Реферат Тақырыбы: Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі45,58 Kb.
#87661
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Баймухаммедов А.О жахандану

Жаһандану процесі
Жаһандану- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Жаһандану немесе глобализация ағылшын тілінен аударғанда Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы» деген мағынаны білдіреді.Жаһандану терминін 1983 жылы ағылшын экономисті Теодор Левитт енгізген.Жаһандану процесі етене кірігу немесе барлық күш-қуаттар мен одан сырт қалуға тырысу – мұның бәрі елдердің ішкі және сыртқы саясатына байланысты.Жаһандану процесі «елдердің арасындағы әкімшілік кедергіні төмендетіп, аймақтық қаржылық нарықтарды әлемдік деңгейде ұйымдастырып, бүкіл адамзаттың іс-әрекетін білдіретін қаржылық-ақпараттық біртұтас кеңістік қалыптастырады»,- сипаттаушы ресейлік ғалым М.Делягиннің пікіріне қосыла отырып қазақстандық ғалым, профессор Ә.Нысанбаев «десек те дәл бүгінгі күні жаһанданудың дүниежүзі мойындаған концепциясы жоқ.Бұл термин әр түрлі қоғамда, әр түрлі қауымда, әр түрлі аймақта әр түрлі ұғынылып жүр.Жаһандану процесі , біздің ойымызша, әі де теориялық тұрғыда талқылануы тиіс» - деп ой түйеді.
Бүгінгі күні әлемді аралап кеткен жаһандану құбылысының жүзден аса әртүрлі анықтамалары бар екен, оның бір-біріне ұқсас түсініктері болуымен қатар, өзара бірін-бірі жоққа шығаратындары бар екенін ескерсек, бұл процестің біртекті еместігін бірден анықтаймыз.Мәселен, француз зерттеушісі Б.Бади жаһандануды тұрақты түрдеөтетін тарихи процесс деп түсінсе, ресейлік зерттеуші К.Гаджиев жаһанданудың астарынан экономикалық және әлеуметтік құбылысты қарастырады.Ал, француз зерттеуші М.Весестің пікірі бойынша «жаһандану тек әлемнің күрделенуімен байланысты.Ол жаңа қауіптердің жүзеге асып отырғанын дәлелдеуші процесс» дейді.
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1.“Менталдық”немесе Мәдени Жаһандану дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың“ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
2.Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

    1. Үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

    2. Жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

    3. Жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

    4. Жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

    5. Барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

    6. Бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3.Аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.
4.Ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютерлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5.Этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет