Реферат тақырыбы: «Жастарға бастапқы әскери даярлық сабағында әскери қызметшілердің мәртебесін насихаттау жұмысының маңыздылығы»



Дата11.01.2022
өлшемі30 Kb.
#111025
түріРеферат
Байланысты:
Zhastar 1171 a bastap 1179 y 1241 skeri dayarly 1179 saba 1171 ynda 1241 skeri 1179 yzmetshilerdi 1187 m 1241 rtebesin nasikhattau zh 1201 mysyny 1187 ma 1187 yzdyly 1171 y


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті


Дене мәдениеті және спорт факультеті
Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс кафедрасы
«Бастапқы әскери дайындық негіздері» пәні бойынша

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жастарға бастапқы әскери даярлық сабағында әскери қызметшілердің мәртебесін насихаттау жұмысының маңыздылығы»

6В01402 - Бастапқы әскери және дене дайындық мамандығы

Орындаған: 18.04.2021ж.

(күні, айы, жылы, қолы)

БӘжДД-11 тобының студенті, Айтжанов А.С

Қабылдаған:19.04.2021ж

(күні, айы, жылы, қолы)


п.ғ.м., аға оқытушы Ж.М. Ермембетов

Қарағанды, 2021

Жоспары

1 Кіріспе…………………………………………………………………….3

2 Негізгі бөлім…………………………………………………..………….4

2.1 Әскери қызметшілердің мәртебесі……………………………………4

2.2 Жастарға бастапқы әскери даярлық сабағында әскери қызметшілердің
мәртебесін насихаттау жұмысының маңыздылығы……………………..9

3 Рефераттың құрылымы………………………………………………...12

4 Қорытынды ...............................................................................................15

5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................16


1 Кіріспе

2017 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда Еңбек кодексіне Қазақстан Республикасының 19 заңынан өзгертулер енгізілуде.

Аталған Заң әскери қызметке және арнайы мемлекеттік органдар қызметіне кіру, өткеру және босатылу кезінде, оның ішінде, ҚР мен шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқыта отырып, көзқарасты біріздендіру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің құрамына аумақтық қорғаныс құралымдарын енгізе отырып, еліміздің қорғанысының ортақ жүйесіне аумақтық қорғанысты кіріктіру жөнінде тұжырымдамалық міндеттерді шешуге бағытталған.

Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.

Әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып тастаулар мен шектеулер, ерекше міндеттері мен жауаптылығы осы Заңда белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.

Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:

әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;

келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;

техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;

негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады. Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес.

2 Негізгі бөлім


2.2 Жастарға бастапқы әскери даярлық сабағында әскери қызметшілердің мәртебесін насихаттау жұмысының маңыздылығы

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін оқыту арқылы жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындау, әскери антқа адал болу, өз халқына жанқиярлықпен қызмет ету, өз елін қасық қаны қалғанша қорғау, өз Отанының патриоты болу, адал, тәртіпті болу, кәсіп білікті ұдайы меңгеру, өз жолдасын бағалау, киімді ұқыпты кию деген секілді көптеген жақсы қасиеттер түсіндіріліп, оларды бойларында қалыптастырады. Әскери қызметтің қиындықтарын табанды өткеруге алғашқы әскери дайындық сабақтарының тақырыптарынан басқа әскери патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше деген болсақ қателеспеген болар едім. Әскери істі жіті меңгеруге дайын болу үшін сабақтан тыс Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, әскери-спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар, әскер тақырыбындағы ерлік сабақтар, қалалық, облыстық слеттерге қатысу, мұражайларға, ескерткіштерге, мәңгілік алау аллеясына бару, әскери әндер сайыстарын өткізу секілді іс-шаралар өте маңызды рөл атқарады. Патриоттық сезімді жастарға мәнді және мағыналы сусындату үшін алғашқы әскери дайындық пәні жетекшісінің білім, тәжірибесі мол

және жоғары болуы тиіс. Ізденіс үстіндегі әскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дәлірек айтсақ алғашкы әскери дайындық сабағында алған теория және практикасы толық және мәнді болса әскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді. Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу - орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады.

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін, әскери қызметшілердің мәртебесін насихаттау жұмысын анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.

Қарулы Күштердің қатарында әскери қызметшілердің құрамын білімді және спортпен шыңдалған, жүрегінде от жалындаған азаматтармен толтыру үшін мектеп жастарына әскери жетекшінің әскери патриоттық тәрбиені түсіндіруінің (әскери тақырыпта әңгімелер қозғау, әскери кездесулер өткізу және т.б.) және әскери патриоттық тәрбиеге қатысты ісшаралар ұйымдастыруының (әскери спорт жарыстары, әскери ойындар және т.б.) пайдасы көп. Егеменді ел тірегі - Қарулы Күштер болса, сол Қарулы Күштерде әскери қызметті атқаратын - жастар. Ал жастарды мектеп табалдырығынан бастап жеке куәлігін алғанша даярлайтын және шыңдайтын алғашқы әскери дайындық пәні болып табылады. Жастардың жақсы азамат болуына осы пәннің көптеген пайдасы бар екендігін айта кету керек.

Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында әскери қызметшілердің мәртебесін, барлық міндеттерін оқытуға аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын арттырады.

Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне үлкен талап

қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткілісіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.

Сондықтан да жастарға бастапқы әскери даярлық сабағында әскери қызметшілердің мәртебесін насихаттау жұмысының маңыздылығын білу өте маңызды.

3 Реферат құрылымы


Рефераттың құрылымдық элементтері:

- сыртқы парақ;

- кіріспе (2 бет);

- негізгі бөлім (2 бет);

- қорытынды (1 бет);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (1 бет)


Қорытынды


Еліміздің ең негізгі тірегі, қорғаны – Қарулы Күштер болса, сол Қарулы Күштерде әскери қызметті атқаратын – жастар. Ал жастарды мектеп табалдырығынан бастап жеке куәлігін алғанша даярлайтын және шыңдайтын алғашқы әскери дайындық пәні болып табылады. Жастардың жақсы азамат болуына осы пәннің көптеген пайдасы бар екендігін айта кету керек. Бұл тұста жастардың осы қызмет негізінде, әскери қызметтің бар міндеттемелерін, әскери қызметшілердің мәртебесін, ҚР Қарулы Күштерінің маңыздылығын, сипатын, мақсатын т.б. біліп, жан-жақты болуы тиіс. Мұның өзі жастарды патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам және оған шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Сол себептен де, жастарға ерте бастан даярлық сабақтарында бұл айтылған міндемелерді оқыту өте орынды, әрі үлкен маңызды рөл атқарады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Алғашқы әскери дайындық (Республикалық әскери-патриоттық педагогикалықәдістемелік журнал.) №4. 2010ж 3-б (Алғашқы әскер дайындық және дене тәрбиесі сабақтарында патриотизмге тәрбиелеу).

2. Қазақстан мектебі (журнал) №4.2010ж. 4-б. (патриоттық тәрбие берудің басым бағыттары).

3. Алғашқы әскери дайындық (Республикалық әскери-патриоттық педагогикалықәдістемелік журнал.) №4. 2010ж 3-б (Алғашқы әскер дайындық және дене тәрбиесі сабақтарында патриотизмге тәрбиелеу).

4. Қоғам және Дәуір (ғылыми-сараптамалық журнал). ) №4. 2009ж. 59-б.(мемлекет болашағы-бүгінгі жастар саясатына тәуелді.)



5. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет