Реферат тақырыбы: Жапонияның экономикасы Орындаған: Қарқын Аяулым 1-Ин яз-1



бет2/2
Дата13.05.2020
өлшемі34,65 Kb.
#67978
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Қарқын Аяулым1иняз1 реферат 22.04 (2)

Өнеркәсібі.

Отын-энергетика

Жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану, энергия алудың балама көздерін игеру және энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды жетілдіру бағыиында жүзеге асырылуда.



Машина жасау

Мұнда жаппай экспортқа бағдарланған кеме және автомобиль жасау тәрізді байырғы салалармен қатар ең жаңа, ғылымға негізделген салалалар дамуда.



Қара металлургия

Шеттен әкелінетін шикізатқа негізделген. Сондықтан кәсіпорындары Тынық мұхит жағалауында шоғырланған.



Өңдеуші өнеркәсіп

Шартты түрде екі топқа: материалды көп қажет ететін және ғылымға негізделген өндіріске бөлуге болады.



  • Ауыл шарушылығы.

Құс етімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады. Хоккайдо аралында сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал жайылымдарда бағылады. Балық пен теңіз өнімдері жапонлардың күнделікті пайдаланатын тағамдарының қатарына жатады.

Жапония Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы – цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар. Бүгінде Жапонияда 200 жанартау анықталған. Ондағы 40 жанартау жиі-жиі буырқанып тұратындықтан, мамандардың тілінде «ояу» отты таулар деп аталады. Халқының саны – 127,33 млн. Астанасы – Токио. Ресми тілі –жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13,4 миллион, Сикокуда 4,2 миллион және Хоккайдода 5,7 миллион адам тұрады. Әлемнің көптеген мемлекеті сияқты күн шығыс елінде де жаппай урбанизация жүруде. 1950 жылдары ауылдық жерлердегі тұрғындар саны 20,7 миллион адамды құраса, 1996 жылы бұл көрсеткіш небәрі 2,1 миллионға жеткен. Жапония 1995 жылы қала халқының саны жөнінен дүниежүзі бойынша ал-тыншы орынды иеленді. Жапондықтардың 97 миллионы үлкен қалаларда тұрады. Мемлекеттің негізін жергілікті ұлт – жапондар құрайды. Олардың арасында жергілікті халыққа сіңісіп, қан-жынына дейін араласып, тілдес, діндес болып кеткен 600 мың кәріс ұлты бар. Елдің ресми тілі жапон тілі болғанымен, ішінара солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және орталық диалектілеріне бөлінеді. Сондай-ақ, жергілікті говорлар да жиі қолданылады. Жапония дәстүрге берік ел.ұлттық дәстүр мұнда касиетті де қастерлі. Оның алдында жеке адамның мүддесі құрбан етіледі. Бұл жерде жапондықтар ойланып та жатпайды, солай болуға тиіс. Ел мүддесіне қажеттілік үшін олар өмір бойы дайындалады. Үрпғын ұлттық рухта тәрбиелейді. Өндірісті дамыту үшін техниканы меңгереді, әділдік үшін күреске шығады. Бәрі де ұлт муддесіне, Жапония дейтін елдің даму мүддесіне бағындырылады. Жапония — демократиялық сипаттағы ел. Бұл оның әлем мойындаған сипаты. Ешкім де бұл елде демократиялық еркіндік аяқ асты болды дегенді естімейді. Аткарушы билік жолындағы күрес бұл елде айрықша белсенді өтеді. Партиялар бір-бірінен өздерінің артықшылықтарын көрсету ушін белсенді насихат жүргізеді. Демократия мен монархия бір ауылға қонбайтын ұғым сияқты. Ал бұл елде ол үйлесіп жатады. Жапония – мемлекеттік құрылымы монархия саналатын ел. Император — бұл елде ең жоғарғы лауазым, барша халықтың басын біріктіретін алтын қазық. Партиялар, саяси күштер, жеке адамдар үкіметке қарсы сын айтар, талаптар қояр, ал олардың барлығы да елдің бірлігінің сипатын білдіретін императорға құрмет көрсетеді. Ең жоғарғы лауазым иесіне құрмет — бұл да ел дәстүрі. Монархиялық жүйе Жапонияда 1889 жылы қабылданған конституцияда негізделді. Содан кейін аралда орналасқан бұрынғы орта дәрежелі ел империяға айналды. Өткен ғасырдың басында ол Ресейдей державаны жеңді, Әсіресе 1921 жылы билік басына Хирохито келгеннен кейін қарқынды қадаммен алға басу басталды. Рас, екінші дүниежүзілік соғыста бұл ел жаза басып, жеңіліске ұшырады. Бірақ одан кейін бейбіт бағыт ұстанып, оны өз конституциясында бекіткен соң Жапония экономикасы, жаңа технология жөнінен ірі державаға айналды. Үкіметтер ауысып жатады, ал император билік тізгінін босатпайды, Бүгінгі император Акихито осыдан 15 жылдай бұрын таққа отырған. Содан бері де ел тыныш, үнемі өрлеу үстінде. Жапонияның негізгі заңы – Конституция 1947 жылдың 3 мамырында қабылданған. Ол елдегі басқа да заңнамалық құжаттардың бастауы болып табылады және елдің дамуы мен халықтың қорғалуына кепілдік береді. Сондай-ақ, ежелгі дәстүр бойынша елде монархиялық билік сақталған. Мұраға берілетін императорлық тақ жоғарғы ақсүйек әулетінің заңды меншігі болып табылады. Бұған қоса заң шығарушы билік пен атқарушы билік тағы бар/2/. Парламент екі сатыдан тұрады: төменгі – өкілдер палатасы, жоғарғы – кеңесшілер палатасы. Өкілдердің саны 500 адам және олардың үш жүзі бір мандатты округтерден сайланса, қалғаны саяси партиялар мен басқа да құрылымдардың үлесінде. Төменгі палатаның депутаттары төрт жылға сайланады. Ал алты жылға сайланатын кеңесшілер палата-сының құрамы 252 орындық. Елдің ішкі тыныс-тіршілігі мен сыртқы саясатына премьер-министр жауапты. Сот билігі тәуелсіз. Жоғарғы сотты министрлер кабинетінің ұсынуы бойынша император тағай-ындайды. Конститутция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады. Заң шығарушылық билікті парламент жүзеге асырады (оның құрамы 152 депутаты бар палата өкілдері мен 252 депутаты бар кеңесшілер палатасынан тұрады). Депуттар 4-6 жыл аралығында қызмет етеді. Ал атқарушы билік министрлер кабинетінің құзырында. Ұлттық валютасы – иен. Негізінен жеңіл көлік, көлік жабдықтары, электорника, металл, металл бұйымдар және химиялық өнімдерді экспорттайды. Импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жартылай шикізаттар, жанармай және азық-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4 пайызға тең болды. Осы жылдары жұмыссыздар 1,56 млн. адам болған. Ал сыртқы сауда көрінісі , экспорт 146 млрд. доллардан асып, импорт 126 млрд. долларды құраған. Ауыл шаруашылығында шағын шаруа қожалығы жақсы дамыған. Басты ауыл шаруашылық өнім – күріш. Сонымен қатар, жеміс-жидек, көкөніс өсіріп, балық аулаумен айналысады. Шағын ғана аралдарда орналасқан мемлекеттің жер қойнауындағы табиғи байлықтары аз болғанымен, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдер құрамында. Жапондықтар шексіз ізденіс, үнемшілдік және маңдайтердің арқасында осындай таңданарлық жетістікке қол жеткізіп отыр. Бұл елде адамның білімі, ой-өрісі, еңбек сүйгіштігі және тәжірибесі ерекше бағаланады. Диплом жұмысымның тақырыбын «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония экономикасының «ғажайып дамуы» деп алу себебім, ел экономикасының өркендеуіне себеп болған басты фокторларды анықтау болмақ. