2. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны. Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының кұрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы "дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, зандық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды қамтиды".
Қылмыстық іс жүргізу кұкығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: "Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
б) осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде керінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
в) қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің ерекшелігі мен мазмұны туралы;
г) қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
д)соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтін пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құкығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан керінеді: дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады; аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу қүқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары кылмыстық іс жүргізу құкығы нормаларының кұрамдас бөлігі болып табылады;
дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге белінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ыкпал етуінің негізі болып табылады; дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құкығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі қүқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажетігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу кұкығына айналды.