Тұз қышқылмен өңдеу.
Көп жағдайларда ұңғыны өндеуге тұз қышқылын (HCl) қолданылады.
Тұз қышқылымен өндегенде қышқыл мынадай карбонатты жыныстарды ерітеді: әктас, доломиттер әктас, ал бұлар мұнай және газ кен орындарының өнімді қабаттарын құрацшылар.
Әктаспен әрекеті:
Доломитпен әрекеті:
Тұз қышқылымен карбонаттар әрекетінің өнімдері хлорлы кальций (CaCl) және хлорлы магний () жоғары ерігіштігіне байланысты тұнбаға түспейді. Өнделгеннен кейін олар ұңғыдан өнімімен бірге шығарылады. Әрекеттен түзілетін көмірқышқыл газы да жер бетіне оңай шығарылады.
Тұз қышқылымен өңдеуде ол ұңғы қабырғасындағы жыныстармен бірге кеуекті каналдардағылармен де әрекеттеседі және де ұңғы диаметрі үлкеймейді.
Тұз қышқылымен өңдеуді жүргізудің сұлбасы.
Гидропоршенді сораптарды өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалысына және т.б. байланысты дара өте үлкен тереңдіктен (4000-4500м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.
Гидропоршенді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі түсіндіріп – көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыманы ұқыпты тазалап тұру үшін, оны жұмысшы сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікке орналастыру қажеттілігіне байланысты.
Тұз қышқылда кейде біраз мөлшерде темір тотығы болады, олар ұңғыны өңдеу кезінде рітіндіден мақта түрінде түсіп қабат кеуектерін тығындап тастауы мүмкін. Темір тотығын қышқылда ерітінді түрде сақтау үшін тұрақтандырғыштар қолданылады. Тұрақтандырғыш ретінде сірке қышқылын алады. Темір тотығының тұз қышқылындағы концентрациясына байланысты сірке қышқылы 0,8-1,6%-ті дайындалған тұз қышқылының көлеміндей қосылады.
Ұңғыдан әрекет өнімдерін жоюды жеңілдету мақсатымен қышқылды дайындау кезінде жеделдеткіштер қосады. Бұл беттік активті заттар әрекет өнімінің беттік керілуін төмендетеді. Кеуек каналдарының қабырғаларында адсорбцияланып, жеделдеткіштер жыныстан судың бөлуінен жеңілдетеді және жыныстардың мұнаймен ылғалдану жағдайын жақсартады. Жеделдеткіштер түрінде әртүрлі беттік-активті заттар – катапин-А,ДС,ОП-10 және басқалары қолданылады.
Тұз қышқылды ерітіндіні орталық қышқылдың базада немесе тікелей ұңғының басында дайындайды.
Ұңғы тұз қышқылымен өңдеу технологиясы қабаттың физикалық қасиетіне, қуатына және басқа жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қарапайым жағдайда қышқылды қабатқа айдау процесі сорап көмегімен немесе өздігінен ағу арқылы жүргізіледі. Кейде қышқылды айдау алдында сазды және керіш қабыршақтарын бұзу үшін қышқылдық ванна қолданылады. Бұл кезде өнделу интервалындағы оқпанды толтыратындай етіп 6-8%-к қышқыл ерітіндісін айдайды.
Өнімді қабаттары негізінен силикатты заттардан тұратын терригенді жыныстардан құралған қабаттарда, тұз және плавликовті-фторсутекті қышқыл пайдаланады. Бұлар сазқышқыл деп және ұңғыны өңдеудің бұл түрі сазқышқылмен өңдеу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |