3.Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процесінің түсінігі мен маңызы.
Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен» жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргіздің «дәлелдеме» ұғымының мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан «тар мағынадағы дәлелдеме» ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің «дәлелдеу» ұғымына барабар ретінде «кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің» философиялық ұғымын қолданамыз.
Кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме—қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың кез келген процедурасы (осы дәлелдеменін тезисі немесе қорытындысы деп аталады), бұл кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, сондай-ақ кейбір табиғи заттар мен кұбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқыктық түсіндіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
М. М. Гродзинский дәлелдеу процесін "дәлелдемелерді жинау, бекіту және бағалау жөніндегі тергеу-сот және прокурорлық органдардың қызметі" деп белгіледі./5.61/
А. М. Лариннің пікірі бойынша дәлелдеу "қылмыстық сот ісін жүргізуде заң белгілеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатнында жасалған (немесе жорамалданған) қылмыстар және олармен байланысты жағдайлар туралы шындықты білу үшін фактілерді зерттеуден тұратын, ерекше, заң белгілеген нысандарда жүзеге асырылатын тергеушінің,прокурордың, соттың, сондай-ақ қылмыстық процеске тартылатын немесе жіберілетін баска да қатысушылардың (субъектілердің) күрделі қызметі"./17.60/
М. С. Строгович "Дәлелдеу — қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар барлық фактілерді, жағдайларды, қылмыстыңжасалғандығын немесе жасалмағандығын, белгілі бір адамның қылмыс жасаудан кінәлілігін немесе кінәсіздігін және қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін белгілейтін барлық өзге де жағдайларды дәлелдемелердің көмегімен анықтау".
Әрі қарай М. С. Строгович мынаған назар аударады, дәлелдеу ұғымы "құзіретті органдар жүргізетін зерттеу ұғымына тең, ұксас". М. М. Гродзинскийдің позициясына В. Д. Арсеньев жақын тұр, соңғысы былай деп есептейді: "Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеуді белгілі бір шектерде қылмыстық іс жүргізу заңы бағыттайтын және реттейтін, кылмыстық іс бойынша іс жүзінде болған жағдайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау жөнінде соттың, прокурордың және басқа да органдар мен адамдардың қызметі ретіңде қарау керек./9.59/
Р. С. Белкин дәлелдеудің танымдық (гносеологиялық) сипатына тоқталады, ол дәлелдеу дегеніміз "осы кұбылыстың, фактінің және оларды баска да фактілермен, құбылыстармен негіздеу арасыңдағы байланыстарды анықтау. Бұл байланыстардың объективті түрдегі сипаты бар: олар танылғанына немесе танылмағанына қарамастан, дәлелдеуді жүзеге асыратын адамның еркіне қарамастан болады. Дәлелдеу процесінде олар анықталады, танылады және белгілі бір жорамалдың шындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді". Әрі қарай ол дәлелдеудің мәнісі дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден және бағалаудан көрінеді деп атап өтеді.
Дәлелдеу мәнісінің анағұрлым терең анықтамасы А. Р. Ратиновқа тиесілі: "Оқиға туралы мәліметтер алынуы мүмкін ақпарат көздерін табу, ол мәліметтерді жинау, оларды іс жүргізу түрінде бекіту, қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды сенімді түрде анықтау мақсатында тексеру мен бағалау — қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінің мазмұнын құрайды".
Өзара диалектикалық іс-қимылға түсетін ойлау және практикалық тұрғыдағы тең екі жақтың үилесімін дәлелдеудің мәнісін айқындай келіп Ф. Н. Фаткуллин былай деп жазады: "...Кеңестік кылмыстық процестегі дәлелдеу дегеніміз — заңда көрсетілген органдар мен адамдардың іс жүргізу қызметі, олар ықтимал тергеу жорамалдарын анықтаудан осы жорамалдар бойынша, сол сияқты іс бойынша сенімді түрдегі қорытындыларды негіздеу бойынша дәлелдемелер мен олардың көздерін жинаудан, тексеруден және дәлелдеуден көрінеді".
Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеудің мәнісі туралы осы заманғы түсінік таным мен дәлелдеу мазмұны бойынша түрлі ұғымдар деген пайымдауға негізделген.
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеудің мәнісі туралы мәселені зерттеуде осы заманғы ғылыми үрдістерді анықтау үшін А. А. Давлетовтың көзқарасы қызығушылық туғызады, ол былай деп жазады: "Қылмыстық іс жүргізу танымы құрылымында дәлелдеуді ажырата білу кажет. Тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу танымы дегеніміз — заңда көзделген тәртіппен жүргізілетін сот ісін жүргізу органдарының тергелетін қылмыс және онымен байланысты өзге де өмір құбылыстары туралы білім алу жөніндегі қызметі. Қылмыстық іс жүргізу танымы -дәлелдемелерді зерттеу және мән-жайларды дәлелдеу сияқты екі бөліктен тұрады".
Доктриналдық түсіндіру қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеу процесін мынадай негізгі сипаттарға бөлуге мүмкіндік береді:
1) гносеологиялық дәлелдеу — бұл таным процесінің бір түрі, логикалық дегеніміз — бұл нақты қылмыстық жазалауға жататын әрекетті адамның жасағандығы туралы пайымдаудың шындығын негіздеу операциясы;
2) дәлелдеу мен таным сәйкес келмейді: олар тегі (таным) және түрі (дәлелдеу) ретінде өзара арақатынаста болады;
3) дәлелдеу процесі — құқықтың және гносеологогиялық екі аспектінің үйлесімін білдіреді.
