Интернеттің кейбір қызметтерін қолданудың мысалдары Бұл модульде келесі Интернет – қызметтерді толығырақ қарастырамыз жəне оларды қолданудың мысалдарын келтіреміз:
• Қашықтықтан басқару • Қашықтықтан оқыту • Интернет-дүкендер • Интернет-банкинг
Қашықтықтан басқару – ұйымнан тыс жерлерге менеджменттіңтұрақты қызмет түрлерін жеткізу тəжірибесі. Термин мағынасы бойынша «аутсорсинг» сөзіне жақын.Жақсы мысалдардың бірі ретінде «KEGOC» компаниясын айтуға болады.
Бұл мекеме Қазақстанда электр қуатын жеткізу жəне диспетчерлендіру бойынша монополист болып табылады. «KEGOC» АҚ-ң құрылтайшысы –Қазақстан Республикасының үкіметі. Компанияның мүліктік кешеніне мемлекетаралық электр тасымалын, жалпы қолданыстық электрстанцияларынан қуат тарату, Ұлттық электр желісін жəне жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығын құрайтын 110-нан 1150 кВ-қа дейінгі кернеудегі электр жеткізу желілері жəне тіректік қосалқы станциялар кіреді. Компанияның тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуде аймақтық бөлімдерде жоғарғы санатты мамандардың жетіспеушілігі басты проблема болды. Ақпараттық технологиялар қызметі шешетін мəселелер барлық жерде іс жүзінде бірдей болды: пайдаланушыларды қолдау, доменнің, электрондық поштаның жұмыс жасауын қамтамасыз ету жəне т.б. Бірақ жергілікті жерлердегі мамандар пайда болған мəселелерді көбінесе шеше алмайтын еді. Кейбір жағдайларда орталық офистің мамандары сол аймақтарға іссапарларға жіберілетін. Бұл мəселені шешу үшін компания «Қашықтықтан басқару» жүйесін пайдаланды. Бұл өз кезегінде пайда болған келеңсіздіктердің көпшілігін компанияның бас офисінде шешуге мүмкіндік берді. Қашықтықтан басқару технологиясын басқарудың тағы бір жақсы мысалы «ақылды үй» концепциясы болып табылады, мұндай үйде барлық құралдарды Интернет арқылы басқаруға болады. Басқа қалада немесе тіптен елде жүріп бұл технологияның көмегімен жай ғана батырманы басу арқылы кез келген қажетті жұмысты атқаруға болады.
Қашықтықтан оқыту Интернет-қызметтің ең пайдалы түрлерінің біріболып табылады жəне оқу үрдісін жалпыға ортақ қолжетімді жəне түсінікті етуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуда оқытушы мен оқушы өзара қашықтықтан əрекеттеседі жəне пəннің мақсаты, мазмұны, əдістері, ұйымдастыру формалары, оқыту құралдары сияқты оқу процесіне тəн компоненттерінің барлығы Интернет-технологияның ерекше құралдары арқылы көрсетіледі жəне іске асырылады. Қашықтықтан оқыту келесідей мүмкіндіктер береді: • Оқыту құнын төмендету (ғимарат жалдауға, оқушылардың да оқытушылардың да жұмыс орнына жетуіне шығын кетпейді жəне т.б.); • Адамдардың өте үлкен санын оқыту; • Заманауи құралдарды, көлемді электронды кітапханаларды қолдану есебінен білім беру сапасын арттыру жəне т.б. • Білім берудің біртұтас ортасын қалыптастыру (əсіресе корпоративті оқыту үшін маңызды).
Қашықтықтан оқытудың формалары: • веб-сабақ — қашықтықтан өткізілетін сабақтан, конференциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, зертханалық немесе лабораториялық жұмыстар, жаттығу сабақтары жəне телекоммуникация, Бүкілəлемдік тордың басқа мүмкіндіктерінің көмегімен өткізілетін оқыту сабақтарының басқа формалары. Веб-сабақтар үшін арнайы веб-форумдар қолданылады. Веб-форумдар – қолданушылардың нақты бір тақырып немесе мəселе аясында сəйкес бағдарлама орнатылған белгілі бір сайттың қабырғасында жазбалар қалдыру арқылы жұмыс жасау формасы. Веб-форумдар оқушы мен мұғалімнің арасындағы тынымсыз еңбек етіп, үздіксіз білім алуға мүмкіндік беретін кеңістік.
• Телемəслихат — жіберу тізімдерінің негізінде, электронды поштаны пайдалану арқылы жүргізіледі. Білім беру телемəслихаттарына алға қойған білім беру мақсатына жету маңызды болып табылады. • Сонымен қатар қашықтықтан оқытудың оқыту материалдары почтамен жіберілетін түрлері бар. Мұндай жүйе «Табиғи оқыту үрдісі» деп аталатын əдіске негізделген. Қашықтықтан оқыту – қарапайым жəне еркін оқыту жүйесі. Аталған жүйе бүгінде Еуропа елдерінің тұрғындары қосымша білім алу үшін қолданады, біздің елімізде де соңғы уақытта оқу жүйесіне белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл жүйеде студент берілген жаттығу тапсырмаларын орындау нəтижесінде орнықты дағдыларға төселеді.
2.Интернет-дүкендер– интернет арқылы тауар немесе қызмет түрлерін сататын сайттар. Интернет желісінде сатып алуға тапсырыс рəсімдеуге, төлем жəне жеткізу түрлерін таңдауға мүмкіндік береді (Қосымша 3-модульдің «Сайттардың түрлері» деп аталатын бөлімінен қарай аласыз). Мысалы, Қазақстандық интернет дүкен «Flip.kz» жиһаз, балаларға арналған тауарлар, видео ойындар жəне тағы басқалары сияқты түрлі бөлімдер бойынша жіктелген тауарлардың үлкен ассортиментін ұсынады. Əрбір тауардың жанында қысқаша сипаттамасы, суреті жəне оның бағасы орнатылады.
Интернет дүкендер əдетте келесі төлем формаларын ұсынады: • Қолма-қол тауар ақысы тауарды алған кезде курьерге төленеді. • Салынған төлем – тауарды алған кезде поштамен төленеді. Аталған қызмет үшін пошта алушыдан тауар құнының 4-5% пайызы көлеміндегі төлем алады. • Төлеу карталары – төлеудің бұл түрін кез келген банк карталарының иелері, банктер шығарған электронды төлем карталарының иелері жүргізе алады. Төлем төлем карталарын авторизациялау жүйесі E-pay арқылы жүзеге асырылады. • Банк арқылы аудару. • Тауарлар мен қызметтер үшін қауіпсіз жəне тез төлеу мүмкіндігін беретін арнайы жүйелер арқылы. Мысалы, KZM жүйесін қолдану арқылы. Төлем жүргізу үшін жүйенің тіркелген қолданушысы болу керек жəне виртуалды əмияныңыз болу керек. Жүйе мен оның қызметтері туралы нақтырақ мына сайттан білуге болады: http://www.kzm.kz Интернет дүкендер əдетте төменде көрсетілгендей жеткізудің түрлі нұсқаларын ұсынады
• Курьерлік жеткізу. • Тапсырыстарды беру орындарынан алып кету. • Пошта арқылы жеткізу («ҚазПошта», Республикалық арнайы байланыс қызметі, DHL, «Пони Экспресс» жəне көптеген басқа қызметтер). *Ескерту: интернет дүкендерден тауарлар сатып алған кезде сенім
тудыратын жəне беделі жақсы сайттарды пайдаланған жөн.