Реферат тақырыбы: Галогендердің қасиеттерін және сулы ерітіндідегі галогенид-иондарын анықтау



бет3/5
Дата11.06.2023
өлшемі116,74 Kb.
#178631
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат та ырыбы Галогендерді асиеттерін ж не сулы ерітіндіде

Молекула құрылысы
Байланысқа сутектің s-деңгейшесіндегі электрон мен хлордың 3р-деңгейшесінде орналасқан дара электрон қатысады, нәтижесінде бір о -байланыс түзіледі, электрондық бұлттар тығыздығы хлорға ығыса орналасуынан байланыс - полюсті коваленті болады.[1]
Фтор
Табиғатта таралуы
Табиғатта фтор тұздар күйінде кездеседі. СаF2 - флюорит, балқытқыш шпат, 3NaF • AlF3 - криолит, ЗСа3(РO4)2-СаF2 - фторапатит. Адамдар мен жануарлардың сүйектерінің және тіс кіреукесінің құрамында да фтор бар.
Атом құрылысы
Фтор периодтық жүйенің II периодында VII топтың негізгі топшасында (VIIA) орналасқан. 919F, ядросында 9 протон, 10 нейтрон бар, ядроны екі электрондық қабатта 9 электрон айналады. Фтор атомының электрондық формуласы ls22s22p5, валенттілік электрондары 2s22p5, олардың электронды -графикалық формуласы: Фтор атомының 2р-деңгейшесінде бір дара электроны болғандықтан ол қосылыстарында I валенттілік көрсетеді, ал тотығу дәрежелері — 1,0. Ол ең күшті тотықтырғыш, себебі оның электртерістілігінің мәні ең жоғары (4), сондықтан ол тек бір электронды өзіне оңай қосады:
Ғ0 + е --> Ғ-
Молекула құрылысы
Фтор молекуласы екі атомнан тұрады Ғ2, атомдар арасында полюссіз ковалентті о-байланысы болады, оның түзілу табиғаты хлор молекуласындағыдай.
Фтордың алынуы
Фтордың грекше аты «фторос» - бүлдіру деген мағынаны білдіреді, ол өте агрессивті газ. Фторды бос күйінде алуға тырысқан көптеген ғалымдар оның осы қасиетінен зардап шекті. Фторды 1886 ж. Г. Муассон ашты, алғаш рет оны бос күйінде алды. Фтор бос күйінде белінуі үшін мына үдеріс жүру керек:
Ғ- - е -->Ғ0
ал осыны жүзеге асыру тек электр тоғының әсерімен (электролиз) ғана жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет