне қарсы, дүниеге қатысты «табиғи» қарым-қатынасты ұстанады, ол қарапайым тілде көрсетілген деп, философияда антисциентизм жолын ұстанады. Неопозитивизм өкілдері қазіргі формалды логиканы, семиотиканы, ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты. Қорыта айтқанда, ғылым философиясының бейнесін құра отырып, не туралы сөз болып жатқанын анықтау керек; оны батыста жеке философия бағытының пəні ретінде, логика мен методология, мəдениет саласындагы тұрмыстың ойлау əрекеті ретінде қалыптасқан ғылым деп санайды. Бұл жас пəн ХХ ғ. екінші жартысында пайда болган. Оның пəні - ғылыми танымның ерекше əрекетінің заңдылықтары. Ғалымдардың айтуынша: аналитикалық эпистемология ғылым философиясы болып табылады. Ричард Рорти «Мен ойлаймын, аналитикалық философия атымен байланысты небір əлеуметтік жəне стилистік белгілер бар. Пəн ретінде, ғылым философиясы көптеген философиялық дүниетанымға, тұжырымдамаларға жəне теорияларға ықпал етті. Оның негізгі мақсаты - интегративті талдау мен синтетикалық келістерде кең спектрлі жаңа философия ғылымына жақындату». Мысалы конвенциялар (ортақ келісім) шектелмейтін элемент ретінде, Анри 15 Пуанкаренің қолжазбасында конвенциализмнің бастауы деп саналады. Ғылым философиясы тарихи əлеуметтік-мəдени мəртебеге ие болып, шындық пен əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды зерттеуіне бейімделген. Ғылым философиясы «алгоритм ашылуын» іздестірген, ғылыми білімнің динамикасының дамуын қарастырады. Ғылым философиясына жақын ғылымтану жəне ғылыми өлшем аумағымен тығыз байланысты, ғылыми зерттеулерге ықпал етті. Ғылым мен ақпараттың массивтерінің динамикалық зерттеу статистикасының аймағы «ғылыми өлшем» деп аталады. Карл Поппер бойынша, философиялық білімнің орталық мəселесі теория мен сенімдік негіздерін бағалау; ғылыми білімнің мəселерінің көбеюі, өсуі деген. Ғылым философиясының барлық проблемасын үш түрге бөлуге болады: 1)философиядан ғылымға өтетін философиялық ғылымның өзгешелігі; 2) ғылымның ішкі орбитасында пайда болатын мəселелер; 3)философиялық ғылымдардың өзара əрекетінің нəтижесінде пайда болатын мəселелер: ол Галилей-Ньютонның ХІХ-ХХ ғғ. зерттеулері бола алады. Ғылым философиясының табиғатының типология: 1) онтологиялық (А. Уайтхед) - талдау мен ғылыми білімдерді жалпылауы дүниенің жалпы ғылыми бейнесі мен универсумның тұтас бейнесін шығару үшін ықпал етеді; методологиялық (К. Поппер) - ғылыми зерттеулердің көп түрлі процедураларын қарастыру: дəлел, идеалдандыру, фальсификация, білімнің мазмұндық негіздерін талдау; 2) неокантшылдық ғылым философиясы (тарихи тұрғыда); 3) неореализмнің ғылым философиясы; 4) сциентистік ғылым философиясының нұсқауы - ХХ ғ. мəдениетінде ғылымның статусын өзгеше анықтайды; ғылым мен метафизиканың демаркациясын өткізу; сапалы тұрғыдан əр түрлі теориялық құрылыстарды ортақ эмпириялық негізге келтіру; 5) антисциентистік бағыт, ғылымды оған сай емес ұстанымдар мен мəліметтерден тазарту (К. Хюбнер, Т. Роззак, П. Фейерабенд аттарымен тығыз байланысты); олардың пікірінше ғылыми жəне ғылыми емес білімдер тең, басқа қоғамдық сананы баспау керек, жаттық ойлау мен догматиканың мəліметі; 6) кейбір зерттеушілер ғылым философиясын ғылым əдістері мен оның нəтижелерімен енгізіледі деп (Р. Карнап, М. Бунге); оны табиғаттану мен гуманитарлық білімдер аралығында жатыр дейді (Ф. Франк); ғылыми білімнің методологиялық талдауын оның мақсаты деп санайды (И. Лакатос); философия ғылыми идеологиялық спекуляцияға беріліп зиян əкеледі деген (П. Фейерабенд); 7) Дж. Лоузи ғылым философиясының типологиясын былай жеткізген: ғылым философиясы ғылымға сүйенетін, негізделетін дүниетаным болып табылады; ол ғылыми ойлау мен əрекетпен тығыз байланысты, түсінік экспликациясы жəне ғылым теориясын болжау; ғылым философиясы - əдіснамалық ғылым. Осы типология қатысты, ғылым философиясын əр түрлі 16 ғылымның даму модельдерін зерттеу жəне салыстыру аймағы деп түсіну. Егер ғылым философиясы мəселелерін бөлшектеген болсақ, оның ХХ ғ. бірінші жартысында қамтылған мəселелері: 1) əлемнің тұтас ғылыми бейнесін құрау; 2) детерминизм мен себептердің зерттеулердің өзара əрекеті; 3) динамикалық жəне статистикалық заңдылықты зерттеу. ХХ ғ. екінші жартысында ғылымның эмпирикалық мəселесімен зерделеген. ХХ ғ. аяғы, ғылыми рационалдылық түсінігі кеңейеді. «Дəстүрлі ғылым философиясының өлімі» өмірдің өлшемдерінде көрінеді. Яғни, əрбір ғылымның өлімі бар. Ф. Бэконмен тараған эмпиризм, Р. Декартпен тараған рационализм тұжырымдамалары ХХ жүзжылдықта ғылым философиясының «өліміне» əкеліп тіреді. Осында сұрақ туындайды: келешекте əрі кеткен ғылым философиясының орнына не келеді? Жаңа ғылым философиясы гуманитарлық білім, өркениет, этикалық қатынас, саясат түрінде сипатталады. Ғылымға деген қызығушылықтың өзі, ғылым мен білімнің өсуіне итермелейді.

Қорытынды


Қорыта келгенде, ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмприкалық негіз болып қана қоймайды сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясы эвристикалық мүмкіншілігін білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нəтижелерін интерпретациялауға тиіс. Ал, ғылым тарихының рөлі мен маңызына келер болсақ, келесі мəселерді бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, əр түрлі табиғи салалармен əлеуметтік əлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, əр түрлі объектілерді игеру формалары мен тəсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады; төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Философия и методология науки: учебник для магистрантов КазГУ им. аль-Фараби естественнонаучных специальностей. – Алматы, 1999.

  2. Философия. Методология. Наука. / отв. ред. В.А. Лекторский. - М.: Наука, 1972.

  3. Швырев В.С. Анализ научного познания: основные направления, формы, проблемы. - М.: Наука, 1988. - 176 с


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет