Реферат тақырыбы: «Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. Қылмыстық және оның құрамы. Қылмыс жасау сатылары



бет2/5
Дата18.06.2022
өлшемі31,52 Kb.
#146737
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
қылмыс саты

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қылмыстың жіктелуі.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:
• жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
• соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
• кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
• жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет