Реферат тақырыбы: Химия оқыту әдістемесінің дамуы. Отандық химия оқыту әдістемесінің дамуы. Ғылым дамуына ғалым-әдіскерлердің көбірек қосқан үлестері



бет4/5
Дата14.12.2021
өлшемі194,46 Kb.
#100631
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Динара реферат

Концентрленген оқыту

Мақсаты: дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру. Адамның табиғи психологиялық қабылдау құрылымына жақындатып құру. Пәндерді сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы тереңдетіп оқытуға негізделеді.

Механизмі: оқушыларды жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескере отырып оқыту.

Модульді оқыту

Мақсаты: оқытуды оқушының жеке қабілетіне базалық деңгейіне сәйкестендіріп иілімді етіп беруді қамтамасыз етеді.

Мәні: оқушының жеке жұмыс бағдарламасымен өз бетімен жұмысы, механизмі, проблемалық тәсіл, даралай оқыту.



Дамыта оқыту

Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту оның қабілетін жетілдіру.

Мәні: оқу процесін адамның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыттап оны жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Оқушыларды әрекеттің әр түріне қызықтыра отырып бағыттау.



Дифференциялданған оқыту

Мақсаты: білім бастамасын анықтауға қызығушылығымен қабілетін дамытуға тиімді жағдай құру.

Мәні: бағдарлық материалды әр түрлі деңгейде меңгеру, бірақ міндетті стандарттан төмен болмауы керек.

Механизмі: даралап оқыту әдісі.

Белсенді контексті оқыту

Мақсаты: білім алушылардың белсенділігін ұйымдастыру, кәсіби бейімді әрекетті оқыту, мазмұнының ішінде үлгілеу.

Үлгілеудің 2 түрі бар: олар пәндік, әлеуметтік болуы мүмкін.



Механизмі: белсенді оқыту әдістері.

Ойын түрінде оқыту

Механизімі икемділік дағдыны жеке әрекеттік сипатта қабылдауды қамтамасыз ету. Оқу ақпаратын іздеуге, өңдеуге, меңгеруге бағытталған дербес танымалдылық әрекет. Оқушыларды шығармашылық әрекетке ойын арқылы кіріктіру. Соңғы шыққан сын-тұрғысынан оқу. Оқушылардың сын-тұрғысынан ойлауын интерактивті тәсілдерді білім беру процесіне енгізу арқылы қамтамасыз ету. Ол оқушылардың тың сұрақтар қою, әр түрлі баламалы ойлар туындату бір-бірінен тәуелсіз шешім қабылдау қабілетіне негізделген.



Механизімі: оқыту инерактивті негіздерді әр түрлі әрекет түріне оқушыларды енгізу механикасын жүзеге асырудың негізгі 3 кезеңін сақтау.

  1. Дабыл беру, ой тастау.

  2. Ой елегінен өткізу.

  3. Рефлекция жауап беру.

Осы механиканы қолдану негізі білім беруді гуманизациялауға оқушының жеке басының нәтижелерін анықтауға негізделеді. Оқушының жеке басының алға өрлеуі алдындағы көрсеткіштерге тікелей тәуелді. Нәтижеге жету баспалдағымен көтерілгенде білім, білік жеке бас көрсеткіштері қаншалықты деңгейде қалыптасқаны көрінеді. Ал оқушылардың жеке бас көрсеткіші олардың құзыреттілігіне байланысты.

Құзреттілік баспалдақ неден тұрады? Ол негізгі құзыреттілік білім берудің пәндік мазмұнына байланысты. Жалпы пәндік құзыреттілік, пәндердің белгілі бір тобына сай жүргізіледі. Олардың білім беру аумағына байланысты.

Пәндік құзыреттілік алғашқы құзыреттілікке қарағанда жекеше болады, пәннің аумағында біліп шығу керек.

Негізгі композиция:

Мақсатық мәндік құзыреттілік әлемге деген көзқарас, оқушының мақсаттық бағдарлануы, әр түрлі жағдайларда шешім таба білу механизмі.


  1. Өзінің мақсаттық бағдарлануын қалыптастырып, өзі оқитын пәнге және әрекет сферасына сәйкестендіру. Өзінің көзқарасын әртүрлі жағдайда қорғай білу, шешім қабылдай білу, алған шешімге жауап бере білу. Жалпы талаптарға сәйкес өзінің жеке білім алу бағытын қалыптастыру.

  2. Оқу танымдылық құзыреттілік. Логикалық, әдіснамалық жалпы оқу әдістерінің негіздері, жоспарлау, талдау рефлексия, өзін өзі бағалау, оқу танымдылық мәселелерді шеше білу, барлығын сауатты түрде жүзеге асыру.

  • Мақсат қоя білу, оған жету жолын ұйымдастыру, өзінің алдындағы мақсатын түсіндіре білу.

  • Өзінің оқу танымдылық әрекетін бағалай білу, ол әрекетті ұйымдастырып талдай білу керек.

Бақылаушы факторларды түсіндіріп, әр түрлі құбылыстардың себебін түсіндіріп зерттеп отырған мәселеге сай өз ойын айта білу.

  1. Танымдық мәселелер қойып, болжамдар құра білу.

Бақылау, тәжірибе, қажетті құжат таңдай білу. Өлшеу икемділіктері, әр түрлі бағдарлама, нұсқамен жұмыс істей білу.

Ықтималдық және таным әдістерді сипаттап қортынды шығару. Зерттеу нәтижесін ауызша немесе жазбаша беру керек. Компьютерлік құрал жабдықтарды қолдана білу. Тұтасымен алғанда әлемнің ғылыми бейнесін көре білу.

Мәдени әлеуметтік құзыреттілік ұлттық адамзаттық мәдениет аймағындағы таныммен әрекет тәжірибесі күнделікті тұрмыста ұлттың арасында өзін-өзі ұстай білу.


  1. Әлеуметтік рөлін білу керек.

  2. Мемлекеттің мүшесі ретінде, қоғамда өз орнын табатындай білім деңгейін анықтау.

  3. Қоршаған ортадағы орынын таба білу.

  4. Өзі мекен ететін жеріндегі әр түрлі әлеуметтік нормалармен бағалылықтарды анықтай білу керек.

  5. Көп ұлтты көп мәдениетті қоғамда өмір сүру орнын білу керек.

Комуникативтік құзыреттілік әр түрлі тілдер білу, айналасындағылармен тіл табыса білу, өзін-өзі ұстай білу. Оқу диалогын жеткілікті деңгейде жүргізе білу. Шешендік әрекеттердің әр түрлерін меңгеру монолог, диалог, сауатты сөйлей білу. Топта бірлесе әрекет жасай білуге дағдылану. Елмен қарым қатынас жасаған кезде тіл табыса білу. Дағдарыстан шығу жолдарын таба білу. Көп мәдениетті, көп этикалық қоғамда өзіңнін тарихи шығу тегің және басқа ұлттардың дәстүрлерін сақтай отырып, халықпен тіл табыса білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет