«Алтын сақа» ертегісі
Қазақтың ертегі аңыз-әңгімелерінен бастау алған мифтік шығармалардың ішінде құбылушылық сарыны бар ертегілерде бар. Мысалы, «Алтын сақа» ертегісінде «Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша алдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді.
Бұл ертегідегі «қып-қызыл өкпенің жалмауыз кемпірге» айналуы мифопоэтикалық құбылыс. Философиялық тұрғыдан қарасақ «жалмауыз кемпір» қара ниетті, жамандықтың бастауы екенін көрсетіп отыр. Келесі бір ертегі «Есекмерген». Ертегі сюжеті жауыздыққа құрылғанымен Мергеннің батырлық тұлғасы жауларын жеңеді. Мысалы, «Екеуінен аман өттім, енді несіне қорқамын»,- деп Мерген тақыр жерді іздейді. Тақыр жер де табылады. Мерген бір түнді сол жерде өткізеді. Түні бойы ештеңе келмейді. Таңертең тұрса айналасын биік тау қоршап қалыпты. Есекмерген таудан әрі де, бері де өте алмайды. Аласа жерін іздеп шығайын десе, жаңағы тау сілкініп қалады да, биіктеп кетеді. Ақыры тауға тіл бітеді.
-Сен Есекмергенсің, мен айдаһармын…». Ертегі соңында ерлікпен, қаһармандықпен аяқталады. Бұл ертегіде де айдаһардың тауға айналуы, тауға тіл біту сияқты мифопоэтикалық құбылыстың ертегілерде көптеп кездесетінің тағы бір дәлелі. Алайда, ертегінің эстетикалық деңгейі жеңіске, мұратқа жету. Яғни қазақтың ертегі-аңыздарындағы мифологизмнің бір көрінісі.
Е.М.Мелетинский ежелгі классикалық мифтердің мынадай белгілерін көрсетеді: «Қанда да болмасын заттың мәнін оның пайда болуымен байланыстыру, яғни заттың жаратылысын түсіндіру деген сөз- оның қалай пайда болғанын әңгімелеу. Айналаны қоршаған дүниені сипаттау деген сөз- сол дүниенің пайда болу тарихын баяндау» – дейді.
Қорытынды
Мифтік шығармашылықты әдебиетте қолдану сонау фольклорлық шығармалардан келе жатқан құбылыс. Өзінің сакральдік, яғни киелілік қабатынан адамзат қоғамының дамуы барысында біртіндеп ажыраған миф түрлі ертегі, хикаят, аңыз, әпсана, т.с.с ауыз әдебиеті үлгілерінің жасалуына материал болды. Бірақ бұларда мифтік сана, яғни шынайы болмысты қиялмен қабылдайтын пайым жанр поэтикасының талабына сәйкестік міндетті түрде болды. Ал адам санасына «мифтік емес» сипат тән кейінгі ғасырларда миф түсінігіне қатысты барлық категориялар «аяқ – қолын жиыстырып» автордың қаламына тән стильдік ерекшелікті һәм даралықты көрсететін көркемдік тәсіл қызметін иеленді. Мифтік шағармаларда жиі қолданылатын мотивтер оның шындығында, есте жоқ ерте замандарда пайда болғанын айғақтайды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ фольклорының тарихы», Алматы, 1993
2. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. - Алматы: “Арыс” баспасы, 2008. - 520 бет.
3. Фольклор және қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы, Арда, 2011. – 480 б.
Достарыңызбен бөлісу: |