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр тарау екі тараушаға бөлінген. I-тарау «Жапония еліндегі саяси-экономикалық реформалар» деп аталса, оның құрамындағы екі тараушаға «II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалдық держеваға айналуы» және «Экономикалық реформалардың жүзеге асуы» деген тақырыптар қойылды. Алғашқысында аты айтып тұрғандай Жапония экономикасының II дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дамуы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың түзелуі қамтылса, екінші тараушаға дағдарысқа ұшыраған халықты тығырықтан алып шығуға негіз болған экономикалық реформалар арқау болмақ. II- тарауда Күншығыс елінің сыртқы саясаттағы салмағы, өзге елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасы, Қазақстан экономикасының өрлеуіне қосқан үлесі сараланбақшы. Тараушалар «Қазіргі Жапония экономикасы» және «Жапония мен Орталық Азия арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынас» деп аталады.
I-тарау. Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезеңдегі сипаты
1.1. Жапония экономикасының қалыптасу
Соғыс аяқталғаннан кейін Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 пайызынанайырылуы ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 пайызынан айрылды. Ал Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан жермен жексен болды. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді.Инфляция 50 пайызға дейін жетті.Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды/3/.1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14 пайызын құрады. 1945 -1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13 пайызын құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді. 1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конститутция даярлап шығарды. Осылайша, Жапония экономикасының дамуы 3 кезеңге бөлінді:
1 кезең: 1945-1960 жылдары Жапон экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдылығы. 1950 жылдардан бастап Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2 пайызды құраған. 1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтеріліп, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекет шығысы қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырды. Банк жүйесі секілді саясаттың басым бағыттарын мемлекет бақылап отырды. Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 50 жылдардың орта шеніннен бастап Жапония экономикасы қарқынды дами бастады. «Жапондық ғажап» осы кезеңнен бастау алды.
2-кезең: Жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды. 1951-1970 жылдар аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2 пайызды құраған. Ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төменгідей болатын, мысалы: Германия мен Италияда-7,4 пайыз, Францияда – 6,2 пайыз, АҚШ-та -4 пайыз, Англияда-3 пайыз. 1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі жағынан Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды. Ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты. Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар:
– энергоматериалдарды азайту арқылы өндірістің белсенділігін арттыру;
– электорника және технология салаларын толықтай игеру;
– экономиканы реттеуші мемлекет рөлінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтауы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
– сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемде инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-ші кезең: Экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастырының дамуына төменгі факторлар әсер етті:
– Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
– Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекет тарапынан реттеу;
– Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
– Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
– Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;
– Ұлттық кірісті мемелекет саясатымен қайта қарау;
Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін басып алды.
Жапония экономикасы 50-ші жылдары-ақ ғажап түрде дами бастады. Оның негізгі мәні мынада:
– Шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
– Негізгі капиталды жаппай жаңарту;
– аграрлық реформа есебінен ішкі нарықты ұлғайту;
– шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар, Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап көрсетуде:
– жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ, Жапонияда 9 жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
– әкімшілік пен жеке тұлға арасында үйлесілімділік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
– капитал жинаудың жолы;
– жеке ғылыми- техникалық базаны дамытуға ұмтылыс/4/.
Соңғы кездері бұл фактор мыналармен толықтырылды:
– шикізат ресурстарының тапшылығы, Жапония шет елден қажетті ресурстардың 99 пайызын алады. Оның 100 пайызы – боксит, мата, табиғи каучук, 99,7 пайызы мұнай, 99,5 пайызы темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым жаңартып отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді;

