Химиядан функционалдық сауаттылық тапсырмалары 1 тапсырма. Әктас



бет1/42
Дата20.10.2022
өлшемі6,03 Mb.
#154048
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

« Қарағанды облысында білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК
«Қарағанды қаласының білім бөлімі»ММ


«Зейін» жобасы аясында
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА
арналған тапсырмалар жинағы

Қарағанды қаласы, 2021ж




Химиядан функционалдық сауаттылық тапсырмалары

1 - тапсырма. Әктас
Әктас-шөгінді тау жынысы, Қазақстанда кең таралған минерал. Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар, кварц, пирит, гипс т.б кезедседі. Біздің күнделікті өмірімізде әктас жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас және мәрмәр. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.
Бор әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласыз. Үгілгіш түсі –ақ. Бормен тақтаға жазамыз. Кәдімгі әктас бордан қатты. Әктасты күйдіру жолымен әк алынады.
Табиғатта кальций және оның қосылыстарының бір-біріне айналулары үздіксіз жүріп жататын үрдіс. Табиғи минералдар карбонат түйіршіктері су түбіне бірте-бірте шөгуі нәтижесінде қалыптасады.
Мәрмәр-әктастың ең қатты және тығыз түрі. Ол тұз қышқылымен әрекеттескенде иіссіз, түссіз газ бөлінеді. Бұл құбылыс карбонаттарға сапалық реация болып табылады.
1 сұрақ. Әктас пен мәрмәр арасындағы айырмашылық
А) әктас пен мәрмәрдің карбонаттық құрылымы ұқсас
В) әктас жұмсақ, мәрмәр қатты
С) әктас қатты, мәрмәр жұмсақ
D) әктас метамофты тау жынысы, мәрмәр-шөгінді тау жынысы
Е) мәрмәр мен әктастың түстері бірдей
2 сұрақ. Әктастың ыдырау реакциясы
А)
В)
С)
D)
Е)
3 сұрақ. Массасы 200 г мәрмәр тұз қышқылмен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемі
А) 4,48 л
В) 2,24 л
С) 22,4 л
D) 67,2 л
Е) 44,8 л
4 сұрақ. өзгерістер тізбегіндегі ион алмасу реакциясының қысқартылған иондық теңдеуі
А)
В)
С)
D)
Е) 2
5 сұрақ. Теориялықпен салыстырғандағы шығымы 90 % болса, 10 % қоспасы бар 500 г әктас ыдырағандағы кальций оксидінің массасы
А) 22,68 г
В) 2,268 г
С) 2268 г
D) 0,226 г
Е) 226,8 г

2 – тапсырма Темір
Темір –табиғатта таралуы бойынша екінші орында тұрады. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар. Сондықтан оны ертеде «аспан» және «жұлдыз» тасы деп атаған. Жер қыртысында көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды кендері қызыл теміртас, магниттік теміртас, пирит.
Темір тірі организмдерде болады. Ересек адамның денесінде 4-5г темір бар. Оның 65% -і қандағы гемоглобиннің құрамына енеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамындағы темірдің жетіспеуі қаназдық ауруына әкеп соғады.
Өнеркәсіпте темірді пирометаллургия, гидрометаллургия және электрометаллургия әдістерімен алады.
Темір оттекте жанғанда ұшқын шашыратып жанады. Ауадағы оттекпен ылғалдың әсерінен темірден жасалған бұйымдар жемірілуге тез ұшырайды. Сұйытылған азот, күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп темір тотықсызданады. Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан ығыстырып шығарады. Темірдің 2 түрлі құймасы бар: шойын және болат. Шойын мен болат негізінен темір мен көміртектен тұратын құйма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет