I. Интернет – əлемге хабар тарату мүмкіндігі, ақпарат тарату механизмі жəне географиялық орналасуына қарамастан қолданушылар мен олардың компьютерлерінің бірге жұмыс жасауы жəне өзара əрекеттесуіне арналған құрал. Интернет - ақпараттық құрылымды зерттеу жəне құру саласындағы ұмтылыстардың сəтті мысалдарының бірі болып табылады.
Пакеттік коммутация саласындағы бірінші ғылыми зерттеулерден бастап үкімет, өндіріс жəне ғылыми мекемелер бұл жаңа ғаламат технологияны дамыту жəне күшейту саласына серіктестік танытып отырды. Бұл заманауи Бүкілəлемдік тордың пайда болуына əкелді.
Интернеттің коммерциялануы желінің өзара бəсекелес жекеменшік бөліктерінің дамуына ғана емес, Интернет технологиясын қолданатын коммерциялық өнімдердің пайда болуына алып келді.