Реферат тақырыбы: Жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалған үстеулер Орындаған: Амалбекова Ақжүніс Қабылдаған



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата11.10.2023
өлшемі263,53 Kb.
#184706
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жалғаулардың көнеленуі арқылы жасалған үстеулер

ғ) Үстеулерден жасалған үстеулер
1. Омар ақсақал ертеде Қостанай деген кісі болған екен дейді 
(С. Мәуленов) ІІІ том, 408 – бет ҚТТС
2. Бірнеше күн сабаққа ұдайымен бармай да қалды (Б. Майлин) 
ІХ том, 456 –бет. ҚТТС.
д) Көмекші есімдер арқылы жасалған үстеулер
1. 
Ашулы 
адамның 
сөзі 
аз 
болса, 
ыза, 
қуаты артында болғаны(Абай) І том, 349 – бет ҚТТС.
2. Байтабын батыр бастап келе жатқан қол ыстыққа шыдай 
алмай, 
осы 
құдырықтарға 
тоқтап 
су 
ішкен 
екен, шетінен ауырыпты (І. Есенберлин) Х том, 211 – бет.ҚТТС
ж) Шылаулардан жасалған үстеулер
1. Олар кейіннен қазақ тілінде шығарылған майдандық 
газеттерде қызмет етті (Р.Ыдырысов)ІV том, 567–бет ҚТТС.
2. Сұрап білсе, мынау кейінде кетіп бара жатқан ұзын көш 
Алдияр байдың ауылы екен (С. Шарипов) ІV том, 565–бет ҚТТС.
Сөйтіп, көнеленген септік жалғаулы үстеулер шылаудан да 
(септеулік шылау) жасалады екен. «Септеуліктер, басқа шылаулар 
тәрізді өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайтын, түрленбейтін категория». 


Осыған қарамастан, тілдің даму барысында пайда болған аталмыш 
үстеулер кейінгі жылдардың жемісі. 
Ал, енді кейбір үстеулердің құрамындағы көнеленген септік 
жалғауларын тарихи тұрғыдан бөліп алғанда, негізгі түбірдің 
мағынасы күңгірттенейін дегенін байқауға болады. Енді бір 
кездесетін негізгі түбірлерді белгілі бір сөз табына жатқызудың өзі 
қиындық тудырып отыр. 
Сондай –ақ әрмен, бермен үстеулері әрі, бері деген үстеулерден 
жасалған, ал -менэлементі барыс септігінен кейін қолданылатын 
таман шылауынан шыққан. Мысалы: Әрі таман, бері таман (әрмен, 
бермен). 
Сөздердің қосарланды арқылы туған үстеулердің саны да, 
түрлері де аса көп. Қосарланған сөздердің алдыңғы не соңғы 
сыңарларына, кейде екі сыңарына да белгілі бір септік жалғауының 
(барыс, жатыс, шығыс көмектес) қосылып айтылуы арқылы көптеген 
үстеулер жасалған. 
Қорыта 
келе, 
тілдер 
жүйесінде 
сөз 
таптары 
өз 
заңдылықтарымен, ерекшеліктерімен түрліше сипатқа ие. Әрбір сөз 
табы тек өзіне ғана телінген лексика–семантикалық, морфологиялық 
және синтаксистік белгілерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, әрбір 
сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар. Тілдің дамуы сөз 
таптарының 
түрлі 
тұлғалармен 
талығуының, 
лексика–
грамматикалық 
ерекшеліктерінің 
артуының 
нәтижесіне 
байланысты. Тілдегі сөз таптары мағыналарының қалыптасуы, 
жаңаруы, көнеленуі сол сөз табының ішкі жүйесімен қатар сыртқы 
факторлар яғни, өзге сөз таптарының ықпалымен де жасалып 
отырады. Тілдік жүйеде жаңа сөз табының пайда болуына бұрын 
пайда болған өзге сөз таптарының ықпалы зор екені жоғарыда 
айтылды. Осы әрбір сөз табының жаңа сөз таптарын қалыптастыруда 
алатын орны ерекше. Мысалы, үстеулердің пайда болу, 
қалыптасуына өзге сөз таптары түрлі жағдайда, түрлі қасиеттерімен 
әсер еткен. Мәселен, зерттеу жұмысымызға арқау болып отырған 
үстеулерге сөздердің септелуі арқылы ауысуы түрткі болған. Әрбір 
сөз табының үстеу жасау қабілеті алуан түрлі болады. Өйткені, сөз 
таптарының бір–біріне ұқсамайтын белгілері, өзгешеліктері бар. 
Десек те, оларды бірімен–бірін байланыстырып тұратын 
ортақтықтар да мол. Дамуы мен қалыптасуында да үзілмес байланыс 


бар. Тілде бір сөз табы ерте пайда болды, бірі келе пайда болған. 
Бірақ, олардың арасында бәрібір қатынас сақталады. Сондықтан сөз 
таптарының осындай айырым–белгілері мен ортақ қасиеттерін 
сараптай отырып, барлық сөз таптарының бірін–бірі толықтыруда, 
қалыптастыруда алатын орындары бар деген тұжырым. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
А. Ибатов. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961ж 
2.
Е. Саурықов. Адвербиалдану процесінің құрылымдық-
семантикалық сипаты. Филол.ғыл.канд.дисс. Алматы, 1998ж 
3.
Қазақ тілінің грамматикасы.І бөлім.Морфология. Алматы, 
1967. -264б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет