Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы: Философиялық ой тарихындағы тәрбие идеалының эволюциясы
Орындаған: Адалбек М.
Тексерген: Шелепов Виктор
Өскемен қаласы
2022 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Философия туралы жалпы түсінік
Философиялық тәрбие үрдістері
Тәрбие үрдісінің құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т.б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған 2004 жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілетті қарыштап дамыту керектігін айрықша айтады. Бұл орайда әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі айдан-анық. «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады..
Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.
Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып, жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.
Философия туралы жалпы түсінік
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия — дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Материя—адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.
Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.
Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.
Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материяда, рухта жоқ»,- деген пікірді ұстанды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады.
Монизм (гр. Monos — біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып табылады.
Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.
Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.
Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.
Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.
Диалектика (гр. Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).
Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.
Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда-«физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).
Философиялық тәрбие үрдістері
Қазіргі ұстаздар тәрбие үрдісіне философиялық тұрғыдан қарап, түсінуге міндетті. Тәрбиедегі басты мәселе — оқушының тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта дамытуды көздеу. Гуманизм (адамшылық) дүниетаным принципі, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенім мен ерік бостандығы, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген идея жатады.
Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.
Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшьшықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз.
Жаңа гуманистік тәрбие жүйесінің негізі-бала. Ол өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі аңықтайтын, өзін-өзі іскерлікке баулитын тұлға. Бала өзі оқып үйреніп, өзі дамып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзі ғана өз өмірі мен тағдырына жауапты. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Сөйтіп, өз ой-пікірімен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады. Мұнан туындайтын мәселе, тәрбиені тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.
Тәрбие философиясындағы экзистенциализм бағытындағы басты ұстаным — қоғамның әлеуметгік-экономикалық және рухани тоқырау жағдайыңдағы адамның сабырлылығына аса мән береді. Оның өкілдері Ж.-П.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, т.б. адамды біреудің жеке басының пайдасына объект ретінде қолдануына қарсы болды, олар адамды еркін субъект ретінде қарастырып, оның өмірлік ұстанымы үнемі белсенді болып, сыртқы ортаның әсеріне қарсы түра білуі тиіс деп қарастырады. Олардың пікірінше, адам еркі абсолютты болғандықтан, өз мақсатын іске асыра алатын мүмкіндігі мол, айналаға тәуелсіз тұлға. Адам бостандығы кез келген жағдайда сақталып, оның таңдау еркі түрлі жағдайда жүзеге асады.
Бұл философиядағы бостандықтың мәні адамдардың іс-әрекетінің сыртқы жағдайдың ықпалымен емес, ішкі талпынысты іске асыратын іс-әрекет құралын таңдай алуында.
Еркіндік тұлғаның жауапкершілігін арттырады, Тұлғаның материалды жөне рухани жағдайларға тәуелді болуы еркіндікті шектейді, соның салдарынан жауапкершілігін төмендетеді. Сонымен, экзистенциалистік философия адамгершілік-этикалық сипатта болып, белсенді өмірлік ұмтылысты қалыптастырады.
Қазіргі тәрбие теориясында түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тәрбие мәселесіне мәдениет тұрғысынан қарау, мәдениет жетістіктерін тәрбиеде пайдалану, қазіргі мәдениетгің ауқымын ескеру, тәрбиенің құндылықтар жүйесіндегі орнын, маңызын айқындау көзделеді. Осыған орай тәрбиенің мақсаты, міңдеттері, мазмұны, әдістері, түрлері ұлттық және жалпы адамзаттық негізде қарастырылады (Н.Е.Щуркова, 1998).
Тәрбие мақсаттылықты нысанаға алып, ғылыми негізде құрылып, бала табиғатын бейнелейтін және тұлғаның дамуын ескеретін, ұстаздың ұйымдастыруымен баланың қоғамдық мәдениетке енуін қамтамасыз ететін, қазіргі қоғамда өмір сүре білуін дамытатын, өз өмірін, адамдык, өмірге лайықты етіп құра алатын қабілетін дамытуды көздейді.
Тәрбие үрдісінің құрылымы
Тәрбие үрдісі тәрбие ортасынан, тәрбиеленушінің іс-әрекеттерінен және оқушылардың өз өмірін қазіргі мәдениет аясында тәрбиелік ортамен және іс-әрекеттің субъектісі деп қарауынан тұрады. Тәрбие жұмысында ерекше индивидуальды орта, іс-әрекет, соған сәйкес индивидуальдық әдіс қолданылады. Осы үлгі отбасы, бақша, мектеп, жоғары оқу орнында сакталады. Тәрбиеде өзгеретін басты компонент — тәрбиенің мақсаты. Екінші мүғалімнің оқушыға деген педагогикалық ұстанымы. Үшінші — әдістеме.
Мұғалімнің қазіргі педагогикадағы жаңа ұстанымы оқушыны табиғи күйінде қабылдау. Бұл бұрынғы педагогтар үшін қиындық туғызады, өйткені олар адамды бір қалыпқа салып тәрбиеледі де, соны үлкен жетістік санады. Баланы табиғи қалпында қабылдау объективті шындық. Олардың өзіндік ерекшелігімен бірге, ортаның ықпалының сезілетіні де, объективті шындық. Баланың табиғи қалпы — барлық жағдайдың әлеуметтік-психологиялық жиынтығы. Баланың тұла бойында, келбетінде жоқ нәрсені талап ету өте қиын. Оқушының қазіргі тұр сипаты оның бұрынғы дамуының нәтижесі. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Түлғаны табиғи қалпында, жеке бас ерекшелігін ескеріп, оның “Менін” өз даму деңгейінде көрсетуіне мүмкіндік беріп, баланы кінәламауымыз қажет, себебі ол қоғам мен ата-ана тәрбиесінің туындысы. Оқушыны табиғи қалпында қабылдаудың да шегі болуға тиіс, мәселен, біреуді басынып, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Бала өзінің тұлғалық ерекшелігін білдіргенде өзгенің мүлдесіне нұқсан келтірмеуі, жанындағы адамның қадыр-қасиетін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Сөйтіп, кейбір балалардың тәртібін лезде түзету қолға алынады.
Рухани іс-әрекетте объектіні қабылдау, бағалау бір сәтте іске асады. Рухани іс-әрекетге субъект — адам, объект — өмір. “Субъект — объектілік” қатынас адам мен өмір арасында жүреді. Адамның рухани әрекеті — өз өміріні жалпы адамзаттық өмір тұрғысынан қарап тануға жетектейді. Менің өмірімнің мәні неде және оның өмірдегі орны қандай? деген сұрақтарға жауап қарастырады. Рухани ізденіс әр тұлғаның дамуымен бейнеленеді. Рухани іс-әрекет бұл құндылықты игеру бағдарындағы әрекет, әлемдік құбылыстардың әлеуметтік бағытының маңызын түсіну, сол құндылықтарды жеке тұлғаның өзінше сезініп түсінуі. Оқушы өмірдің негізі мен заңдылықтарын өз жанының күш-қуатымен қабылдап (интеллект, эмоция, ерік) түсінеді. Өзі іштей, өмір туралы толғанып сұрақ қойып толғанады, өз өміріне ой жүгіртеді. Міне, осындай әрекетті рухани әрекет деп санап, “рух” деген ұғымды, “материя” ұғымына қарсы қодданамыз. Рухани әрекеттің заттанған нәтижесі көзге көрінбейді. Мәселен, идея, білім, қағида, қатынас, сезім, түрткі. Олар сезінуге келмейтін, заттанбаған, бірақ белгілі субстанция деңгейінде басқаның қабылдауына негізделген түсінік. Идея айтылып, іс-әрекетте бейнеленеді, түрткі іс-әрекетке итермелейді, мақсат шығармашылық жұмыста іске асады, сезіну қабілеті іске асады.
Қорытынды
Оқушыны мәдени құндылықтар арқылы тәрбиелегенде, оған қазіргі өмірді, ондағы адамдардың өмірін көрсетіп, өзінің өмірлік жолын таңдауға, оны саналы түрде іске асыру бағыттау қажет. Мүғалім оқушыға адамға лайықты өмір сүруді қайырымдылық, ақиқат, шындық негізінде көрсете білуі керек.
Мұғалім тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсінуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты мұғалімге үнемі бағдар береді және тәрбиенің жалпы бағытын аңықтайды. Ал міндеттер оқушьшармен атқарылатын жұмыстың мазмұнын, әдісін, түрін және өмірлік мәселелерді шешуді көздейді.
Мұғалімге мәдени тұрғыдан қойылатын талаптар мынадай: оның іс-әрекет, қимылы, тұла бойы мәдениетке үйлесімді, өмірі үлгілі-өнегелі, рухани сапасы жоғары болуы қажет.
Мектепте оқушының денсаулығын сақтауға, оның көніл-күйінің көтеріңкі болуына, жүріс-тұрыс, іс-қимылы еркін, мұғалімдер тарапынан психологиялық қысым көрсетілмеуіне жағдай жасап, олардың өзара қарым-қатынасын мейірімділік пен достыққа, өзара түсіністікке құру ескеріледі.
Адамға лайықты өмір сүру үшін орта қажет. Орта тәрбие жағдайын жасаушы. Тәрбиелік орта ұстаздың ұйымдастыруына байланысты заттық, кеңістік, оқиғалық, информациялық болып ажыратылады. Осы орта өмірдің қандай екендігінің айғағы, осындай ортада оқушының өзгелермен қарым-қатынасы, жүріп-тұруы, өмір туралы түсінігі қалыптасады.
Ежелден тұлғаны тәрбиелеуге жеке адамдардың өмір жолы, тағдыры, еңбегі, ерлігі, т.с.с. пайдаланылған.
Заттық-кеңістік орта ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениет негізінде жабдықталады: сынып, мектеп бөлмелері, оқу кабинеттері, асхана, коридор, баспалдақтар, оқушылардың киімі, киім ілетін жер, мектеп ауласы, бағы, гүлзары, т.б. оқушыға психологиялық тұрғыдан әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлағат, 2010, 1-6
Тәрбие құралы, 2012
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім бағдарламасы.-Алматы, 2003. –45 б.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы. –Астана: Ақорда. 10 қазан, 2006, № 200.
Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қәзіргі заманға дейін) Қазақ философиясының қалыптасуы: ежелгі түркілік дәуір / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 400.
Орынбеков М.С. Духовная консолидация казахского народа. – Алматы, 2002. – 274 с.
Молдабеков Ж.Ж. Қазақтану. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 459 б.
Ерғали І.Е. Ахмед Йүгінекидің философиясындағы адам әлемі // Қазақ даласының ойшылдары (XIII-XV ғ.ғ.) 2-кітап. – Алматы: Философия және саясаттану институтының компьютерлік-баспа орталығы, 2001. – 196 б.
Достарыңызбен бөлісу: |