Құқықтық аспект мынадай кезеңдерді қамтиды:
а)дәлелдеу-тану;
ә)дәледдеу-көзжеткізу;
б) дәлелдеу-негіздеу.
Дәлелдеудің әрбір келесі кезеңі —оның алдындағы кезеңге байланысты және содан логикалық түрде туындайды.
Гносеологиялық аспект мынадай деңгейлерден тұрады:
а) ақпараттық дәлелдеу;
ә) логикалық дәлелдеу;
4) тергеу жене сот қызметінде орын алатын дәлелдеудің зерттеушілік, танымдық сипаты болады;
5) дәлелдеу процесінде тергеу жэне сот талкылауының тақырыбы туралы шынайы және сенімді білімге қол жеткізіледі;
6) қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу адресаты тар мағынасында таным субъектісі (мәселен істі қараушы сот), кен,ауқымды мағынасында тұтас қоғам болып табылады;
7) дәлелдеу тәртібі қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген;
8) дәлелдеу процесі ҚІЖК-нің 124-бабы төмендегілер бойынша дәйекті қызметті қамтиды:/2.59/
а)дәлелдемелерді жинаудан;
ә) зерттеуден;
б) дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан.
Бұл қызмет әдебиетте дәлелдеудің кезеңдері немесе элементері деп аталады.Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудін мақсаты объективтік шындықка қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің негізіне логикалық зандар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және қарама-қайшы нәрселерді алып тастанды. Іс бойынша мәні бір фактілер мен мән-жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақгы әдістерінен көрінетінтанымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
а) негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
б) суретке түсіру, киноға түсіру, видео жазба арқылы арнайы химиялық технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің ғылыми-техникалық әдістері;
в) зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық әдістері;
г) іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін колданылатын акпаратты (талдау, жинактау,тендестіру) өндеудің логикалық әдістері;
д) сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өндеудің және қайта құрудың әдістері;
е) белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнеленуінің ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік тендестіру әдістері;
ж) қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы ,яғни тәуелсіз еліміз 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған Конституцияның 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық ,зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.
Құқықтық мемлекет тек парасаттылыктың ,әділлеттіліктің шынайы белгісі ғана емес ,сонымен бірге адамның бостандығын, қадір -қасиетін ,
ар-намысын, теңдігін қорғайтын демократияны қалыптастыратын күш.
Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптері мемлекеттің жүргізіп отырған соттық-құқықтық реформасында одан әрі дамып жетілуде. Халықаралық-құқықтық нормалардың басымдығының ішкі құқықтардан жоғары болуын мойындау республиканың заңдық актілерін халықаралық стандарттармен сәйкестендіруді талап етеді. Бірінші кезекте бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында кездесетін құқықтық қатынастарға қатысты.
Бүгінгі таңда Қазақстан бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізіп отыр, бұған нормативтік құқықтық актілердің көптеп қабылдануы дәлел. Солай бола тұра олардың көптеген ережелері істе белгілі мүддесі бар істің белсенді қатысушыларының құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелер төңірегінде заңды жетілдіруге бағытталған.
Қылмыстық іс қатынастар саласына тартылған өзге тұлғалардың қылмыстық іске қатысуына байланысты түйінді мәселелер ғылыми және норма шығару қызметінің аясынан тыс қалуда.
Іс жүргізу форма дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде, бағалауда және пайдалануда ғана емес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында тәртіп ережелерін анықтайтын немесе міндеттер мен талаптарды белгілейтін құқықтық ұйғарымдарды сақтауда да ықпал ететін әртүрлі дәрежелі азаматтардың факультативтік қатысуымен қатар міндетті қатысуын да қарастырады.
Осыған байланысты қандай да бір іс жүргізу әрекеттің ісін дұрыс және тиімді жүргізуге қажетті тұлғаларды қылмыстық іске қатысу үшін таңдау мен тартуда қиындықтар жиі кездесіп отырады. Заңда бекітілген іс жүргізу қызметті жүзеге асырудың ережелері қаншама жетілдірілсе де олар процессуалдық іс-әрекеттердің тиісті түрде өтуімен қамтамасыз ететін тұлғалардың қылмыстық сот ісіне қатысуына байланысты барлық мәселелерді толығымен реттей алмайды.
Бұл мәселені қалыптасқан соттық-тергеу тәжірибесін талдау және заңнамаларды жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу қызметті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ететін ғылыми жетістіктерді пайдалануға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу жағдайында шешуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014ж.
Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1968. Т.
Томин В.Т. Острые углы уголовного судопроизводства. М.,
Никитаев В.В. Проблемные ситуации уголовного процесса и юридическое мышление / Состязательное правосудие: труды научно-практических лабораторий. М.,
Григорьев В.Н., Победкин А.В. О методологии совершенствования доказательственного права // Государство и право. № 10.
Комлев Б. О понятии доказательств // Социалистическая законность. №11.
Комментарий к Уголовному Процессуальному кодексу. /ч.общая/. Жети-Жаргы. 2002г.
Белкин Р.С. Собирание,исследование и оценка доказательств. М.,1966г.
Трусов А.И. Основы теории судебных доказательств. М.,1960.
Шейфер С.А. Предварительные следствие. Общие условия и основные этапы производства. Куйбышев.1986.
Шимановский В.В. Общие условия производства предварительного следствия. М.1983.
Белозеров Ю.Н.,Чугунов А.А. Проблема обеспечения законности обоснованности возбуждения уголовного дела. М:1976.
Вопросы расследования преступлений. Справочное пособия. Под ред. Кочанова А.Я. М.1996г.
Ларин А.М. Расследование по уголовному делу: процессуальные функции. М.1991г.
Достарыңызбен бөлісу: |