– Жапонияда Конститутция негізінде соғысқа қарсы 3 қағыда қалыптасқан. Олар: ядролық қару-жарақты қолданбау, өндірмеу, енгізбеу. Нәтижесінде әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын ғана құрайды.


Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды иеленді.
Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар:
– өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
– еңбек өнімділігінің өсімі;
– еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
– жан басына шаққандағы табыс көлемінің өте жоғарылығы.Қазіргі экономика дамуының негізгі заңдылықтары мелекеттің экономикалық өмірге тікелей араласуын біртіндеп қысқартты. Жапония өзінің экономикасына ымырашылдықпен қарауға 60-шы жылдары кірісіп, бүгінгі күнге дейін жалғастыруда. Сол кезеңнен бастап капиталдар іске қосылып, инвестиция тартылды және кәсіпорындар жапай жекешелендіріле бастады. Жапония үкіметі қаржыны тұрақтандыру саясатын жүргізіуде бір сәттік тұрақтандыру идеясына қарсы болды. Бұл идея өндірістің құлдарауына әкеліп соғатынын ескеріп, «аралық тұрақтылық» концепциясына жүгінді. Аталған концепция инфляцияны біртіндеп ауыздықтау арқылы ақша эмиссиясының қарқынын қолдап, өнеркәсіп жұмыстарының нәтижелі болуына жағдай жасады/5/. Негізгі мәнінің өзі мынаған саяды: мемлекеттің қолдауынсыз (қаржылай, сақтандыру, ұйымдастыру-әкімшілік) өндірістің құлдырауын, өнеркәсіпті қалпына келтіру мүмкін емес. Инфляциялық экономика өндірісті тұрақтандыру қабілетіне ие, бірақ белгілі бір мөлшерде ғана. Инфляцця — шаруашылық белсенділікті қолдап, қалпына келгенше қолданылады да, инфляцияның әлсіреген кезінде өркендейді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруымызға болады: ақшалай несие беру саясатын жүргізгенде: инфляцияны түгелдей жоюды мақсат етпей, тек шектеп, яғни оның өсуіне жол бермеу қажет. Бір жағынан, инфляцияны шектеу мақсатында тек макро-экономикалық ғана емес (қаржылай несие-ақша, фискальдық), сондай-ақ микро-экономика саясатын белсенді қолдап, өндірісті тұрақтандыру ұсынысын өсіріп, инфляцияның құрылымдық жүйесін әлсірету қажет. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін қаржылай тұрақтандыру есепке алынбаған. Инфляция деңгейін төмендетуге тек «монетарлық» әдіспен қол жеткізді. Ал микро-экономика саясаты жөнінде кейінгі кездері ғана айтылды. Жапондардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дағдарыс жағдайында (қалыпты жағдайда да) мемлекет барлық өндіріс саласын бір мезгілде қолдай алмайды. Сондықтан инфляцияға ұрынбау мүмкін емес. Мемлекет қолдау көрсету үшін сұрыптау арқылы өндірістің барлық сферасында тиімділік қалыптастыратын, құрылымдық өзгерістерді міндетіне алатын – дамуғабет бұрған салаларды таңдауы қажет/6/. Жапон үкіметі сұрыптау кезеңінде өнеркәсіп салаларын топтастырып, деңгейіне қарай төрт бөлікке бөліп, орташа деңгейге -көмір өңдіру, қара металлургия, ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіру, электр қуаты, ал жоғары деңгейге – темір рудасын өңдеу, мұнай өндеу, асбест пен бояғыштар өндірісі, теңіз ……

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет